Морфологмя ғылымының зерттеу обьектісі



Дата29.09.2022
өлшемі14,14 Kb.
#151222
түріОқулық
Байланысты:
2-тапсырма Морфология


Морфологмя ғылымының зерттеу обьектісі

Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы-1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген А.Байтұрсынов жазған оқулық. Осы еңбегінде автор қазақ тіліндегі сөздердің құрылысын «Сөз тұлғасы» деп атап 5 түрге бөледі. Олар түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы, қосымшалар деп аталған да әрқайсысы жеке-жеке талдап түсіндірген. Сөздерді топқа бөлуде осы оқу құралынан басталады. Оқулық авторы сөздерді үш топқа бөледі де; 1-не зат есім, сын есім, есімдік, етістік; 2-не үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады да, 3-не одағайды өз ішінен еліктеуіш, септеуіш одағайлары деп 2-ге бөледі. Осы еңбегінде айтылған пікірлерін «Тіл құралының» 1924 жылы басылымында да кеңейте, дәлелдей түседі. А.Байтұрсынов оқулықтары қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбектер болғанмен, көптеген мәселелерді өте білгірлікпен, көрегендікпен айта алған. Мысалы: қосымшалар туралы былай дейді: «Қосымшаларда өз алдымен мағына жоқ, сөзге жалғанбай айтылмайды. Қосымша екі түрлі болады: бірі сөздің тұлғасы ғана өзгертеді, мағынасы өзгертпейді, бұл - жалғау, екіншісі - сөз тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді, бұл – жұрнақ».


Сөйтіп, морфология ғылымның бастауы, негізгі А.Байтұрсынов еңбегінен басталады. Орыс түркологтары жазған қазақ тілі грамматиканың ең соңғы- 1927ж. Г.А. Архангельскийдің құрастыруымен Ташкентте басылған. Еңбекте өте ықшамды түрде фонетикалық, морфология мен синтаксистік мәлімет берілген.
1930 жылдардан бастап морфологияның жеке мәселеріне арналған шағын көлемді мақалалар мерзімді баспасөз беттерін де, әсіресе сол кездегі ғылыми-педагогикалық журналдар - «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі», оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі-жиі көріне бастайды. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз таптарына, қосымшаларға арналған 30-ға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жұбанов, Х. Басымов, Ш.Х. Сарыбаев, Е.Жиенбаев, О.Аманжоловтар жазған. Және де 1936 жылы Қ. Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығы шыққан. Автор қазақ тіліндегі сөздерді екі түрлі белгісіне қарай жіктейді:оның 1-і тұлғасына қарай, 2-сі лексика -грамматикалық белгісіне қарай жіктеу. Тұлғасына қарай сөздерді алты топқа бөледі. Олар: түбір сөз, қосымшалы сөз, біріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосалқы сөз. Бұл арада автордың А.Байтұрсынов қолданған терминдерді біраз өзгертіп қолдануға тырысқанымен, басқа жаңалығы онша емес және термендері де өмірлік бола алмады. Бұдан басқа жұрнақты үстеу немесе үстеуіш де, үстеуге жататындарды мезгіл-мекен есім де атауы да қазақ тіл білімінде қабылданбады.
Ал 1938 жылы Аманжоловтың авторлығымен «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықта жарық көрген. Алдыңғы еңбектер сияқты мұнда да сөздерді тұлғасына, тобына қарай жіктейді, дегенмен алдындағы оқулықтармен салыстырғанда теориялық дәрежесі төмендеу болды. Бұл он жылдықтың атап айтуға тұрарлық бір жаңалығы –қазақ тіл білімінің салаларын даралап арнайы зерттеу, салаларының негізінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау болды. Мәселен етістіктің есімше, көсемше, етіс, шақ категориялары, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
40-жылдар ішіндегі морфологияға қатысты еңбектің бір елеулісі –Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиев жазған «Қазақ тілінің грамматикасы» болды.. Осы еңбекте «морфема» дейтін грамматикалық термин қазақ тіл білімінде алғаш рет қолданылды. Қ.Жұбанов еңбегінде өзгертіліп қолданылған грамматикалық терминдерді соңғы авторлар Байтұрсынов қолдаған атаумен атап, құрастырған. Сөздерді есімшелер, етістіктер, есімдіктер, үстеулер, көсемшілер, одағайлар деп алты топқа бөледі. Сөйтіп, терминдік классификацияның алақұлалығына қарамастан қазақ тілі морфологиялық жүйесі ілгері дамыды.
1950 жылдан бері қарай уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне қатысты жүзеге тарта ғылыми мақала, 20-ға тарта монографиялық зерттеулер мен кітаптар жарық көрді.
Етістік категорияларын зерттеуге арналған: Мамановтың, Қалыбаева, Оралбаева, Ерғалиевтің еңбектерін. Сын есім категорияларына арналған: Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов еңбектерін. Сан есімге арналған: Ә.Хасенов, одағай, еліктеуіш сөздерді зерттеген Ш Сарыбаев, Катенбаева, үстеуді А.Ысқақов, есімдікті Ибатов, шылауды зерттеген Р.Әміров, Т.Қордабаев еңбектерін атауға болады.
1954ж. Академиялық «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы шығарылды. 1967жылы «Қазақ тілі грамматикасы» I, II бөлімі, ал 2002 ж. «Қазақ грамматикасы» жарыққа шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет