Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет58/80
Дата16.02.2022
өлшемі290,73 Kb.
#131958
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Байланысты:
морфология дәрістер

4. Мақсат мәнді келер шақ есімше
Есімшенің бұл түрі етістікке –мақ/-мек/-бақ/-бек/-пақ/-пек жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бірақ –мақ/мек/ жұрнағы жалғанған сөздің барлығынан мақсат мәнді келер шақ есімше жасала бермейді.
Мысалы: Кел демек бар, кет демек жоқ – дегенде мақсат мәні жоқ, қимыл есімін жасап тұр. Есімшенің бұл түрі барлық түрінен де өзгеше. Осы жағынан келіп не көптік, не септік, не тәуелдік жалғауын қабылдамайды. Тек жіктеліп, баяндауыш қызметін атқарады. Бұл ерекшелігі – бұл форманың есімшеге қатысын жоққа шығаратын тәрізді. –мақ формалы есімшеге қолданыс барысында –шы, -ші қосымшасы қосылып та айтылады. Бірақ бұл қосымша морфема емес, өйткені есімшеге жалғанғанмен не лексикалық, не грамматикалық мағына үстемейді. Сондықтан да-мақ формалы есімше мен – мақшы формалы есімше бір мағынада жарыса қолданыла береді.
Мысалы: Мен бармақпын. Мен бармақшымын.
Сондықтан –мақ жұрнағына қосылып тұрған –шы, -ны тұлғасын (субморф) деп таныған жөн. –шы, -ші тұлғасының мағынасы болмағанымен атқаратын қызметі бар. Ол қызмет –мақ формалы етістіктердің ішінде тек мақсат мәнді есімшеге жалғанып, оны ерекшелеп тұрады.
Мысалы: «Айналайын әкемдей болмақ қайда жар-жарау» - дегендегі болмақ сөзіне –шы тұлғасын жалғап айтуға болмайды. Демек, -шы тұлғасының қызметі мақсат мәнді келер шақ есімшені қимыл есімінен айрықшалап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет