Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»


Т ә у е л д і к ж а л ғ а у (Тәуелдік категориясы)



бет21/80
Дата16.02.2022
өлшемі290,73 Kb.
#131958
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Байланысты:
морфология дәрістер

Т ә у е л д і к ж а л ғ а у (Тәуелдік категориясы)
Әдетте, иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдеу категориясы деп аталады.
Қазақ тілінде тәуелдеу категориясы үш түрлі тәсіл арқылы жасалады: біріншісі – морфологиялық (я синтетикалық) тәсіл, екіншісі – синтаксистік (аналитикалық), үшіншісі – аралас (демек, морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсілдің тоқайласқан түрі) тәсіл.
Синтаксистік тәсіл біз, сіз есімдіктеріне ілік септік қосымшасын (біздің, сіздің) оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді ешбір қосымшасыз тіркестіру арқылы жасалады. Мысалы: біздің үй, біздің ел, сіздің мектеп, сіздің аудан.
Аралас тәсіл бұрынғы (анықтаушы) кқмпонентінің есімдіктер ғана емес, басқа есімдерден бола беретіндігі жағынан және соңғы (анықталушы) компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болатындығы жағынан(мысалы, біздің үйіміз, олардың балалары, колхоздың есепшісі) таза синтаксистік тәсілден басқашалау болады. Бұл тәсіл матасу категориясына негіз де, тірек те болумен қатар, стилистикалық өрісі мен ерекшеліктері жағынан таза синтаксистік тәсілден әлдеқайда кең де өзгеше де болып келеді.
Морфологиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдеу категориясы екі түрлі қосымша арқылы жасалады:

  1. -нікі, -дікі,-тікі жұрнағы арқылы;

  2. тәуелдік жалғаулары арқылы.

Тәуелдеу ұғымын білдіретін -нікі, -дікі,-тікі жұрнағы тарихи жағынан алғанда, ілік септіктің –ның( -нің, -дың,-дің, -тың, - тің) жалғауына –кі (-қы,-ғы,-гі) жұрнағынан бірігіп пайда болған. Бұл форма арқылы туатын меншіктілік меншіктелуші заттан жеке де айтыла береді. Мысалы: менікі, сенікі, Әсеттікі, кеңсенікі.
Ескерту: Кейбір тюркологтардың пікірінше –нікі формасы өзі жалғанған сөздерді сын есімге айналдыратын сияқты. Бізше, қазақ тілінде бұл форма ешқандай да сын есім тудыра алмайды, тек қосылған сөзіне тәуелдік мағына жамайды.Бірақ тәуелдік жалғау, әдетте заттың белгілі бір жаққа мысалы, І, ІІ, ІІІжақтың біріне, тән екендігін білдірсе, -нікі қосымшасы затты ешбір жаққа телімейді, демек, бұл қосымша жақ категориясына қалыс, бейтарап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет