М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



Дата09.01.2022
өлшемі13,29 Kb.
#110542
Байланысты:
Документ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік университетінің

Физика-математика факультетінің

«Физика-информатика» мамандығының

1 курс студенті мақышкер

Қалжанова Таңшолпан Төлеубайқызының

сарамандық машықтан



Есебі

Мен Қалжанова Таңшолпан Төлеубайқызы 2021 жылдың 05.03 – 17.03 аралығындағы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан «Х.К.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінен үздіксіз сарамандық машықтан өттім. Мен өзіме жүктелген 11 «А» сынып оқушыларымен және сынып жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі Анесова Л.Г, информатика пәнінің мұғалімі Айжан Алибековамен таныстым. Сыныпта барлығы 22 оқушы болды, оның 12 ұл бала, 10 қыз бала. 11 «А» сыныбының физика,информатика сабағына қатысып, оқушылардың білім деңгейін, оқу үлгерімін, физика,информатика пәндерінің сабақ барысындағы өткізілген әдіс-тәсілдерін бақыладым. Алғашқы күннен бастап, пән мұғалімі оқушыларға өткен тақырыппен жаңа сабақтың арасында қандай байланыс барын түсіндірді. Физика пәнінен «Біздің галактика», «Күн жүйесі» тақырыптарында жүйелі түрде есептер шығарылды. Ал Информатика пәнінен «Блокчейн технологиясы», «Қазақстандағы цифрландыру» тақырыптары бойынша мұғалім бейнесабақтарды көрсету арқылы оқушылармен сұрақтар қойып, кері байланыс жасады. Әрбір өткізілетін сабаққа ізденіспен қарап, толық ақпарат беруді үйрендім. 11 «А» сынып оқушылары бір–бірімен жақсы қарым – қатынаста, ұйымшыл. Оқушылардың білім деңгейі жақсы.



Сыныбымның оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу тәрбие мекемесінің материалдық техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және мұғалімдердің міндеттері мен құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, сарамандық машық кезінде көптеген тәжірбие алдым, соның ішінде оқушылармен жұмыстануды, көрнекіліктерді орынды пайдалануды, сабақ берудің тиімді әдістерін көріп, меңгердім. Оқушылармен қалай қарым-қатынас жасауды, ұйымдастыруды, тәртіпке шақыруды, сабақ өткізу үлгілерін үйрендім.

Машықкер: Қалжанова Т.Т

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет