Шығыс жалгауы мынадай мағыналық мәнерлерде қолда-нылады:
Заттың неден істелгендігін білдіреді: тастан үй салды. 2) Нәрсенің шығар көзін білдіреді: білімді кітаптан алады. 3) Іс-әрекеттің шығатын, таралатын мекенін білдіреді: Қарағандыдан көмір шығады. 4) Іс-қимылдың пайда болу, таралу мезгілін, уақы-, тын білдіреді: жастайынан суретке эуес. Дегенмен халық тілінін практикасында тастан үй салды, ағаштан ыдыс жасады тәрізді тір-кестерді шығыс септігінсіз-ақ “тас үй салды, ағаш ыдыс жасады” деп айту да бар. Әдеби тілде екеуі де жарыса қолданылады. Бұл екі тәсілдің арасындағы айырмашылық: шығыс -септік жалғауы заттың неден істелгендігін білдіріп, сөзге логикалық екпін береді. Егер мүндай даралап, нақтылау қажет болмаса, олар шығыс жал-ғауынсыз, түбір күйінде айтыла береді. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды (ЬІбырай). Осы сөйлемдегі ақын-ның айтайын деген ойының өзі белгілі дәрежеде шығыс септік тұлғасына байланысты. Сол сияқты,ағаштан ыдыс жасады — ағаш ыдыс жасады тәрізді параллельдер мағыналық мәнер тұрғысынан бірдей емес. Алдыңғысында заттың тегін көрсету басым да, соң-ғысында заттың жасалу фактісі ғана хабарланған.
Кейде табыс септік пен шығыс септіктің тұлғалары мәндес қол-данылады. Ауызекі сөйлеуде, “қалтаңдағы ақшаңнан .жұмса”, “ақшаңды жұмса” деп мәндес қолдану жиі кездеседі. Дегенмен жазба тілде (сөйлеуде де) мынаны ескерген дұрыс. Егер айтылып отырған іс-әрекетке сол зат түгел қатысты болса ғана табыс тұлғасын қолдану орынды, ал ішінара қатысты болса шырыс тұлғасын қолдану дәл.
Шығыс септік тұлғасының мезгілдік мәнде жұмсалуы қарапа-йым сөйлеуде, эпистолярлык, қағаздарда, сондай-ақ көркем әдебиет шығармаларында жиі кездеседі. Шығыс тұлгасы- мезгіл-уақытты дәл көрсетіп, белгілі мөлшерді білдірмейді, тұтас бір кезеңді, мол уақыт мөлшерін көрсетеді. Әрқашан дәлдікті, басы ашық айқындықты мақсат ететір стильдер жүйесіне бұл ыңғайлы тәсіл болмайтындығы да сондықтан.
Көмектес септік, негізінен, іс-қимылдың не, кім арқылы жасал-ғандығын, іс-әрекеттің болу ерекшелігін, себебін, орын-мекенін, мезгілін білдіретіні мәлім. Көмектес жалғауы мекендік мәнде жатыс септік орнына жұмсалады. Мысалы: Рахмет бір күні Нева про-спектісімен келе жатты (Ерубаев). Жоғарғы сөйлемді Рахмет, бір күні Нева проспектісінде келе жатты деп те айтуға болар ёді. Де-генмен бұл жердегі бір ерекшелік көмектес жалғауы істің мекенін сол мекен-орынның ‘ұзына бойына созылған қимылмен байланысты білдіреді. Жатыс септік тұлғасынан мұндай жіктелген мән байқалмайды. Сол сияқты мезплдік мәнде қолданылғанда көмектес септік тұтас мерзімді білдіреді: Күнімен күтті, түнімен жүрді. Қөмектес жалғауы бұл мәнде тек бойы көмекші есімді тіркестермен ғана синоним бола алады: Күні бойы күтті — күнімен күтті.
Сонымен, зат есімнің септік жалғаулары, олардың кейбір қолдану ерекшеліктері осы тәрізді. Септік жалғауларын дұрыс қолдану ең алдымен олардың грамматикалық ерекшеліктерін, мағыналары білу деген сөз.
Қолданылу сипаты тұрғысынан назар аударатын грамматикалық категорияның бірі — сын есімдердің заттануы, сөйтіп зат есім мәнінде қолданылуы, Сөйлеуде болсын, жазба тілде болсын сын есімдердін, зат есім мәнінде колданылуы — сөздін, жинақы, ойдың образды болуы үшін ұтымды тәсіл. Мына төмендегі үзінділерде сын есімдер сондай мәнде қолданылған: