Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»


Дәріс Морфологиядағы модаль сөздер мәселесі. Модаль сөздер



бет79/80
Дата16.02.2022
өлшемі290,73 Kb.
#131958
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
морфология дәрістер

Дәріс
Морфологиядағы модаль сөздер мәселесі. Модаль сөздер.
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Морфологиядағы модаль сөздер мәселесі. Модаль сөздер.
Дәріс жоспары:

  1. Модаль сөздердің табиғаты.

  2. Модаль сөздердің қалыптасуы мен қолданысы.

Дәріс мақсаты: Студенттерге модаль сөздер жайлы теориялық мәлімет беру.
Модаль сөздер – тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстармен тығыз байланысты тілдің барлығында бар, тілдегі бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын бүлдіреді.Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сөйлемнің құрамына енгенін, оның анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжалдығын білдіреді.
Модаль термині – латын тілінен алынған «шама, тәсіл, көрініс»деген сөзінен алынған, модалдылық деген мағынада. Аристотель пікірлерді модальдігіне қарай бөлген.
Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінетін тілдің ең негізгі өзек категориясы. Айналадағы әр алуан болмыс түрлері, іс-әрекет әдетте жалаң хабар түрінде ғана айтылмайды. Онда сөйлеушінің сол хабар туралы көзқарасы қоса беріледі.
Модаль сөздер, модальділік категориясы туралы пікір айтқан ғалым ретінде В.В.Виноградов танылады. Тіл білімінде модальділік категория сыртқы синтаксистік модальділікке жататын объективті, субъективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Объективтік модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық-бейреалдылық көзқарасын, ал субъективтік модальділік мағына сөйлеушінің баяндауына сенімділік, сенімсіздік тұрғыдағы көзқарасын білдіретін болса, ішкі синтаксистік модальділік мағығынада іс-әрекетке сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті, міндеті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі.
Модальдік категория – негізінен субъектінің объектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б.осы сияқты әр түрлі қатынастарды білдіретін категория.
Модаль сөздер көмекші сөздер тобына кіреді.
Модаль сөздердің саны тілде аса көп болмаса да атқаратын қызметі зор, әрі маңызды. Модаль сөздер айтылатын пікірдің бағытына , ыңғайына қарай қолданылады да, сөйлемнің экспрессивтілігін күшейтеді.
Қазақ тіліндегі модальділік мағынаның модаль сөздер арқылы берілуіне қатысты тақырыпта Е.Жанпейісов кандидаттық диссертация қорғаған.
Лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеуші адамның айтылған хабар жөніндегі пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздер қатарына жатқызылуына, біріншіден, оның семантикалық белгісі – грамматикалану сипаты, екіншіден, олардың түрлену жүйесінің болмауы, үшіншіден, синтаксистік сипаты жағынан айтушының ойға деген өзжіндік көзқарасын білдіре алуы негізге алынған. Қазақ тіліндегі модаль сөздер қатарына Е.Жанпейісов мына сөздерді жатқызады:
Сияқты, сықылды, секілді, сиқатты, әлпетті,сыңайлы, тәрізді, іспетті, мүмкін, ықтимал, шек, шамасы, нәтә, зады, асылы, қисыны, сыңайы, зайыры, шынында, асылында, керек, қажет, шығар, болар, көрінеді, білем, дейді, сыңайы бар, түрі бар(жоқ), баруы керек(тиіс, қажет).
Модаль сөздер семантикалық сипаты жағынан болжал мәнді модаль сөздер, міндеттілік мағына білдіретін модаль сөздер, біреудің сөзі не бір дерек негізінде айтылатын модаль сөздер, қостау (растау) мағынасында қолданатын модаль сөздер және күмән ұғымын білдіретін модаль сөздер деп бөлінеді.
Болжал мәнді модаль сөздерге сияқты, сыңайлы, сынды, әлпетті, мүмкін, шамасы, қисыны, шығар білем, болар, білем, - са керек,-у мүмкін жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет