Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет45/80
Дата16.02.2022
өлшемі290,73 Kb.
#131958
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Байланысты:
морфология дәрістер

Етістіктің болымды – болымсыздық категориясы
Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық тұлғаларында қимылдың , іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сонымен бірге қимылдың, іс-әрекеттің болуы өмірде болатын құбылыс. Қимыл, іс-әрекеттің іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Сөйтіп, етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етістік) тұлғаларына - ма, -ме,-ба,-бе,-па,-пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады, тек етістіктің болымсыз түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық категориясын жасайды.
Болымсыздық категория етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады.
Күшейтпелі етістік
Күшейтпелі етістік етістік түбіріне -ыңқыра,-іңкіре жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы : алыңқыра, жүріңкіре, жуыныңқыра.
Күшейтпелі етістік өзіне ұйытқы болған етістіктердің лексикалық мағынасы өзгермейді, тек соларға күшейту, дамыту түрінде грамматикалық мағына үстейді.
Мысалы : Нұрғали Ділдәні көріп, біраз кідіріңкіреп қалды.
Күшейтпелі етістік формасы жағынан туынды түбір етістіктер сияқты болғанмен, өзінің грамматикалық қасиеті жағынан олардан басқа. Өйткені күшейтпелі етістік, біріншіден, өзіне ұйытқы болған етістікке тек грамматикалық мағына үстейді, 2-ден, бұл барлық түбір етістіктерге жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды да, сол түбір етістіктермен жарыса, қатар өмір сүреді. Ал туынды түбір етістіктерде мұндай қасиет жоқ.
Амалдың өту сипаты категориясы
Әдетте, амал-әрекет ешқашан біркелкі орындалмайды. Қимыл-әрекеттің шапшаң не баяу, шұғыл не созылыңқы,тыңғылықты не босаң, біркелкі не немесе үздік-создық түрлері де кездеседі. Сондықтан тіліміздегі етістіктер өз-өзінен тұрып мұндай мән-мағынаны бере алмайды. Ондай әрекет-қозғалысты етістіктің грамматикалық формалары ғана аңғарта алады. Негізінен бұған аналитикалық формалар ғана қызмет етеді. Себебі аналитикалық формалардың бойында амалдың жүзеге асуын сипаттайтын грамматикалық мағыналар болады. Мысалы: айта бастады, айта жөнелді, айта салды, айта қойды, айта тұр, айта бер дегенде түрлі форманттар жалғанып, айту қимылының сан түрлі өту сипатын байқатып тұр.
Етіс категориясы
Етіс – етістіктің ерекше категориясы. Әдетте етіс қимыл , іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады.
Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш пікірді А.Байтұрсыновтың « Тіл – құрал» оқулығынан кездестіреміз. А.Байтұрсынов етіске ереже бермей, бірден етістің он түрін көрсетеді : сабақты етіс, салт етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, өздік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс( А.Б.Тіл тағылымы .А.1992.231).
Ы.Мамановтың пікірінше:«Етіс категориясы – түбір етістіктен туатын грамматикалық форма. Яғни етіс формалары - өзі жасалған түбір етістікпен коррелятивті түрде өмір сүретін және екеуінің лексикалық мағынасы бір болып келетін етістіктер» (М.Ы.ҚҚТ.36).
Етіс тұлғаларының тағы бір ерекшелігі ол етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанып, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді:
1) сырттай бұйрық райдың 2 жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келеді,
2) тікелей жіктелмейді, тек рай, шақ (көсемше, есімше) тұлғаларын үстеп барып жіктеледі және сол тұлғалар (рай, шақ( жалғануға негіз болады,
3) Сөйлемде тек етіс тұлғасында етістік қолданылмайды.
Етіс қосымшалары сөзжасам қосымшалары емес, жоғарыда көрсетілген сипаттары негізінде етістіктің лексика грамматикалық категориясы болып табылады.
Етістің түрлері жайында да талас пікірлер аз емес. Мектеп оқулықтары мен арнаулы курстарда негізінен төрт түрге бөлініп баяндалған бұл категория біраз зерттеулерде беске бөлінеді.
1967 жылғы Академиялық грамматикада: «Мағыналық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметіне және тұлғалық ерекшеліктеріне негізделіп, қазақ тіліндегі етістіктерді де: негізгі етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс деп беске бөлуге болады. Соның төртеуі әрқайсысы өзіне тән аффикстермен түрленеді, ал біреуі негізгі етіс өзінің ондай аффиксі болмағандықтан тұлғасынан ерекшеленеді. Сондықтан да етіс аффикстерімен әлі тұлғаланбаған негізгі және туынды түбір етістіктерді тұтас алып, өз алдына жеке бөліп негізгі етіс деп атаймыз. Бұл жағдайда субъекті мен объектінің іс-әрекетке деген қарым-қатынасы етістіктің бастапқы семантикалық мәніне қарай анықталады » деп көрсетіледі (ҚТГ.169).
Бұл пікірді А.Ысқақов та айтады : « Етістер жұрнақтарының түрлеріне , мағыналары мен қызметтеріне қарай 1)негізгі, 2) ортақ етіс, 3) өзгелік етіс,4)ырықсыз етіс,5) өздік етіс болып бөлінеді. Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де күрделі етістіктердің де негіздері жатады.
Негізгі етіс деп өзге етіс формаларына таяныш негіз болатын, солардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстыра айқындайтын формасы» (А.Ы.ҚҚТ283).
Осыдан байқағанымыз: негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғыммен не семантикалық жағынан, не формалық жағынан еш айырмасы жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, грамматикалық я лексика-грамматикалық категория негіз болатын тұлға яғни негізгі етіс, дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді. Сол категорияның берілуіне негізгі түбір, туынды түбір негіз болады. Сол себепті де Ы.Маманов етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс деген түрлерін ғана көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет