Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет61/80
Дата16.02.2022
өлшемі290,73 Kb.
#131958
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
Байланысты:
морфология дәрістер

Есімшенің жіктелуі
1.Мен келгенмін, айтармын, айтпақпын
Біз келгенбіз, айтармыз, айтпақпыз
2. Сен келгенсің, айтарсың, айтпақсың
Сендер келгенсіңдер, айтарсыңдар, айтпақсыңдар
Сіз келгенсіз, айтарсыз, айтпақсыз
Сіздер келгенсіздер, айтарсыздар, айтпақсыздар
3. Ол келген, айтар, айтпақ
Олар келген, айтар, айтпақ.
Көсемше
Көсемше атауын қазақ тіл білміне А.Байтұрсынов енгізген : « Көсемше дейміз – екі етістік қосарынан сөйлегенде, алдында айтылатын етістіктің қысқа түрін. Мәселен, жаза бер, қарап тұр, жүріп келді дегенде алдыңғы сөздер көсемше етістік болады. Көсемше үш түрлі: а) үнемді; ә) үнемсіз; б)ниетті.Үнемді көсемше – созымды істі көрсету үшін айтылады. Мәселен, айта бердім, айта бердің. Үнемсіз көсемше – созымсыз, бірден бітетін істі көрсету үшін айтылады.Мәселен, айтып бердің, айтып бердім. Ниетті көсемше –
істеуге ниеттеніп тұрғанды көрсететін сөз түрі. Мәселен, барғалы тұрмын, барғалы тұрсын».
Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайрылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады. Көріп кетті, біле келді, барып қайтты.
Қазіргі қазақ тіліндегі көсемшелердің бұдан өзге де сан алуан қызметтері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын- тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады. Есімдердің түрлену жүйесіне түспейтін (көптелу, тәуелдену, септелу) көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлғаларынан негізгі айырмасы да осы қызметтен көрінеді. Олар сөйлемде көбінесе пысықтауыштық қызмет атқаратын үстеулерге грамматикалық сипаты жағынан өте жақын. Алайда көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге қарағанда әлдеқайта кең. Мәселен, олар күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамдап айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дәнекерсіз байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұрады.
Көсемшелер етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, күрделі негіздерге тікелей де, қажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану арқылы жасалады. Көсемшелер бұрынғы өткен шақ (барыпты), ауыспалы осы шақ (барады).
Көсемшелердің бұлардан басқа түрлері жіктелмейді. Осы қызметіне қарап оларды қазақ тіл білімінде жіктелетін (-а,-п) және жіктелмейтін (– ғалы, -ғанша, -мастан,-ысымен,-майынша) көсемшелер деп бөлу қалыптасқан.
Көсемшелердің жалпы грамматикалық қызметі етістік айналасына байлаулы, ал мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады да өзі тек етістік негіздермен және олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен көсемшелер етістіктің ерекше бір түрі болып саналады. А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастап Н.Сауранбаевтың еңбектеріне дейін (елуінші жылдар) көсемше жұрнақтары ретінде -а, -е,- й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі қосымшалары аталған. Кейінгі зерттеушілер көсемшенің жұрнақтары ретінде -ғанша, -мастан, -ысымен, -майынша жұрнақтарын қосады. Соңғы көсемше тұлғаларының қолданылу аясы тар (пысықтауыш, күрделі сөйлем, құрмалас сөйлем). А.Ысқақов көсемшелерді өткен шақ (-ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -ғанша), осы шақ (-а, -е,- й), келер шақ (-а, -е,- й,-ғалы, -гелі, -ғанша) деп бөледі. Н.Сауранбаев көсемшелерді тиянақты(-ып, -іп, -п), ауыспалы (-а, -е,- й), мақсатты ( -ғалы, -гелі)деп бөлген.

Бақылау сұрақтары:


1.Рай категориясы, оның түрлері.
2.Шақ категориясы және шақ түрлері.
3.Етістіктің жақ категориясы және жіктелуі.
4.Функциялық етістіктер, олардың түрлері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:


1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы. 1991.
2. Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы. 1966.
3. Қазақ тілі грамматикасы. – Алматы. 1967.
4. С.Өшербеков. Қалау рай және оның кейбір түрлері жөнінде.// Қазақ ССР ҒА-ның Хабарлары, филология және өнертану сериясы. 1960 жыл №1 \14\ шығуы. 5. Н. Оралбаева «Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формасы». «Қазақстан мектебі». 1971. №4. 89 – 92 бет.
6. Т.Қордабаев.Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы.Алматы.1953.
7. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы.- А.1958.
8. Сауранбаев.Н. Деепричастие в современном казахском языке. - Алма – ата.1940.
9. Жұмағұлова Ө. Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы. – Көкшетау. 2002.
10. ОмароваА. Профессор Қ.Қ.Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми еңбегі, оның ғылымның кейінгі дамуына ықпалы. - Алматы.1999.
11. Сыздыкова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. –Алматы, 2012
12. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
13. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы . – Алматы. 2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет