Сөз жүйесінде септік жалғаулары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олар тек сөз бен сөзді байланыстырып қой-майды, жалғанған сөзіне қосымша мән де үстемелейді.
Айрықша көңіл аударатын септік жалғауларының бірі — ілік септігі. Оның жалғаулары бірде айтылады да, бірде айтылмай түсіп қалады. Бұл тек грамматикалық құбылыс қана емес, сөз қол-даныспен ұштасатын ерекшелік. Ілік септігінің жалғаулары мына-дай реттерде түсіріліп айтылуы мүмкін:
1) Ілік септіктегі сөз конкретті менішкті, тәнділікті білдірмей, абстрактылы немесе коллективтік қатынасты білдірген жағдайда: колхоз малы, товар айналымы, сауда айналымы, мемлекет қаржысы, т. б. Бұл әсіресе жазба тілде қалыптасып келе жатқан салт. Дегенмен, логикалық екпін түскенде немесе тәуелдік жалғаулы сөздің білдіретін мағынасынын. нендей құбылысқа, затқа, кісіге катыстылығын білдіру ниеті көзделгенде, ілік жалғауы түсірілмей айтылады. Мысалы:Дүние жүзінің халықтары бейбіт-шілік пен бақыт жолындағы қозғалысты қолдай алады… (газеттен). Бұл сөйлемде дүние жүзінің халықтары, яғни ілік жалғауы-мен келген. Бұл жердегі ілік жалғаулы конструкция нақтылы мақсатпен айтылған.
2) Қейде жалпының жалқыға, бүтіннің бөлшекке қатысын біл-діретін реттерде де ілік жалғауы түсіріліп айтылуға бейім болады. Мысалы: гүл иісі (гүлдің емес),тауық сорпасы, қой еті деп қолдану әрі жинақы, әрі қалыптасып қалған норма тәрізді болып көрінеді. Жазба тілде солай қолданылады да. Дегенмен кейде ілік жалғауын түсірмей қолдану да қажет болады. Мына сөйлемге назар аударайық: Сондықтан маған тауықтың еті мен сорпасы жұғын да болған жок, (С. Мүқанов). Жігттің түсін айтпа, ісін айт (мәтел). Онымен бірге басқа иіс емес, әдемі әтірдің иісі ере келгендей бол-ды (газеттен). Осы сөйлемдер құрамындағы ілік жалғаулы сөздер-дін, жалғауын түсіріп айтса, сөйлем қиыспайды. Өйткені әңгіме жалпы сорпа мен ет жайында емес, тауықтың сорпасы мен еті жа-йында болып отыр.
3) Мән-мағынасы жағынан айқьш анықтауды керек етпейтін жағдайда ілік жалғаулы сөз бен көмекші есімдерден құралған тіркестердің, құрамындағы ілік жалғауы түсіріліп айтылады. Мы-салы: бірде кітап стол үстінде жатыр, бірде кітап столдың үстінде жатыр деп айтуға әбден болады. Бірақ екі сөйлемнің айтылу мақ-саты бірдей емес. Алдыңғысында кітаптың бар екендігі ғана ха-барланып тұр, сондықтан стол сөзі жалғаусыз айтылған. Әдетте іс-қимылдың болған, болатын, болып жаткан мекені айрықша аталып көрсетілуі керек болғанда, мүндай тіркестердің құрамындағы ілік жалғауы түсірілмей қолданылады.
4) Күрделі атаулардың құрамында ілік жалғауы бірнеше рет қайталануға тиіс болса, солардың тек біреуі, кейде екеуі ғана тү-сірілмей толық айтылады да, басқалары түсіріліп айтылады. Мы-салы: Қазақ (тың) мемлекеттік С. М. Киров (тың) атындағы уни-верситеті, Шымкент (тің) облысы (ның) Сарысу ауданы (ның) “Победа” колхозының тұрғыны. Мұндай күрделі атаулар құрамын-дағы ілік жалғауынын, түсіріліп айтылуы қазіргі тілімізде нормаға айналып кетті. Бұлардың ізімен тіпті екі сөзден құралатын атаулар құрамындағы ілік жалғауы да түсіріліп айтылады. Мысалы: балалар (дың) бақшасы, пәтер (дің) ақысы, кафедра (ның) меңгерушісі т. б. Бұндай тіркестер ауызекі сөйлеу тілінде ешбір жалғаусыз, қабыса байланысқан тіркес түрінде де айтылады: бала бақша, пәтер ақы т. б.
Қазіргі жазба тілде ілік жалғаулы конструкцияға -лық аффик-сімен келген тіркестер мәндес болып келеді: қоғамдық, мал, ауыл-дың совет, мемлекеттік орған, бесжылдық жоспар, т. б. қазіргі ті-лімізде қалыптасып, тұрақталып кеткен тіркестер абстрактілі тән-дікті, қатынасты білдіретіні белгілі. Мүндай сөз колданыс — әдеби тілдің кейінгі дамуының жемісі. Жазба әдеби тілдің жаңа қалыптасу дәуірінде бұл сияқты тіркестер ілік жалғаулы конструкция түрінде айтылған. Бірақ қазіргі әдеби тіл мұндай қалыптасқан терминдік тіркестерді ілік жалғауымен қолданбайды.
Б а р ы с ж а л ғ а у ы іс бағытталған, арналған жанама объект мәнінде, кейде жатыс жалғауымен синонимдік қатар құрады. Мы-салы: Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеге күн сәулесін тусір-мейді. Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеде күн сэулесін тусір-мейді (газеттен). Ол от-дэріні қай жерге сақтайды,қайтеді — ол жағынан хабарсыз болады. Ол от-дэріні қай жерде сақтайды — ол жағынан хабарсыз болады (Есенберлин). Осы сөйлемдер құрамын-дағыбөлме, жер сөздері бірде барыс жалғаулы, бірде жатыс жал-ғаулы болып қолданылған. Барыс тұлғасының жатыс тұлғалы сөз-бен жарыса қолданылуы статикалық күйді, қалыпты білдіретін етістіктермен тіркесіп келгенде де байқалады, Қазақ тілінде қону (далада қону, далаға қону), қамау (үйге қамау, үйде қамау), бату (суға бату, суда бату), отыру (орындыққа отыру, орындықта оты-ру), қалу (жұмыста қалу, жұмысқа қалу) тәрізді етістіктер екі түрлі .септік жалғауын қажет етеді. Қай тұлғада (барыс, не жатыс тұлғасы) қолданса да сөз мақсатымен, контекс ерекшелігімен бай-ланысты болады.
- Барыс жалғауы (осы мәнде) кейде көмектес жалғауымен жа-рыспалы қолданылуы да кездеседі. Мысалы: Төрт түлікке толды аймақ, осынау аулым колхозда(Жамбыл). Осы сөйлемнің алдыңғы бөлігіндегі түлікке сөзін өзгертіп көмектес септікте қолданып, төрт түлікпен толды аймақ осынау аулым колхозда деп айтуға да болар еді. Бұдан грамматикалық тұрғыдан ешбір нұсқан келмес еді. Бірақ бұл жерде мынадай бір ерекшелікті ескеру керек. Барыс жалғауда қолданғанда сөз мағынасы үдемелі мәнде ұғынылады. яғни жоғарыдағы сөйлем ыңғайында айтқанда “қазір көп болған-мен, әлі де көбейе береді” дейтін ұғым туады. Өйткені барыс септік әдетте козғалыспен, қимылмен байланысты қолданылуға бейім. Ал түлік сөзін көмектес септікте айтсақ, онда бүкіл аймақ сонымен толы болды, ешбір бос жер қалмады дейтін үғым туар еді. Іс-қи-мылдың болатын мезгіл-уақытын, мезгіл мөлшерін білдіруде барыс септікке жатыс септік синоним болады. Мысалы: Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессияларын Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы жылына екі рет шақырады. Қазак, ССР Жоғарғы Со-веті сессияларын Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы жылында екі рет шақырады. Дегенмен бірде әдеби норма тұрғы-сынан, бірде мағыналық мәнер тұрғысынан мұндай сөз қолданысты бірдей деп қарауға болмайды. Әдеби тіл тұрғысынан жылына түл-ғасы норма болып саналады да,жылында сөйлеу тілінің әлементі дәрежесінде қалады.
Сонымен қатар, сөйлем ішінде іргелес орналасқан сездердің бәрі бірдей жатыс жалғауында айтылуы әуезділік тұрғысынан да, айқындылық тұрғысынан да пайдасыз болар еді. Мынадай бір мысал келтірейік: Айтқан уақытта дәл келу, айтқан жерде дэл болу — біздер үшін қатал заң. Осы мысалда қатар тұрған екі сөздің де жатыс тұлғалы болуы ойландырарлық жай. Сірә, дұрысы алдыңғы сөзді барыс тұлғасында қолданып, “Айтқан уақытқа дэл келу, айтқан жерде дэл болу — біздер үшін қатал заң” деп айту орынды болмақ. Өйткені, сөйлемнің, алдыңғы бөлігіндегі келу етістігі қимылды білдіреді, олай болса, барыс септік айтылу орынды, ал соңғы бөліктегі болу — статикалық қалыпты білдіреді, сондықтан бағыныңқы сөздің жатыс тұлғалы болуы дұрыс.
Қазақ тілінде бірде сөз табыс жалғауымен келеді де, бірде табыс септік мәнді болса да, жалғаусыз айтыла береді. Мысалы: кітапты оқыды, кітап оқыды. Бірақ барлық ыңғайда да табыс жалғауын қоспай айтуға бола бермейтіні айқын. Мына реттерде жалғаусыз айтуға болмайды: а) Кісі аттары: Әйгерім Абайдыкінәламаса да, ақтамақшы емес (М. Әуезов). Жіктік және сілтеу есімдіктер: Шеген біржола мені тартып әкетті (Р. Мүсірепов). ә) Сын есімдер мен сан есімдер, есімше етістіктері іс-әрекеттің объектісі мәнінде айтылса табыс жалғауы түсірілмейді: Жақсыны көрмек үшін (мақал). Сағат сегізді соқты… Шын тапқан деп жақсылық тапқанды айтат та (М. Әуезов). Егер осы сөйлемдер құрамындағы сөздердің табыс жалғауын түсіріп айтатын болсақ, онда сөз мағынасы өзгерер еді немесе сөйлемдегі сөздер өз ара дұрыс байланыспай жүйесіз болып шығар еді.
Екінші жағынан, табыс жалғауын әр уақытта қосып айтуга бола бермейді. Бұл, ең алдымен, бір ғана ырғақпен айтылып, қалыптасып кеткен сөйлемдер құрамында жиі кездеседі. Мысалы: Орақшының жаманы орақ таңдайды (мәтел). Ғылым таппай мақтанба, орын таппай, баптанба (Абай). Осы сөйлемдер ішіндегі орақ, ғылым, орын сөздеріне табыс жалғауын жалғап айтсақ, ырғаққа сыймас еді.
Табыс жалғауының айтылмауы кейде сөзге логикалық екпіннің түспеуімен де байланысты. Мысалы: Абай мен Ербол Семей қаласының өз ішінен пәтер алды(М. Әуезов) деген сөйлемдегі пә-тер сөзіне табыс жалғауын қосудың қажеті жоқ. Сөйлемнің мақсаты — Абай мен Ерболдың қаланың ішіне орналасқанын хабарлау ғана. Егер ой мақсаты пәтер алуын хабарлау болса, табыс жалғауын қосу керек болар еді. Бала кітап оқыды. Бала кітапты оқыды деген сөйлемдер құрамындағы кітап сөзінін, табыс жалғаулы және жалғаусыз жұмсалуы да осындай.
Бал’а кітап оқыды дегенде бала бос отырмады, бір нәрсемен айналысып отырды деген біршама жалпы мән болса, бала кітапты оқыды дегенде басқаны емес, тек кітапты оқығандығын хабарлау мақсаты бар.
Қазақ тілінде табыс септік жалғауының кейде барыс тұлғасымен жарыспалы қолданылуы кездеседі. Әкесі Маратты ұрысты, әкесі Маратқа ұрысты тәрізді бір ғана сөзді екі түрлі айтып, жазу салты бары белгілі. Әдеби нормаға жақын түрі, әрине, барыс жалғаулы түрі болса керек. Ұрысу етістігі өз табиғатында барыс жалғауын қажет етеді. Сондықтан жоғарғыдай сөздердің табыс жалғаулы түрін әдеби нормадан ауытқушылық деп қана қарау қажет.
Табыс жалғауы кейде шығыс жалғауымен жарыса қолданылады. Бірақ ондай қолданыстың кейбір мағыналық ерекшелігі бар. Мысалы: судан аттады — суды аттады, бұрыштан айналды —- бұ-рышты айналды,асудан асты — асуды асты, өзеннен өтті —- өзенді өтті тәрізді бірде шығыс, бірде табыс септік жалғауы айтылады. Мұндай ыңғайда шығыс септіктің қолданылуы жалпы мән берумен байланысып жатады. Екінші сөзбен, шығыс жалғаулы сөз белгілі бір нақты объектіні көздемейді, істің орындалу барысындағы өтілуге тиіс объектінің бірі ретінде ұғынылады. Ал, табыс септігінің қолданылуы нақты объектіні еске алуымен (байланысып жатады. Іс- қимылдың мекен-орнын білдіруде жатыс тұлғасы шығыс жалғауымен жарыспалы қолданылуы мүмкін. Мысалы: Алма-ты қаласында № 12 мектепте оқыдым. Алматы қаласында № 12 мектептен оқыдым. Мұндай варианттардың жатыс жалғаулы түрі қазіргі тілімізде жиі қолданылып жүр.
Жатыс септікте тек мезгіл мәнді (кез, шақ, уақыт, т. б.) сөздер ғана емес, лексикалық тұрғыдан оған жатпайтын сөздер де мез-гілдік мән ала алады. Мысалы:Тыныштықта сүйген менің қыр-дағы. әнім— Москва (Ерғалиев). Бұл жерде нақтылы мезгіл — уақыт жоқ, оны (мезгілді) белгілі бір күйге, қалыпқа мезгеу арқылы жобалау ғана бар. Сондықтан мұндай қолданыс публицистика мен көркем әдебиетте ғана жиі кездеседі. Ресми стиль (кеңсе стилі және ғылыми әдебиеттер стилі) мұндай реттерде айқындыққа, дәлдікке ұмтылады.