Дәріс 21 Тақырып: Матрицалық биосинтездер. Транскрипция
Дәрістің мақсаты: транскрипция процесінің механизмімен таныстыру
Тірек сөздер: транскрипция, РНК-полимераза
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны Транскрипция процесінің сатылары. Транскрипция процесінің реттелуі Транскрипция өте дәл жүруі керек, себебі клеткаға генетикалық қалыпты, амин қышқылдары дұрыс орналасқан белоктар керек. Транскрипция кезінде РНҚ-ның үш түрі түзіледі.
Репликация мен транскрипцияның арасында ерекшеліктер бар:
1/ репликация кезінде хромосома түгелімен көшіріліп, аналық ДНҚ-на сәйкес балалық ДНҚ-ның молекуласы түзіледі;
2/ транскрипция кезінде жекеленген гендер немесе гендердің белгілі бір топтарынан ғана ақпарат оқылады;
3/ тек қана и-РНҚ ғана ДНҚ-нан алынған ақпаратты рибосомаларға жеткізеді;
4/ и-РНҚ-ның синтезі ДНҚ-на тәуелді РНҚ-полимераза ферменті қажет;
5/ РНҚ-полимеразасы үшін барлық төрт рибонуклеидтер тобы керек (АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ)
6/ РНҚ-ның полимеразасы өзінің жұмысы үшін арқаулық ДНҚ-ның болуын қажет етеді;
7/ ДНҚ-ның екі тізбегінің біреуі ғана жазылып алынады. Арқаулық ДНҚ-нан тиминнің қалдығы бар жерге аденин, аденин бар жерге урацилдің қалдықтары тіркеледі.
Транскрипция кезінде уақытша ғана қысқа ДНҚ-РНҚ гибридті қос спираль түзіледі, ерекше белоктың арқасында тез бірінен-бірі ыдырап кетеді.