М.Өтемісов атындағы БҚму ректоры, академик А. С. Иманғалиев 2015ж



бет2/3
Дата10.06.2017
өлшемі0,85 Mb.
#18993
1   2   3

Қол жеткізген нәтижелер




БҚМУ өміріндегі маңызды оқиғаларды аймақтық, республикалық және интернет желісінде жариялау мақсатында оқу жылынан бастап 49 жаңалықтар топтамасы (қазақ тілінде – 27, орыс тілінде - 22) шығарылды. Жаңалықтардың бәрі БҚМУ (wksu.kz) сайтында және БҚМУ жаңалықтары http://www.youtube.com/user/wksutv/ Ютуб каналына орналастырылады.

Оқу жылының ішінде БАҚ-да университеттің жүйелік қызметі жарықтандырылды:

-Республикалық басып шығарулар («Казахстанская правда», «Егемен Казахстан» газеттері, «Современное образование» журналы және т.б.),

-республикалық телеарналарда («Казахстан», «Хабар») - 15 шығарылымдар;

-Облыстық БАҚ («Приуралье», «Орал өңірі» әлеуметтік-саяси газетінде, «Қазақстан Орал» областық телеарнада, «ТДК – 42» қалалық телеарнасында)- 36 шығарылымдар;

-Университеттің - «Өркен» студенттік газетінде - 10 шығарылымдар шығарылды.



БАҚ жарнама-анықтамалық материалдар:

-Республикалық ақпаратты-жарнамалық «Білім – Образование 2015» анықтамалық (мұқабасында және ішкі бетінде - сәуір 2015ж.)

-Республикалық №1 «Современное образование» журналы - (мұқабасында және ішкі бетінде - мамыр 2015ж.)

-Батыс Қазақстан облысының облыстық «Приуралье» газеті - А3 пішіндегі толықтүсті жарнама – 4 маусым 2015ж.

- Батыс Қазақстан облысының облыстық «Орал өнірі» газеті - А3 пішіндегі толықтүсті жарнама – 4 маусым 2015ж.

- №76-77 «Ақтөбе» облыстық газеті– А4 пішінде – 7 маусым 2015ж.

- Қызылорда облысының -«Ел ішкі» облыстық газеті - А4 пішінде - 13 маусым 2015ж.

- №99- 100 Оңтүстік Қазақстанның «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті - А4 пішінде – 26 маусым 2015ж.

- Алматы облысының «Өлке тынысы» облыстық газеті - А4 пішінде – 26 маусым 2015ж. - Маңғыстау обласының «Маңғыстау» облыстық газеті - А4 пішінде – 26 маусым 2015ж.

- 23 мен 30 маусым аралығында Батыс Қазақстанның, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының жоо туралы жарнама-топтамасы «Казмедиа Астана» облыстық орталық телеарнасында.

- «Я- студент» порталында жоо-ның мамандықтары және өмірі туралы ақпарат салынған.

- Жоо-ның сайтын жүйелі функционалды түрде жаңартып және университет қызметінің барлық бағыттарын жарықтандырады.






1.16

ПОҚ бос лауазым орындарына байқауын өткізу.

2015 ж. маусым-шілде

КМ

КҚЖ м.а.


ПОҚ-мен еңбек шартын жасасу туралы бұйрық, ПОҚ-ң еңбек шарты, университетті жоғары білікті ПОҚ-мен қамтамасыз ету.




Қол жеткізген нәтижелер

ПОҚ бос лауазым орындарына конкурс 2014 жылдың 2 шілдесі мен 22 тамызында өткізілді. Конурс өткізу туралы хабарландыру 2014 жылдың 27 мамырында республикалық БАҚ беттері мен университеттің «Өркен» газетіне жарияланды. Конкурсқа 152 адам: кафедра меңгерушісі лауазымының бос орынына - 8, профессорлық орынға -1, доценттік орынға – 31, аға оқытушылыққа – 52, оқытушылық орынға - 60 адам қатысты. Конкурстық іріктеу кезінде комиссия сараптау (эксперттік) комиссиясының қорытындысын, жарияланған еңбектер санын және т.б. ескереді. Конкурстан өткен барлық үміткерлер ПОҚ лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сай. Конкурстық комиссия ректорға конкурстық комиссия мәжілісінің нәтижелері бойынша еңбек келісім шартын 2 жылға жасауды ұсынды.

1.17

Кадрлық потенциалды және материалды-техникалық қорды ұтымды пайдалану мақсатында университет құрылымын жетілдіру.

Тамыз-қыркүйек

2014ж.


Проректорлар

Университеттің бекітілген құрылымы. Қысқа және орта мерзімді даму жоспарларында ЖОО-ның мақсат-міндеттері мен миссиясының орындалуы.

Қол жеткізген нәтижелер

Университет құрылымы 01.09.2014 ж. М.Өтемісов ат. БҚМУ-дың Ғыллыми кеңесінің мәжілісінде бекітілді. Университет құрылымына жаңа бөлімшелер: ҚХА кафедрасы, дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын дамыту орталығы, Болон процесі орталығы енгізілді. 3 департамент орталықтар болып қайта құрылды. Екі факультет: тарих және құқық пен экономика және басқару факультеттері тарих, экономика және құқық атты бір факультетке біріктірілді. Экономикалық теория және бизнес кафедрасы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасымен біріктіріліп , экономика және менеджмент атауын алды. Университет құрылымында 21 кафедра бар.

2. Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету мен жетілдіру жобалары және қызметінің негізгі бағыттары

2.1

Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде, сырттай оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру

Жыл бойы

ОӘЖП

ҚООЖ


Сырттай оқытудың кем дегенде отыз мамандық бойынша желілік қашықтықтан оқыту. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оқу контентіне электронды мәлімет қорларын орналастыру. Moodle жүйесін жетілдіріп толықтыру: жеке электронды түрдегі дәрістерді қосу, лабораториялық жұмыстардың виртуалды түрін әзірлеп қосу, оқу тренажерларын жасатып қосу,сапасы жоғары видеодәрістердің санын көбейту және т.б.

Қол жеткізген нәтижелер

Сырттай оқу бөлімінің 30 мамандығы бойынша желілік қашықтан оқыту ұйымдастырылды. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында электрондық базада оқу контентінің деректері көрсетілген. Мооdle жүйесіне барлық мамандықтар бойынша электронды дәрістер және оқу тренажерлері орналастырылған.

2.2

Жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің қатысуымен білім беру бағдарламаларының мазмұнын жасау және жетілдіру.

Жыл бойы

ОӘЖП

ОҮҰжБОЖ


ФД

КМ


Дайындалып жатқан оқу жұмыс бағдарламасының үлесі әлеуметтік серіктестердің қатысуымен бакалавр мен магистратураның мамандықтары бойынша бағдарламалардың жалпы санынан алғандағы бакалавр бойынша 100%, магистратура бойынша 20%. Кем дегенде үш мамандықтар аясында жаңа білім беру бағдарламаларын дайындау.

Қол жеткізген нәтижелер

Бакалавр мен магистратураның барлық мамандықтарының жұмыс оқу жоспарлары модульдық технология бойынша жұмыс берушілермен келісіліп құрылды; бакалавр мамандықтары бойынша 3 білім беру бағдарламасы айқындалды. Қосымша білім беру бағдарламасының барлығы 169.

2.3

Қосдипломдық білім бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау

Жыл бойы

ОӘЖП

БПОЖ


ОҮҰжБОЖ

ФД
ФД



Екі мамандық бойынша қосдипломдық білім беру бағдарламаларын дайындау

Қол жеткізген нәтижелер

«Биология», «Химия», «География», «Математика», «Физика», «Информатика» мамандықтарында қос дипломды білім беру бойынша жұмыс оқу жоспарлары ағылшын тілінде жасалды. 20 алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары іске асырылды; Ресей Халықтар Достығы университетімен (Ресей, Мәскеу) "Стратегиялық менеджмент", "Юриспруденция" магистратура мамандықтары бойынша қосдипломды білім беру бойынша; Лондон Менеджмент Академиясымен (Ұлыбритания, Лондон қ.) қосдипломды білім туралы келісім-шарттарға қол қойылды.

2.4

Эдвайзерлердің қызмет жұмысын жетілдіру

Қараша 2014 ж.

АМЖДД

ОТЖ


Эдвайзерлер үшін оқыту өткізу, оқыту хаттамалары, әдістемелік нұсқаулары. Кредиттік оқыту технологияларын жетілдіру.

Қол жеткізген нәтижелер

2014 жылдың қарашасында студенттерді пәндер мен оқытушыларға тіркеу мәселелерін талдаған эдвайзерлерді оқыту өткізілді. Пәндердің таныстырылымы мен ЖОЖ одан әрі қалыптастыруды бақылау. Сонымен қатар студенттерді пәндер мен оқытушыларға онлайн тіркеуді енгізу мәселесі де талданды. Кредиттік оқыту технологиясын жетілдіру мақсатында студенттерді оқыту нәтижелерін бақылау түрлері мен тәртібі жасалды. Оқыту нәтижесінде эдвайзерлер жұмысын одан әрі жетілдіру үшін әдістемелік нұсқаулар берілді. Эдвайзерлер жұмысын Офис тіркеуші бөлімі қадағалайды. Аға эдвайзерлер кандидатурасын бітіруші кафедралар және деканат тағайындайды. Факультеттер және кафедралармен апта сайын студенттердің сабаққа қатысуы туралы мониторингі өткізіледі. Аталған мониторинг нәтижелері І проректордың 05.03.2015 жылғы №19 өкімі бойынша электронды түрде информациялық технологиялар орталығына беріліп, университет сайтында жарияланады.

2.5

Білім алушылардың кәсіби сараманын өткізу және ұйымдастыруын жетілдіру (педагогикалық, кәсіпорындық).

2015 ж. қаңтар

АМЖДД

МОЖ


Сараман жетекшілерінің қатысуымен семинар және дөңгелек үстел өткізу, ұсыныстар

Қол жеткізген нәтижелер

Сараман жетекшілерін оқыту, сараман өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар шығару. Кредиттік оқыту технологиясын жетілдіру. Сараманды ұйымдастыру үшін атқарылған жұмыстар: 1. Университет студенттерінің педагогикалық, өндірістік сараманын ұйымдастырудың және бақылаудың кезекті жұмыстары жүргізілді (сараманға сұраныстарды дайындау, кестеге және жоспарға сәйкес студенттерді сараманға жіберу, сараман ақысын төлеу құжаттарын дайындау және т.б.) 2. КПО компаниясында сараманнан өтуге «Шет тілі: екі шет тілі», «Экология», «Экономика», «Есеп және аудит», «Халықаралық қатынастар», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары студенттерінің құжаттары жинақталып, сарапталып жіберілді. КПО компаниясында сараманнан өтуге ниет білдірген 3, 4-курс студенттерінің өтініштері жылына екі ауысыммен жинақталып, тапсырылды. Бірінші ауысымда студент сараманнан 28 студент өтіп келсе, екінші ауысымда 29 студент сараманнан өтіп келген. 3. Сараман жетекшілеріне сараман құжаттарын толтыруға, бекіту және қорытынды конференцияларды ұйымдастыруда оқыту тренингін өткізу. Осы оқу жылы өндірістік сараманмен 200 келісім жасалды, соның ішінде 2014-2015 оқу жылында 127 келісім жасалды. Барлығы шамамен 350 келісім-шарт.

2.6

ПОҚ-тың гранттық байқауларға, үздік оқытушы байқауына, халықаралық, республикалық байқау, олимпиадалар және т.б. қатысуы

Жыл бойы

Проректорлар

ФД

КМ



Әр факультеттен кем дегенде екі оқытушыны гранттық байқау – үздік оқытушы және т.б., халықаралық, республикалық байқау, олимпиадаларға т.б. дайындау.

Қол жеткізген нәтижелер

2014-2015 «ЖОО үздік оқытушысы» байқауына 6 факультеттен университетіміздің келесідей 7 ғалымы ұсынылды: т.ғ.д. Ұ.Т. Ахметова, т.ғ.д. А.М. Нургалиева, г.ғ.к. Т.А. Терещенко, п.ғ.к. А.Г. Мухамбетчина, ф.ғ.к. Р.Б. Сұлтанғалиева, т.ғ.к. Қ.Д. Айтқалиева, ф-м.ғ.к. А.А. Кульжумиева. Байқаудың қорытындысы бойынша «ЖОО үздік оқытушысы» грантына Ұ.Т. Ахметова, Т.А. Терещенко, Р.Б. Сұлтанғалиева ие болды. 2014 жылдың тамызында коммерцияландыру офисінің жетекшісі РФ г.ғ.к. Э.Ж. Имашев Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Қорының байқауына қатысып жас ғалымдардың халықаралық конференцияларға, форумдарға, съездерге және т.б. шараларға қатысу грантын жеңіп алды. Жеңіп алған грант бойынша Э.Ж. Имашев Ресей географ-қоғамтанушылары ғалымдары қоғамдастығы Ассамблеиясының «Позиционирование России и её регионов в современном мире: общественно-географический анализ и прогноз» (Санкт-Петербург қ., Ресей) атты жыл сайынғы бесінші халықаралық ғылыми конференциясына қатысып қайтты. 2014 жылдың қазанында ғылымды дамытуға үлес қосу мақсатындағы мемлекеттік степендияның республикалық байқауына 5 ғалымның құжаттары жіберілді, олардың ішінде 4 жас ғалымдардікі: З.Ж. Мутиев, А.А. Кульжумиева, Ж.К. Мухангалиева, Э.Ж. Имашев, Ж.С. Аймешева. Байқаудың қорытындысы бойынша университеттің бірде бір ғалымның кандидатурасы бекітілмеді. 2014 жылдың 1 тамызы мен 13 желтоқсаны аралығында жалпыұлттық «Аймақ-2050» байқауы өтті. Байқауға университетімізден 23 ғылыми-зерттеу жұмысы қатысты. Байқау қорытындасы бойынша 3 жұмыс 2 және 3 орын алды және 17 ғалымға алғыс хат берілді. Жүлделі орындарды келесідей ғалымдардың жұмысы алды: - В.Л.Мельников, Р.Н.Испулова, И.А. Мырзагереева, Л.Б. Амельченко, Н.К.Байтлесова. «Региональному благополучию через законотворческие инициативы» - 2 орын; Буланова Н.К., Михеева А.А., М.К.Жазыкбаева, Е.Р.Досмухамбетов, А.В. Герасимов «Стратегия развития малого и среднего бизнеса в Западно-Казахстанской области» - 3 орын; Ж.С.Аймешева, Г.И.Нестеренко, В.У. Чудрова, А.Ж.Бахтиярова, О.В.Черемухина «Необходимость системы энергоменеджмента» - 3 орын. 2014 жылдың желтоқсанында G-Global виртуалды жобасы аясында G-Global коммуникативті алаңының сайтында «Үздің мақала авторы» халықаралық байқауға университет ПОҚ 41 ғылыми мақаласы ұсынылды. Жалпы алғанда 2014 ж. республикалық және халықаралық ғылыми байқауға 78 штаттағы ғалым қатысты, бұл университет штатындағы ПОҚ 22,3% құрайды. Ф.-м.ғ.к., доцент А.А. Кульжумиева үздік оқытушы байқауына қатысты – 1 кезең – университетішіктен өтті. Ғылыми стипендияға байқауына А.А. Кульжумиева құжаттарын тапсырды. 2014-2015 оқу жылында «2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері – Р.Б. Сұлтанғалиева 2014-2015оқу жылында география кафедрасының доценті, г.ғ.к. Т.А.Терещенко үздік оқытушы -2014 байқауына қатысыты. Үздік оқытушы байқауының грантын жеңіп алды.(Ест.геогр) Аға оқытушысы, т.ғ.к., доцент И.Ө.Өтегенов «Исследование процесса изготовления биологического топлива» тақырыбымен ҚР БжҒМ гранттық ғылыми жобалар байқауына қатысты, «Бейнелеу өнері» (көркем сурет) номинациясы бойынша қол жеткізген табысы үшін дипломмен марапатталды. Оқытушысы, магистр А.Б.Абдешев 2014 жылдың 3-8 қараша күндері аралығында XVII «Шабыт» Халықаралық жастар фестиваліне қатысты, «Бейнелеу өнері» (көркем сурет) номинациясы бойынша қол жеткізген табысы үшін дипломмен марапатталды. (ИЗО и дизайн) Л.И. Мергалиева– «ЕАЭО шеңберіндегі Қазақстан интеграциялық үрдістерге қатысуы: тәуекелі, мүмкіндіктері, сценарилер» тақырыбында гранттық жоба. (Экон и менедж) 2015 жылдың 21-28 сәуір аралығында әдістемелік апталық өтті. 21.04.15. 14.00 – «Гражданское слушание» әдісі арқылы дәріс. Әлеуметтану. Тақырып:«Образования как социальный институт» - ә.ғ.к., доцент Д.Б. Абулкасова 22.04.15. 14.00 - «Тәжірибе алмасу» әдісі арқылы оқытушылар арасында семинар тренинг «Комбинированные методы в преподовании историко – гуманитарных дисциплин» - т.ғ.к., доцент Г.Б. Сулейменова 28.04.15. 15.00. Оздыра оқыту технологиясы бойынша дәріс. Философия Тақырыбы:« Гносеология»- ф.ғ.к.,доцент Г.Б. Мулдашева

Үздік оқытушы байқауы. Үздік оқытушы байқауы-үздік оқытушы байқауына кафедра доценты, өнертану кандидаты Қ.Д.Айтқалиева қатысты.



2.7

Көптілді оқыту бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру.

Жыл бойы

ОӘЖП

ФД

ОҮҰжБОЖ



КМ

Алты мамандық бойынша үш тілде оқытуды ұйымдастыру. ОӘКП, оқу – әдістемелік құралдарды, ағылщын тілінде нұсқау дайындау. ПОҚ-ң әдістемелік және тіл біліктілігін арттыру. 2015 жылға дейін тағы төрт мамандық бойынша көп тілді оқытуды ашу және дайындау.

Қол жеткізген нәтижелер

7 мамандық бойынша 13 көп тілді топ ашылды. Қазіргі уақытта көп тілді білім беру бағдарламасымен 7 мамандық бойынша 119 студент, соның ішіндегі 33-і грант негізінде білім алуда:

«Математика» мамандығы бойынша - 25 студент

«Физика» мамандығы бойынша -18

«Информатика» мамандығы бойынша – 17

«Химия» мамандығы бойынша – 13

«Биология» мамандығы бойынша – 14

«География» мамандығы бойынша – 6

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша - 16.

17 кафедрадан 53 оқытушы ағылшын тілінің В1 деңгейі бойынша сертификаттар алып, көптілді топтарға өз пәндерін ағылшын тілінде беруде. 9 мамандық бойынша ПОӘК – лар ағылшын тілінде дайындалды, жұмыстану әлі де жалғасуда.


2.8

Әдістемелік аптаны ұйымдастыру және өткізу

Жыл бойы

ФД


Әрбір факультет бойынша әдістемелік аптаның өткізілуі туралы бекітілген жоспар және есептер.

Қол жеткізген нәтижелер




Факультеттер

шеберлік-сабақтар

ашық-сабақтар

Барлығы

1

Педагогикалық


8

2

10

2

Жаратылыстану-географиялық

2

3

5

3

Филологиялық

5

6

11

4

Физико-математикалық

2

1

3

5

Тарих, экономика және құқықтық

2

1

3

6

Мәдениет және өнер

5

1

6

Уақытымен әр факультеттерде әдістемелік апта бекітіліп, ашық-сабақтар мен шеберлік сабақтары бейне таспаға түсірілді. Барлық жоспарланған іс-шаралар өткізілді және факультетің ішкі сайтына жүктелді. Декандар есеп беріп, университетің ғылыми кеңесінде тыңдалды. 2015 жылдың ақпан айының 16-21 аралығында физика-математика факультетінде жоспарланып, бекітілген «Оқытудағы құзіреттілік бағыт» атты оқу-әдістемелік апталық өтті. Апталыққа қала мектептерінің мұғалімдері мен университет оқытушылары қатысты.

2015 жылдың 20-27 сәуір арағында әдістемелік апта ұйымдастырылды. Э.ғ.к., доцент А.А.Ерниязова, аға оқытушылар Р.У.Жангалиева, Ш.М.Алтыбаева, Е.А.Скок, Э.Н. Баудиярова ашық сабақтар өткізді. 20.04.-24.04.2015 күндері аралығында әдістемелік апта ұйымдастырылды:

1. Г.Н. Сулейменова э.ғ.к, доцент – Бизнес жоспарын жасау жөніндегі шеберлік-класс. «Бизнес жоспарлау» пәні бойынша. Экономика мамандығы.

2. Н.М. Антонова э.ғ.к, доцент – Экономиканы мемлекеттік реттеу пәні бойынша "ҚР өңірлер экономикасы" тақырыбында экономика, қаржы мамандығы бойынша ашық сабақ.

3. М.Ю. Жумагалиева э.ғ.м. - Оқытушылар арасында «Топтағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар тренинг Н.К.Буланова аға оқытушы - Іскерлік ойындар өткізу «Менеджмент» пәні бойынша «Жанжалдарды басқару және стресс жағдайлар» тақырыбында. Қаржы, есеп және аудит мамандығы бойынша. 2015 жылдың 21-28 сәуір аралығында әдістемелік апталық өтті.

1.Оқытушы Сабыргалиева Н.М. Сыни ойлауды дамыту технологиясы. Дәріс.

2. Аға оқытушы Батыров А.Б. Топтық кеңестік әдісті қолдану арқылы дәріс.

3. Аға оқытушы Есенгазиева А.К. Соттық медицинаны оқытудағы коммуникативтік әдіс.

4. Аға оқытушы Самуратова А.О. Нақтылы жағдаятты талдау дәрісі.

5.Оқытушы Аманбаева А.М. Топтық және ұжымдық жұмыстар стандарттарын қолдану. Тәжірибелік сабақ.

6.Аға оқытушы Асильбекова Г.А. Семинар-тренинг.

7.Аға оқытушы Хабиева Э.С. «Триада және диада» әдісін қолдану арқылы СОӨЖ өткізу.

8.Аға оқытушы Нуржанова А.К. Рольдік ойын әдісін қолдану арқылы семинар сабағы.



2.9

Университет ПОҚ-ы арасында инновациялық жобалар байқауын (үздік дәріс, оқытудың инновациялық технологиясы, т.б.) өткізу.

Жыл бойы

ОӘЖП

ФД

ОҮҰжБОЖ




Лауреаттарды анықтау, байқау материалдарын жариялау. Инновациялық технологияларды оқу үрдісіне әзірлеп, енгізу.

Қол жеткізген нәтижелер

ОҮҰжБО ұйымдастыруымен университеттің ПОҚ-ы арасында «Оқытудың инновациялық технологиясын енгізу»бойынша байқау өткізілді. Факультеттерде бастау алған байқаудың І кезеңінде 47 жұмыс тыңдалып, ІІ кезеңге 18 жоба ұсынылды. Университет деңгейінде 28 қаңтарда ашық байқау өтіп, комиссия қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған қатысушылар байқау жеңімпаздары атанды: І дәрежелі орын - «Физика және математика» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.магистрі Г.Ш.Кажмуханова мен аға оқытушы п.ғ.магистріА.У.Искалиева ІІ дәрежелі орын - «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы, доцент Қ.Л.Кисметов ІІІ дәрежелі орын – «Өнертану және мәдени-тынығу» кафедрасының оқытушылары М.А.Насырова, А.А. Сундеткалиева Үздік жобалар 5 номинация бойынша алғыс хаттармен марапатталды: 1. «Оқу тренажеры» - шетел тілдері кафедрасының п.ғ.к., доцент Р.Х.Латыпова, орыс филология кафедрасының п.ғ.к., доцент Даминова Л.К. 2. «Жаңа ақпараттық ресурс» - бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы п.ғ. магистрі Э.Е.Файзуллина, шетел тілдер кафедрасының оқытушысы ф.ғ.магистрі А.А. Дускалиева 3. «Жаңа ұрпақ оқулығы» - физика және математика кафедрасының аға оқытушылары А.А.Джумашева, Б.С. Имангалиева 4. «Инновациялық білім беру технологиясы» - экономика и менеджмент кафедрасының оқытушысы асс. проф., э.ғ.к Сулейменова Г.Н. 5. «Жаңа білім беру бағдарламасы» - дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушылары проф. БҚМУ М.Х.Темиргалиева, Л.В. Демченко Байқаудың қорытындысы бойынша «Педагогикалық үздік тәжірибе мектебі» ғылыми-әдістемелік жинағы шығарылды.

2.10

Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, интерактивті білім алуды дамыту, ПОҚ-тың кәсіптік деңгейін арттыру.


Жыл бойы

Проректорлар

ОҮҰжБОЖ


ФД


Жылына кемінде 4 рет ПОҚ арналған оқыту және әдістемелік семинарлар ұйымдастыру. Университетте білім беру үрдісін жетілдіру.

Қол жеткізген нәтижелер

2014-2015 жылында ОҮҰжБО ұйымдастыруымен университетімізде кредиттік жүйемен инновацияны енгізу бағытында әдістемелік семинарлар өтті.

Кафедра меңгерушілеріне арналған семинарлар:

  1. Кафедрада әдістемелік жұмысты ұйымдастыру - 13.01.2015;

  2. Модульдік білім беру бағдарламаларын жетілдіру – 14.01.2015;

  3. Модульдік оқыту бойынша студенттердің білімін бақылау нысандары - 15.01.2015;

  4. КЭД қалыптастыру тәртібі, қосымша білім беру траекториясын – 16.01.2015.

ПОҚ-қа арналған семинарлар:

  1. «Тәжірбиеге негізделген оқыту» семинар-тренингі - 19.01.2015;

  2. Оқыту нәтижелерінбағалаукритерийлері - 20.01.2015;

  3. Емтихан материалдарын дайындау нысандары мен әдістері – 21.01.2015;

  4. Қашықтықтан оқыту технологиялары – 22.01.2015.

Жас оқытушыларға арналған семинарлар:

  1. Жоғары мектеп педагогикасындағы этика мен эстетика - 23.01.2015;

  2. Жоғары оқу орындарындадәрістер, семинарлар, СОӨЖ-дерді өткізу әдістемесі – 27.01.2015.

Семинарларға барлығы 115 оқытушы қатысып, 69 оқытушыға сертификаттар берілді.

2.11

БҚМУ студенттері үшін қосымша білім беруді ұйымдастыру.

Жыл бойы

БП

СДжСДД


ҮББОЖ

БҚМУ студенттерінің қосымша біліктіліктерін арттыру.

Қол жеткізген нәтижелер

БҚМУ студенттері үшін қосымша білім беруді ұйымдастыру.

1. № 7-19 08.10.2014 ж, ректордың бұйрығымен сәйкес 3 - 4 курсының педагогикалық факультетінің студенттеріне білім беру бағдарламасының /"Дефектология" мамандандығы бойынша қосымша семестрлік оқу ұйымдастырылды. Барлығы 72 студент оқуға түсті.Үздіксіз білім беру орталығымен педагогика факультет студенттеріне арналған қосымша семестрілікке элективті пәндер каталогы өңделді және бекітілді. Жұмыс оқу бағдарламасына логопедия, сурдопедагогика, олигофренопедагогика, ерте балалар аутизмі, зияткерлік бұзүшылықтың клиникалық негіздері, тифлопедагогика және коррекциялық педагогика пәндер еңгізілген және бекітілген. Дефектология мамандандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған қосымша семестрлік оқу үрдісінің кестесі дайындалды. Барлығы білім беру бағдарламасының /"Дефектология" мамандандығы бойынша 68 студент оқудан өтті (4 студент сабаққа қатыспау және төлемеу үшін оқудан шығарылды). Рейтингілік және емтихан ведомостілер негіздеме бойынша студенттеріне қосымша «Дефектология» мамандығы берілген және лайықты пәндер дипломға жазылды.

2. № 7-20-Б 09.10.2014 ж. ректордың бұйрықтарымен сәйкес 3 - 4 курсының тарих, экономика және құқық факультет студенттеріне білім беру бағдарламасының /"Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандандығы бойынша қосымша семестрлік оқу ұйымдастырылды. Барлығы 38 студент оқуға түсті. Барлығы білім беру бағдарламасының/" Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандандығы бойынша 30 студент оқудан өтті (8 студент сабаққа қатыспау және төлемеу үшін оқудан шығарылды). Рейтингілік және емтихан ведомостілер негіздеме бойынша студенттеріне қосымша «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы берілген және лайықты пәндер дипломға жазылды.

3. № 7-20 09.10.2014 ж. ректордың бұйрықтарымен сәйкес 3 курс 5В011400 Тарих 5В020300 Тарих студенттеріне білім беру бағдарламасының /"Дінтану" мамандандығы бойынша қосымша семестрлік оқу ұйымдастырылды. Барлығы 25 студент оқуға түсті. Барлығы білім беру бағдарламасының/" Дінтану" мамандандығы бойынша 23 студент оқудан өтті (2студент сабаққа қатыспау және төлемеу үшін оқудан шығарылды). Рейтингілік және емтихан ведомостілер негіздеме бойынша студенттеріне қосымша «Дінтану» мамандығы берілген және лайықты пәндер дипломға жазылды.

4. Педагогикалық факультетінің бітіруіші курсын студенттері өзін өзі тану бойынша семинар тренингтен өтті. Барлығы 25 студенттер.


2.12

Ынтымақтастық келісім негізінде жұмыс берушілермен кәсіптік бағдар бағдарламасын дайындау, еңбек нарығы мониторингісін, әлеуметтік серіктестікті жүзеге асыру.

Жыл бойы

ОӘЖП

МОЖ


ФД




Қол жеткізген нәтижелер

Түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: Тұтынушы-жұмыс беруші мен кафедра арасындағы байланысы туралы. Барлық факультеттердің мамандықтар бойынша студенттердің-түлектерің электрондық резюмелерін жинақталуда, алдағы уақытта барлық резюме сайтқа салынуда. 2015 жылғы бітіретін университет түлектерінің тізімін жинақтады. «Түлек» базасы электрондық түрде жасалды және сайтқа еңгізіледі. Жыл бойы 2015 жылғы «Ауыл квотасымен» бітіретін түлектерді түсіндірме жұмыстарын жүргізу және толық мәліметтер жинақталды. Білім беру гранттарын тағайындау Ережесін бекіту туралы: 3.б. «Маманды ауылдық жерге жұмысқа жіберу және өз бетімен жұмысқа орналасу құқығының тәртібі» №58 2008 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына байланысты түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында. 28.04.2015ж. «ЖОО түлектерін жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері мен олардың еңбек нарығына бейімделуі» атты дөңгелек үстел, 15.04.2015 ж. «Түлектерді тарату іс-шарасы», 28.04.2015 «Мансап күні» сияқты шаралар ұйымдастырылады. 2015 жылғы түлектерді тарату шарасын ұйымдастыру:

- бекітілген үлгі бойынша педагогикалық және өнер мамандықтары түлектерінің тізімін дайындау;

- ауыл квотасы негізінде оқуға қабылданған түлектерді анықтау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

-облыстық/аудандық білім беру бөлімдеріне ауыл квотасымен бітіретін түлектер туралы мәліметтер жіберу;

-облыстық білім беру бөлімімен бос орындар туралы мәліметтер алу;

-мәдениет басқармасынан бос орындар туралы мәлімет алу;

-аудандық, қалалық, облыстық білім беру бөлімдерінің меңгерушілеріне, облыстық мәдениет басқармасының бастығына хаттар жіберу;

-мамандықтар бойынша вакансиялар туралы банк құрастырып, кафедраларға мәлімет жіберу;

-БҒМ нормативтік құжаттары мен тарату ережелерін таныстыру мақсатымен педагогикалық және өнер мамандықтары студенттерімен кездесулер ұйымдастыру;

- бітіруші курс кураторларымен түлектерді дербес тарату құжаттарын толтыру жөнінде тренингтер өткізу;

-түлектерге жұмыс орындарына жолдама дайындау, тарату

2014 жылы мансап орталығымен кәсіби бағдар жұмысының бағдарламасы жасалды. Кәсіби бағдар беру бағдарламасының мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың кәсіби бағдар беру жұмысы облысында мемлекеттің жастар саясатын жүзеге асырылуы, жеке сәйкестігін, еңбектік, шығармашылық, интелектуалдық, физикалық, рухани, әдептілік және психикалық дамуын қалыптастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушылардың мамандық таңдауға бағыттау мақсатындағы әрекеттер, оқушылардың кәсіби бағдар беру шараларының кешенін жасау қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие. Бағдарламаның іске асыру мерзімі 2018 жылға дейін.

Осы бағдарлама бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы келесі бағыттарға сәйкес 2015 – 2018 оқу жылы ішінде атқарылады:

-Студенттердің түлектермен кездесуін ұйымдастыру, сонымен қатар шеберлік-сыныптар, ашық дәрістер, семинарлар және тренингтер өткізу.

-Мансап орталығымен кәсіби бағдар беру жұмысын кафедра немесе университеттің басқа бөлімшелерімен бірігіп іс-шаралар өткізу.

-Коммуникативті машықты дамыту, кәсіби анықтау және т.б. мақсатта әртүрлі тренингтер өткізу.

-Кәсіби кеңес беру.


2.13

БҒМ/РОӘК грифімен оқу құралдарын, оқулықтарды шығару және дайындау

Жыл бойы

ҒЖжХБП

ОӘЖП


КОЖ

ОҮҰжБОЖ


КМ

Дайындық жоспарын құру. Жоспардың орындалуын 100 %-ға жеткізу. Оқу құралдарын, оқулықтарды кем дегенде 12 (әр факультетке 2-ден) шығару.

Қол жеткізген нәтижелер

2014-2015ж. РОӘК ОӘК грифін алу үішн 45 жұмыс жоспарланды, соның ішінде 2 жұмыс РОӘК грифін алды, 9 жұмыс РОӘК гифін алуға ұсынылды.



Факультеттер

жоспар

орындалды

РОӘК гифін алуға ұсынылған жұмыстар

жоспардан тыс

1

Педагогикалық

5

-

1

-

2

Жаратылыстану-географиялық

4

-

-

-

3

Филологиялық

6

-

3

-

4

Физико-математикалық

6

-

2

-

5

Тарих, экономика және құқықтық

10

-

-

4

6

Мәдениет және өнер

14

2

3

-




Барлығы 45







3. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жобалары, халықаралық ынтымақтастық, кадрларды даярлау мен кітапхана

қорлары қызметінің негізгі бағыттары

3.1

Университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау және оларды ҚР БжҒМ Ғылым комитеті тарапынан 2015-2017 жж. гранттық қаржыландыру байқауына ұсыну.

Қыркүйек

ҒЖжХБП

КОЖ


ФД

КМ


Кем дегенде 20 ғылыми-зерттеу жобасын дайындау. ҚР БжҒМ Ғылым комитеті тарапынан 2015-2017 жж. гранттық қаржыландыру есебіне кем дегенде 2 жоба ұту.

Қол жеткізген нәтижелер

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2015-2017 жж. Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру байқауы жарияланғаннан кейін 2014 жылдың тамыз-қыркүйек аралығында университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау жұмыстары жүргізілді. Жасалынған жұмыс бойынша байқауға 20 ғылыми жоба ұсынылды және оның 5 қабылданды. Олар мынадай жобалар:

  • «Қыл сымды CVD әдісімен алмазды қабықшалар негізінде биологиялық және химиялық сенсорлардың түп нұсқаларын дайындау» (ғылыми жетекші: п.ғ.к. Г.К. Жусупкалиева);

  • Участие Казахстана в интеграционных процессах в рамках ЕАЭС: риск, возможности, сценарий (ғылыми жетекші: э.ғ.д. Л.И. Мергалиева);

  • Разработка стратегии формирования, развития и функционирования промышленных кластеров в Западно-Казахстанской и Актюбинской областях (ғылыми жетекші: РФ г.ғ.к. Э.Ж. Имашев);

  • Правотворческая политика и технология: проблемы теории и практики (на примере материалов Республики Казахстан и Российской Федерации) (ғылыми жетекші: з.ғ.к. Л.Т. Назаркулова);

Акмеологические детерминанты развития личности будущего педагога в образовательном пространстве вуза (ғылыми жетекші: п.ғ.к. Б.Б. Мунайдарова).

3.2

ЖОО есебімен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу бағдарламасын дайындау.

Жыл бойы

БП

ҒЖжХБП


КОЖ

Әрбір факультеттер бойынша әзірленген кемінде бір ғылыми-зерттеу бағдарламасын дайындау.

Қол жеткізген нәтижелер

2014 жылы 14 ғылыми-зерттеу жобасы жасалынды және бекітілді (2014 ж. – 9 жоба, 2014-2015 жж. – 5 жоба), соның ішінде жаратылыстану-география факультеті – 1, филология факультеті – 2, педагогика факультеті – 3, тарих, экономика және құқық факультеті – 3, мәдениет және өнер факультеті – 4, физика-математика факультеті – 1.

3.3

ҒЗЖ қаржыландырылатын ғылыми зерттеу жобаларын дайындау және шаруашылық субъектілерімен, кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім шартқа отыру. Ғылыми серіктестікті өндіріс кәсіпорындарымен және БҚО-ң мекемелерімен дамыту.

Қазан-желтоқсан 2014 ж.

ҒЖжХБП

ФД

КМ




ҒЗЖ қаржыландырылатын шаруашылық субъектілерімен, кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім шартқа отыру және жобаларды дайындау, аккредиттеуге ұсынылған әрбір кластерлі білім беру бағдарламалары бойынша кем дегенде бес келісім шарттқа отыру.

Қол жеткізген нәтижелер

2014 жылдың маусымында химия кафедрасының ғалымдары «Бұрғылау карбонатты шламды, мұнай негізді қоңыр ерітіндіні кәдеге жаратудың әдістерін баламалы дамыту саласында ғылыми зерттеу жүргізу бойынша қызмет көрсету» атты ғылыми-инновациялық жобасы жасалынып Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясына қабылданды. Тамыз айында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясымен университет арасында келісім шартқа қол қойылып, жобаны іске асыруға 6 млн. теңге бөлінді. Әрбір кластерлі бағдарламаға аккредитациялауға жекелік ететін субъектілерге, қаржыландырушы ҒЗЖ мекемелері мен кәсіпорындарымен келісім шарт жасалмады. 2014 жылы БҚО және Алматы қаласының келесідей мекемелер және кәсіпорындармен біріккен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін меморандумға қол қойылды:

  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ және «Конденсат» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. 09.10.2014 ж.;

  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ және Қазақстанның жол ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Қол қойылған шарттар бойынша химия кафедрасының ғалымдары жоғарыда аталған мекемелермен біріккен ғылыми-зерттеулер жүргізуде.

3.4

Университет ғалымдарын халықаралық «WestKazInvest 2014» көрме-форумына қатыстыру. ҚР БҒМ және инновация және кәсіпкерлік министрлігі Біріккен Британ Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның кәсіби білім беруді ұйымдастыратын «Ньютон – Аль-Фараби» атты серіктестік бағдарлама.

Қазан-желтоқсан

ҒЖжХБП

КОЖ



Ғалымдардың кем дегенде 8 ғылыми-инновациялық жобасын ұсыну. Университет ғалымдарын форумның секциялық жұмыстарына қатыстыру. ҚР БҒМ және Біріккен Британ Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның кәсіпкерлік, инновация және кәсіби білім беру министрлігі ұйымдастыратын «Ньютон – Аль-Фараби» атты серіктестік байқауына кем дегенде 2 ғылыми-зерттеу жоба дайындалады және ұсынылады.

Қол жеткізген нәтижелер

2014 жылдың 10 қазанындағы болған «WestKazInvest 2014» Халықаралық Бизнес-форумда және көрмеде университеттің ғалымдары белсенді қатысты. Жаңгір хан атындағы БҚАТУ болған ғылыми-инновациялық және инновациялық жобалар көрмесіне университетіміздің келесідей ғалымдарының жұмыстары қойылды:

  1. «Бұрғылау карбонатты шламды, мұнай негізді қоңыр ерітіндіні кәдеге жаратудың әдістерін баламалы дамыту саласында ғылыми зерттеу жүргізу бойынша қызмет көрсету» (ғылыми жетекші: х.ғ.д. Д.К. Мендалиева);

  2. «Желкен типтес желэнергетикалық қондырғыны жасау және өндіріске еңгізу» (ғылыми жетекші: т.ғ.д. Е.С.Айталиев);

  3. «Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны және жақын маңдағы территорияның бұзылған экожүйелерін биологиялық рекультивациялау» (ғылыми жетекші: б.ғ.к. М.М. Фартушина);

  4. «Мұнай кен орындарындағы шламдарды химия-технологиялық негізін жасау және қайта өңдеудегі нұсқаларын анықтау» (ғылыми жетекші: х.ғ.д. Д.К. Мендалиева);

  5. «Разработка и изготовление эксперементальной установки для приготовления кормовых добавок из отходов пивной и ликероводочной промышленности» (ғылыми жетекші: т.ғ.д. Е.С.Айталиев);

  6. «Разработка информационно-аналитической системы мониторинга и управления системами водоснабжения, водоотведения, теплоснабжения на базе современных экономико-математических методов и информационных технологий в Западно-Казахстанской области» (ғылыми жетекші: ф.-м.ғ.к. Г.М. Миниус);

  7. «Производство гранулированного биологического топлива из отходов растениеводства» (ғылыми жетекші: т.ғ.к. И.У Утегенов);

  8. «Виртуализация работы риэлторской компании» (ғылыми жетекші: Д.Г. Габдуллаев).

Бизнес-форумның 5 секциялық отырысына университеттің 17 ғалымы қатысты. №2 «Инновацияны дамыту» секциясында х.ғ.д. Д.К.Мендалиева мен х.ғ.к. З.Х.Кунашеваның «Бұрғылау карбонатты шламды, мұнай негізді қоңыр ерітіндіні кәдеге жаратудың әдістерін баламалы дамыту саласында ғылыми зерттеу жүргізу бойынша қызмет көрсету» атты баяндамасы оқылды. Сонымен қатар бизнес-форумда «Конденсат» АҚ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды. ҚР БҒМ және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия одағыныңкәсіпкерлік, инновация және білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Ньютон – әл-Фараби» байқауына университет ғалымдарының 4 ғылыми жобасы жасалынып жіберілді. Олар:

  • г.ғ.к. В.И. Амельченко «Сельскохозяйственное использование земельных ресурсов для производства продовольствия в Западном Казахстане»;

  • б.ғ.к. Т.Е. Дарбаева «Разработка мероприятий по сохранению уникальных природных экосистем Западно-Казахстанской области как национального достояния Республики Казахстан»;

  • а-ш.ғ.к. Г.Н. Қадисова «Совершенствование и сохранение генофонда герефордского скота и созданиеплеменного стада с живой массой коров в 530-550кг, бычков на откорме 450-500 кг в возрасте 15 месяцев»;

  • ф-м.ғ.к. Г.М. Миниус «Исследование, разработка и испытание действующего лабораторного образца обучающего планшета-навигатора для детей с ограниченными возможностями восприятия мира»;

т.ғ.к. Утегенова И.У. «Исследование опытных образцов биологического топлива из отходов растениеводства».

3.5

Университет ғалымдарының халықаралық ғылыми «Erasmus+» бағдарламасына қатысуын ұйымдастыру.

Жыл бойы

ҒЖжХБП

КОЖ


ХЫДД

ФД


Халықаралық «Erasmus+» ғылыми бағдарламасына кемінде 1 ғылыми жобаны жасап жіберу.

Қол жеткізген нәтижелер

М.Өтемісов ат. БҚМУ Эразмус+ атты Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасының университет-мүшесі. М.Өтемісов БҚМУ ағымдағы оқу жылында бағдарлама бойынша жобалар жүзеге асырған жоқ.

3.6

Ғылыми конференцияларды ұйымдастыру мен өткізу.

Жыл бойы

ҒЖжХБП

КОЖ


ФК

4 халықаралық, 3 республикалық ғылыми конференция ұйымдастыру мен өткізу.

Қол жеткізген нәтижелер

2014-2015 о.ж. 5 халықаралық, 5 республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды және өткізілді. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар:

  1. «Ұлттық білім беру жүйесі: мәселелері, басымдықтары, даму болашағы» (30-31 қазан 2014 ж.);

  2. «Еуразиялық кеңістіктегі іргелес Ресей мен Қазақстан мемлекеттерінің халықтары: өзара келісім мен ынтымақтастық» (25 қараша 2014 ж.);

  3. «Ұлт көшбасшысы: саяси тәжірибе, Қазақстан мемлекеттілігінің дамуы және қалыптасуындағы сара жолы» (27 қараша 2014 ж.);

  4. «Тайманов оқулары-2014» (5 желтоқсан 2014 ж.);

  5. «Қазақ хандығының тарихы: құрылуы, қалыптасуы және дамуы» (26 мамыр 2015 ж.).

Республикалық конференциялар:

  1. «Дінтану – уақыт талабы» (29 қазан 2014 ж.);

  2. «Отаралы Бүркіт және тіл білімінің мәселелері» (7 қараша 2014 ж.);

  3. «Қазақстанның инновациялық даму перспективалары» (18 желтоқсан 2014 ж.);

  4. «Ұлы Отан соғысы: тарих, тәжірибие және жаңаша талқылау» (28 сәуір 2015 ж.);

«ЖОО заманға сай мамандар дайындау: мәселелер, қазіргі таңдағы жағдайы және келешегі» (12 маусым 2015 ж.)

3.7

ПОҚ пен қызметкерлердің ғылыми басылымдарын ағылшын тіліне аудару, алыс шетелдер соның ішінде импакт-факторлы басылымдарда, «Thomson Reuters», «Elsevier», «Springer» мәлімет қорына кіретін, шетелде ағылшын тілінде ғылыми мақалаларын жариялауын ұйымдастыру.

Жыл бойы

ФК

КМ


Кем дегенде 20 мақала шетелде жарық көреді. «Thomson Reuters», «Elsevier», «Springer» мәліметтер қорына кіретін импакт-факторлы басылымдарда әр факультеттен кем дегенде бір мақала дайындау.

Қол жеткізген нәтижелер

2014-2015 о.ж. университеттің ПОҚ алыс шетелдерде(Турция, Польша, Чехия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай) 27 ғылыми мақалалары жарияланды. Сонымен қатар импакт факторы «Thomson Reuters», «Elsevier», «Springer» басылымдарының дерек базаларына кіретін 9 ғылыми мақала дайындалды, олар жаратылыстану-география факультетінде – 9, тарих, экономика және құқық факультетінде – 2, физика-математика факультетінде – 1, филология факультетінде - 1, педагогика факультетінде – 1. Жіберген мақалалардың қорытындысы бойынша университеттің төмендегі 4 ғалымының мақаласы жарияланды:

  1. Niyazbekova A.B., Akatyev N.V., Shakirov T.A. Quantum-Chemical Modeling of Equilibrium State of Systems Cyclotri-, Tetra-, Penta-and Hexaphosphates with di-and Trivalent Cations of p-and d-elements // Biosciences Biotechnolody Research Asia. – 2014. – Vol. 11(Spl. End). P. 117-125.

  2. Aimesheva Z.S. Control Structure and Functions of the Unified Electricity System of the Republic of Kazakhstan // Life Science Journal. – 2014. - 11(12s). P. 315-318.

  3. Ibraimova Zh., Rustenov A., Konisova S., Abildaeva R., Eleuqalieva N. Combined Silage for Pigs with the Use of Bacillus subtilis Probiotic // Journal of Pure and Applied Microbiology. – 2015. – Vol. 9(1). – P. 601-606. Ibraimova Zh., Rustenov A., Abildaeva R., Dauylbay A., Saparbekova A. Preserving Herbs with Lactobacillus plantarum-52 Lactic-acid Bacterium and Their use in Forage For Cows // Biosciences Biotechnology Research Asia. – 2015. – Vol. 12(1). – P. 231-235.

3.8

Алыс және жақын шетелдердегі ЖОО-мен серіктестік байланыстар мен келісім – шарттарды кеңейту.


Жыл бойы

ХЫДД

БҮОЖ


ФД

КМ


Оңтүстік–Шығыс Азия (Оңтүстік Корея, Қытай), Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан университеттерімен ынтымақтастық жөнінде келісім– шарттар жасалады.

Қол жеткізген нәтижелер

Қазіргі кезде М. Өтемісов ат. БҚМУ-нің алыс және жақын шет елдермен жасалған 84 келісім-шарты бар. 2014 жылы университет жоспарына сәйкес М.Өтемісов ат. БҚМУ Оңтүстік-Шығыс Азия (Оңтүстік Корея, Қытай), АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің келесі университеттерімен халықаралық ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасасты:

1.Самарқанд ауыл-шаруашылық институты (Өзбекстан);

2.Шэньян аэроғарыш университеті (ҚХР);

3.Дев Санскрити университеті (Үндістан);

4.С. Нааматов ат. Нарын мемлекеттік университеті (Қырғызстан);

5.Сангконгхое университеті (Оңтүстік Корея);

6.Балыкесир университету (Түркия);

7.Миссисипи алқабының мемлекеттік университеті (АҚШ);

8.Лондон менежмент академиясы (Ұлыбритания).

Сонымен қатар 2014-2015 оқу жылы келесі ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастық орнатылды:

1.Пассау Университеті (Пассау қ., Германия);

2. Л.В. Собинов ат. Саратов мемлекеттік консерваториясы (Саратов қ., РФ);

3.Пенза мемлекеттік университеті (Пенза қ., РФ);

4.Гжель мемлекеттік көркемөнер-кәсіптік институты (Мәскеу облысы, РФ);

5. РҒА А.Н. Несмеянов ат. элементоорганикалық байланыстар институты (Мәскеу қ., РФ);

6. Пермь мемлекеттік өнер және мәдениет академиясы (Пермь қ., РФ);

«Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университетіне (Благоевград қ., Болгария) келісім-шарт жіберілді.


3.9

Ғылыми-зерттеу консорциумдары жасау, шетелдік ЖОО-мен бірлескен ғылыми жобаларды дайындау және жүзеге асыру.

Жыл бойы

ҒЖжХБП

КОЖ


ХЫДД

ФД

КМ



Экономика және физика-математика ғылымдары бойынша екі ғылыми-зерттеу консорциумдарды жасау. Кемінде екі халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін университет ғалымдарының қатысуы.

Қол жеткізген нәтижелер

2015 жылы М.Өтемісов ат. БҚМУ, Н.Г.Чернышевский ат. Саратов мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Орал тарихы мен этнографиясы ғылыми-зерттеу институты арасында «Процессы и перспективы евразийской интеграции» атты халықаралық ғылыми-зерттеу консорциумы жасалды.

2014-2015 о.ж. «Евразия-Поволжье» (Саратов қ., Ресей) ақпараттық сараптау орталығымен және «Еуразия халықтары достастығы» (Орынбор қ., Ресей) атты автономды үкіметтік емес бірлестікпен «Еуразиялық интеграциясының үрдісі мен келешегі» атты 1 ғылыми-зерттеу консорциум құрылды. 2014-2015 о.ж. экономика және физика-математика ғылымдары бойынша халықаралықғылыми-зерттеу консорциумдары құрылмады.

ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсы жарияланды. Конкурска физика және математика кафедрасынан бір жоба тапсырылды (Қыл сымды CVD әдісімен алмазды қабықшалар негізінде биологиялық және химиялық сенсорлардың түп нұсқаларын дайындау – ғылыми жетекшісі Жусупкалиева Г.К., ғылыми зерттеу тобының құрамы - А.А.Кульжумиева, К.С.Фабисяк, К.С.Бактыбеков, А.Е.Кузьмичева, А.У.Искалиева, Г.Ш.Кажмуханова, қаржыландыру көлемі - 60.000,0 мың теңге)

Саратов мемлекеттік заң академиясының ғалымдарымен бірге бірлескен министрлік тарапынан қаржылатын грантық конкурсқа қатысып «Құқық шығармашылық саясат пен технология: теориялық және тәжірибелік мәселелері (ҚР мен РФ мәлеметтері негізінде)» тақырыбында гранттқа ие болдық.



3.10

«Болашақ» Халықаралық шәкіртақылық бағдарламасы, халықаралық ДААД ,Темпус-Персеус, TOSCA II халықаралық жобасына ПОҚ- ның және магистранттардың қатысуын ұйымдастыру.

Жыл бойы

ЦМП

ХЫДД


ФД

БЖ


«Болашақ» бағдарламасы бойынша кем дегенде 5 үміткердің қатысуы. ДААД, Mevlana халықаралық бағдарламаларында оқытылатын кем дегенде 7 үміткердің, ПОҚ – нан кем дегенде 3 үміткердің қатысуы.

Қол жеткізген нәтижелер

2014-2015 оқу жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша келесі М.Өтемісов ат. БҚМУ студенттері мен түлектері оқуын жалғастыруда: Карлтон Университетінде (Оттава қ., Канада) «Экономика» мамандығы бойынша Сергалиев Алибек, Ворвик университетінде (Ұлыбритания) «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистрант Насыгазы Болат, Эссекск университетінде (Колчестер қ., Эссекс графствосы, Солтүстік Ирландия) «Шетел тілдері» мамандығы бойынша Курмангали Фариза; Лондондық Сити университетінде (Ұлыбритания) «Шетел тілдері» мамандығы бойынша Есбергенова Гульнар; Эксетер Университетінде (Ұлыбритания) «Шетел тілдері» мамандығы бойынша Шарабасова Гульниса; Сингапур ұлттық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Мукаев Куаныш; М.В.Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Тарих» мамандығы бойынша Абдрахманова Газиза; М.В.Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша Алдияров Жигер.

2014ж. магистратурада оқу үшін құжаттарды М.Өтемісов ат. БҚМУ-нің келесі түлектері тапсырды:

1.Даупаев Нурсултан, «Информатика» мамандығы, Гамбурга Университеті (Германия);

2.Кусайынов Темирлан, «Қаржы» мамандығы, Лондондық университеттік колледж (Ұлыбритания).

М. Өтемісов ат. БҚМУ әртүрлі шәкіртақылық халықаралық бағдарламаларға қатысады және TOSCA II Еуропалық комиссия жобасының серіктесі болып келеді. Иманбаева Лейля – «Менеджмент» мамандығының 2-курс студенті, 2014 жылдың тамыз айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін Салоники қаласындағы Александрия технологиялық білім беру институтында (Греция) оқуға грант ұтып алды.


3.11

ПОҚ-ның академиялық мобильділігін ұйымдастыру. Шетел ғалымдарын М. Өтемісов атындағы БҚМУ-не шақыру. БҚМУ ғалымдарын ЖОО–ның серіктестеріне дәріс оқу үшін жіберу.

Жыл бойы

ФД

КМ

ХЫДД




Әрбір түлектер шығаратын БҚМУ кафедраларына 10 шетелдің ғалымдарын шақыру. ЖОО – ның аккредиттеуге ұсынылған әрбір мамандығын, соның ішінде БҚМУ – нің мамандықтарын шақырылған ғалымдармен кем дегенде 40 % қаматамсыз ету.

Қол жеткізген нәтижелер

ПОҚ-ның кіріс академиялық ұтқырлығы 2014-2015 оқу жылы білім мен ғылым бағдарламалары аясында университетімізге шет елдік профессор-ғалымдарды шақыру жоспарын жүзеге асыру мақсатында дәріс оқуға, кеңес, шеберлік класстар өткізу, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алыс және жақын шет елдерден ғалым-профессорлар шақырылды. Кіріс ұтқырлық 20-дан аса ПОҚ , шығыс 10-нан аса.

3.12

Студенттердің академиялық мобильділігін ұйымдастыру. Шетелдік студенттер мен магистранттарды ЖОО-на оқуға шақыру, соның ішінде семестрлік оқуға; БҚМУ студенттері мен магистранттарын семестрлік оқуға шетел ЖОО-на жіберу.

Жыл бойы

ҒЖжХБП

ОӘЖП


ОҮҰжБОЖ

БҮОЖ


ФД

КМ



Шетел студентерінің БҚМУ – не, ал БҚМУ – нің студенттерін шетел ЖОО – на қызығушылықтарын ояту және серіктестік орнату. БҚМУ ұсынатын аккредиттеуге академиялық студенттердің айырбастауына БҚМУ-ң әрбір мамандықтарын қамтамасыз ету. Аккредиттеуге қатыспайтын факультеттер үшін, кем дегенде әрбір факультеттен екі мамандық бойынша.

Қол жеткізген нәтижелер

83 білім алушы шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында семестрлік оқуда болды, олардың 78-і бакалавриат студенттері, 5-уі магистранттар. РФ-ның 24 студенті БҚМУ-да семестрлік оқудан өтті. Оқуға барған студенттер: Алыс шетелде – 14 студент: Лондон менеджмент академиясы (Ұлыбритания) – 4; Миссисипи мемлекеттік университеті (Итта Бена қ., АҚШ) – 2; Отто фон Герике университеті (Германия, Магдебург қ.) – 4; Йоганнес Гутенберг университеті (Германия, Майнц қ.) – 1; Александрия технологиялық университеті (Греция, Салоники қ.) – 1; Ұлы Казимир атындағы мемлекеттік университеті (Быдгощ қ., Польша) – 1; Н.Коперник атындағы мемлекеттік университеті (Торунь қ., Польша) – 1. РФ жоғары оқу орындары – 64 студент: М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа қ., РФ) – 8; Астрахан мемлекеттік университеті (Астрахан қ., РФ) – 2; Қалмақ мемлекеттік университеті (Элиста қ., РФ) – 44; Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (Орынбор қ., РФ) – 3; Саратов мемлекеттік құқық академиясы (Саратов қ., РФ) – 5; И.Н.Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ) – 2. Оқуға барған магистранттар: Алыс шетелде – 3 магистрант: Отто фон Герике университеті (Германия, Магдебург қ.) – 1; Йоганнес Гутенберг университеті (Германия, Майнц қ.) – 2.

РФ жоғары оқу орындары – 2 магистрант: М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа қ., РФ) – 2 Оқуға келген студенттер: РФ жоғары оқу орындары – 24 студент: М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа қ., РФ) – 2; Астрахан мемлекеттік университеті (Астрахан қ., РФ) – 2; Қалмақ мемлекеттік университеті (Элиста қ., РФ) – 9; Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (Орынбор қ., РФ) – 5; мемлекеттік құқық академиясы (Саратов қ., РФ) – 5; И.Н.Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ) – 1. – 2; государственный университет (г. Элиста, Республика Калмыкия, РФ) – 9; Оренбургский государственный педагогический университет – 5; Саратовская государственная юридическая академия (г. Саратов, РФ) – 5; Ульяновский государственный педагогический университет имени И.Н.Ульянова (г.Ульяновск, РФ) – 1.

2014-2015 оқу жылында 2014 жылдың 5 қыркүйегіндегі 7-3 бұйрығына сәйкес 6М011900 – Шетел тілі екі шетел тілі мамандығы бойынша 2 курс магистраттары Майнц қаласы (Германия) Йоганнеса Гутенберг университетіне 01.10.2014-30.03.2015 ж. аралығында Калиева А.А., Ситалиева Р.Э.;

2014-2015 о.ж. 2015 жылдың 27 қаңтардағы 7-83А академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6М011600 – география мамандығы бойынша РФ А.Акмуллы атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетіне 2 ақпанынан-25 сәуір аралығында Исмаилова М.М., Мурзатаева М.М.;

2014-2015 о.ж. 2015 жылдың 7-142 бұйрығына сәйкес 6М010900 мамандығы бойынша 2015 жылдың 24 сәуір-1 қазан күндері аралығында Отто фон Герике атындағы университетіне (Магдебург қ., Германия) Н.М. Даупаев семестрлік оқуға жіберілді.


3.13

Студенттер мен магистранттарды және ПОҚ «Аймақ-2050» жалпыұлттық ғылыми байқауына қатыстыру.

Желтоқсан

ҒЖжХБП

КОЖ


ФК


Студенттер мен магистранттардың және ПОҚ-ның «Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауына кемінде 10 жобасын дайындау және жіберу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет