М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет126/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   164
3. Дәріс мазмұны: Қазба сүтқоректілерінің морфологиялық белгілерін қадағалай отырып, осы заманғыларының ұқсас ерекшеліктерімен салыстыру. Бұны қарастырылатын сұрақтарда сатылы дәлелдеуге тырыстық..
4. Қаралатын сұрақтары:
4.1. Сүтқоректілер тарихын рептилиялардың бастапқы эволюциясынан іздеуге тиіспіз. Палеозой эрасының екінші жартысында диапсидті (екі самай шұңқырлы) рептилиялардан бөлініп, оқшауланған – синапсидтер тобы (бір самакй шұңқыры) шыққан. Олар рептилиялардың аң тістілер тобын қалыптастырған. Бұларды перм қабатынан кездестіруге болады. Бұлар дене мүшелерінің ұйымдасуына қарағанда сүтқоректілерге жақын тұрған, тістері альвиол қапшықтарына орналасқан. Көпшіліктерінде екінші сүйек таңдайлары қалыптасқан.
Сүтқоректілердің пргрессивтік эволюциясы, ең алдымен олардың шешуші бейімділіктерге жетуден басталады, олар денесін жоғарғы жылуға жеткізуі, бұны тұрақты ұстап тұруға, реттеуге қабілеттілікке жетуі, жоғарғы аэробтық метоболизм деңгейінде.Осы жоғарғы күрделену жағдайының нәтижесінде тынысалуы және қанайналымы жүйелерінің күрделенуіне әкелген. Ол жүрегінің төрт камералы болып күрделене түсуі және үлкен венозқандарының араласпай дене кеңістігінен өз орындарын табуы.
Сүтқоректілердің мынадай ірі өзгерістерге жетуі: миының үлкені, тірі тууы бұл прогрессивті өзгерістері эволюциялық дамудың соңғылардың ата тегін жүйелесек, төменгі сатыдағы қалталылардың өмірге келуін байқаймыз.
4.2. Төменгі сатыдағы қалталылардың өмірге келуі.
Аңтісті рептилиялардың неғұрлым сүтқоректілерге жақын тұрғандарының бірі – цинодонтар болған. Солардың ішінде қаңқалық өзрегістерімен ерте триас қабаттарынан көзге түскендердің бірі – тринаксодона болды.
Сүтқоректілердің өзгерістерінің қалыптасуын палеонтологтар тіс жүйесіндегі өзгерістердің болуынан деп отыр. Осы жағдай екі топтың қалыптасқанын айқындаған: морганукодонтод және кунеотериид.
Морганукодонтод ұрпағы жоғарғы триас қабатынан – көпдөңестілер айдарымен қалдығы табылған (негізгі азу тісі үстінде көптеген дөңестер болған). Бұлар ұсақ организмдер болған ең ірісі байбақтың шамасындай, күрек тістері күштері дамыған, сойдақтары жоқ. Бұлар мамандалған өсімдікқоректі аңдар, бұлар бір қуыстылардың ататегі болуы ықтимал. Бұлардың екінші тобынан яғни кунеотериидтен пайда болғандар бейімделуі радиациясына неғұрлым тиімді белгілер көрсеткендер – эвпантотериялар болды. Олар ұсақ жануарлар рептилия жұмыртқалары болы. Олар осы заманғы ағаштарда тіршілік ететін насекомқоректілерге биологиялық жағынан сәйкес келеді. Олардың бас миы сол кездегі ататегі аңтісті рептилия миларынан үлкен болды. Осы топтан мезозой эрасы аяғына таман екі бұтақ тобы бөлініп бастау алды: төменгі сатыдағы қалталылар. Жоғарғы сатыдағы Қағанақтылар.
Қалталылар бор кезеңінде өмірге келгендер. Солтүстік және Оңтүстік Америкадан төменгі бор қабатынан табылды. Олар кайназой басында Европаға өтіп үлгерген. Одан Азия, Африкаға таралған.
Қалталылардың неғұрлым ертедегі тобы-опоссумдар тұқымдасы болған, олардың қалдықтары бастапқы бор кезеңнен Солтүстік Америкадан табылған. Осы кезде, олар Орталық, Оңтүстік Америкада кездеседі. Үштік кезеңде, олар Оңтүстік Америкада көпшілік болған, себебі ол кезде тұяқтылар, жыртқыш қағанақтылар жоқ болатын. Меоценнен кейін, бұл жердегі қалталыларды қағанақтылар ығыстырды, азайтты. Ол кездегі қалталылардан қазіргі кезде тек мамандалған азғана тобы қалған. Қағанақты жануарлар қалталыларды барлық жерлер де ығыстырылды. Соның салдарынан осы заманғы қалталылардың сиректеу кездесетін аймағы аралдық Австралия, Жаңа Гвиния, Оңтүстік Америка. Қалталылардан систематикалық осы заманғы қатары бір отряд, 16-тұқымдасы қалған.
4.3. Жоғарғы қағанақтылардың өмірге келуі
Қағанақтылар. Сүтқоректілердің бор кезеңінде қалыптасып, жеке бұтақ болып белгілі дәрежеде қалталылармен паралель дамыған аңдар тобы. Қағанақтылар соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда бор кезеңінде біршама әртүрлі бағыттардағы эволюциялық дамуда болғаны байқалған. Кайназой эрасының барлық кезеңінде Евразия және Солтүстік Американың бірнеше мәрте контрактіде болуынан әртүрлі плацентарлы систематикалық топтардың қалыптасуын әкелген.
Плацентарлық топтардың неғұрлым ертедегісі (бастапқылары). Насекомқоректілер отряды болып саналады. Бұл қарапайым аңдар жоғарғы бор кезеңі қабатынан Монголиядан табылған. Олардың кейбірі жербеті, кейбірі ағаштың түрлері болып қалыптасқан. Бұлар соңғы пайда қағанақтылардың негізгі топтарының көпшілігіне бастау беруі мүмкін. Ағашта тіршілікке бейімделген насекомқоректілердің ұшуға бейімділігінің нәтижесінде қолқанаттылар (жарқанаттылар) бастау алған. Насекомқоректілердің жербетіндегі жыртқыштық тіршілікке бейімделуінен, ерте заманғы қарапайым жыртқыштар – креодант өмірге келген. Бұлар, аз уақыт ішінде кең таралған. Олигоценнің соңына таман үштік кезеңнің бас кезінде баяу қозғалатын тұяқтылар, неғұрлым активті қозғалатындармен ығыстырыла бастағанда, креоданттарды неғұрлым активті мамандандырылған жыртқыштар ығыстырған. Эоценнің соңына таман – олигоценнің басында жыртқыштардан су аңдары бұтағы – ескекаяқтылар бөлінген.
Олигоценде, осы заманғы жыртқыштар тұқымдастарының бірқатар топтарына ататектері (Виведр, күзен, ит, мысық) өмірге келген. Осы заманның нағыз итбалықтары күзендермен туыстас, ол морждар және құлақты итбалықтар, аюлармен тарихи жақындықтары болған.
Креодонттардан ертедегі тұяқтылар, немесе кодилярторлар –иттерден үлкен емес ұсақ аңдар шыққан. Олар палеоценде пайда болып және барлық заттармен қоректеніп, жан-жақты қоректікке бейімделген. Қозғалыс мүшелері бессаусақты болған, әсіресе үшінші саусағы күштірек дамып, 1-ші, 5-ші саусақтары қысқарып келген. Кондилярторлар ұзақ өмірде болмайды, эоценнің басында олардан екі, жеке бұтақ жануарлар тобы қалыптасқан: Тақтұяқтылар отряды және Жұптұяқтылар отряды өмірге келген. Осы эоценде ет жұмсақтылар пайда болды.
Насекомқоректілерден үштік кезеңнің басына таман басқа да отрядтар: мүкітістілер, маймылдар пайда болуы ықтимал деген пікір мамандар арасында.
Палеоцен қабатынан маймылдар қалдықтары табылған. Ағаш маймылдары төменгі олигоценде табылған. Мысалы, осы олигоцен қабатынан табылған – проплиопитекус Гиббон маймылдарының бастамасын берді және ірі басқа да антропоидтық рамапитертерге бастама түрлерін берді. Оңтүстік Африканың төрттік дәуірі қабатынан табылған австралопитекустың маңызы өте зор. Бірақ жоғарғы адамтәрізді маймылдардан адамға айналу кезеңі эволюциядағы орасан зор құбылыс, біріншіден табиғат орта себептері болса, екіншіден қоғамдасу, қауымдасу факторларының ұштасуы нәтижесінде.
Осы заманғы сүтқоректілердің шығу тегі туралы көзқарастардың көпшілігі полифилитикалық (көпжақты немесе жанжақты) жолмен қалыптасқандықты мойындап отыр, яғни бұталары бөлек топтардан қалыптасқанын байқатқан. Бұл пікір көбіне бірқуыстыларға сәйкестеу келетіні олардың көп дөңтістілерге жақын тобынан бастау алғаны айқындалғандығы болып отыр. Сонымен қатар, қалталылар және қағанақтылар құрып кеткен пантотерия тобы мен бірге табиғаттың бір жаратылыс тобын қалыптастырған, яғни жалпы шығу тегін біріктірген. (сурет – 208 Константинов, 2000)
4.4. Осы заманғы мамандардың көпшілігі сүтқоректілердің төмендегідей жүйесін мойындап отыр.
Сүтқоректілер класы
Класс тармағы Алғашқы аңдар
Отряд Бір қуыстылар
Класс тармағы Нағыз аңдар
Инфра класс 1.Төменгі сатыдағы аңдар
Отряд Қалталылар
Инфра класс 2. Қағанақтылар немесе Жоғарғы сатыдағы аңдар 17-18 осы заманның отрядтарын қалыптастырған (14 отряд қазба күйінде белгілі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет