М.Өтемісов атындағы БҚму ректоры, академик А. С. Иманғалиев 2015ж



бет3/3
Дата10.06.2017
өлшемі0,85 Mb.
#18993
1   2   3

Қол жеткізген нәтижелер

Аталған байқау аясында Батыс Қазақстан облысынан - 33 онлайн- өтініш түсті. Соның ішінде 13 дербес жоба, оның ішінде 10 жоба М.Өтемісов ат. БҚМУ өкілдері: 3 қатысушы тарих, экономика және құқық факультетінен (Б.Ә.Кәдірғалиев, Г.Н.Сулейменова, А.С.Бекешев); 5 қатысушы жаратылыстану-географиялық факультетінен (Ж.Н.Уалиахметова, Б.У.Беккалиев, А.А.Тургумбаев, Б.К.Карамурзиева, И.В.Мизанова); және К.Б.Кайржанов, А.С.Жаксыгалиева.

Сонымен қатар байқауға қатысу үшін 20 жобалық командалар онлайн- өтініш берді, барлығы М.Өтемісов ат. БҚМУ өкілдері. Командалық топтардың ішінде 11 тарих, экономика және құқық факультетінің өкілдері, 3 жаратылыстану-географиялық факультетінің өкілдері, 4 филологиял факультнен; 2 педагогикалық факультінен. Байқау комиссиясы «Аймак – 2050» байқауына қатысқан барлық қатысушылардың нәтижелерін қорытындылай келе, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 екінші орынды және 2 үшінші орындары беріліп, соның ішінде М.Өтемісов ат. БҚМУ-ға командаларына үш орын тиесілі болды. Сондай-ақ педагогики және психология кафедрасынан В.Л. Мельников жетекшілік еткен команда екінші орынға ие болды, экономика және менеджмент кафедрасынан Н.К. Буланова жетекшілік еткен команда үшінші орынға және экономика және менеджмент кафедрасынан Ж.С. Аймешева жетекшілік еткен команда үшінші орынға ие болды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауында 2 және 3 орынды ие болған жеңімпаздар тізбегі

Авторлардың аты-жөні

Жұмыстың атауы

Ұсынылған орын

Мельников Владимир Леонидович

К региональному благополучию через законотворческие инициативы

2

Н.К.Буланова, А.А.Михеева, М.К.Жазыкбаева, Е.Р.Досмухамбетов, А.В.Герасимов

Стратегия развития малого и среднего бизнеса в Западно-Казахстанской области

3

Ж.С.Аймешева, Г.И.Нестеренко, В.У.Чудрова, А.Ж.Бахтиярова, О.В. Черемухина

Необходимость системы энергоменеджмента

3




3.14

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы атты республикалық байқауға студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының дайындық сапасын арттыру.

Ақпан

ҒЖжХБП

КОЖ


ФК

КМ


Кем дегенде 70 сапалы орындалған және рәсімделген студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық байқау кезеңдеріне жолданады. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына кем дегенде күндізгі бөлімде оқитын студенттер мен магистранттардың 35% тартылады.

Қол жеткізген нәтижелер

Студенттердің республикалқ ғылыми-зерттеу байқауына жіберілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары 2014-2015 о.ж. бастап ұйымдастырылды (кеңес беру, бекіту, т.б.). 2015 жылдың ақпанында байқау комиссиясының шешімімен республикалық этапқа 85 студенттің 37 мамандық бойынша жұмысы жіберілді. 2014-2015 о.ж. күндізгі бөлімде оқитын студенттердің 27,6 % СҒЗЖ тартылған.

3.15

Қазақстан мен ТМД елдерінде өтетін пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға студенттерді дайындау және қатыстыру.

Жыл бойы




Қазақстан мен ТМД елдерінде өтетін пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға әр мамандық бойынша студенттермен командалардың қатысуын дайындау. Шетелдерде байқауларға қатысу үшін әрбір факультет бойынша кем дегенде бір команда дайындау.

Қол жеткізген нәтижелер

2014-2015 о.ж. күндізгі бөлімде оқитын студенттердің 1,8 %, яғни, 75 студент сырттай және тікелей республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты. Студенттердің облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысу қорытындысы бойынша (с.і. ғылыми жетекшісімен бірге) М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері 2014-2015 о.ж. 72 мақала жариялады.

2014-2015 о.ж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ 17 (17 мамандық бойынша) команда республикалық пәндік олимпиадаға қатысты және олардың 11 командалық және жекелей түрде жүлделі орындар алды. Командалық есепте келесідей мамандықтар жүлделі орындар алды: 5В011600-География – 2 орын, 5В091000 – Кітапхана ісі – 2 орын, 5В050100-Социология – 2 орын, 5В010400-Алғашқы әскери дайындық – 2 орын, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт – 2 орын, 5В011300-Биология – 3 орын, 5В090600-Мәдени-тынығу жұмысы – 3 место. Жекелей есепте университетіміздің 8 студенті жүлделі орын алды.

2014-2015 о.ж. Ресейде өткен халықаралық олимпиадаларға университетіміздің 5В020200-Халықаралық қатынастар, 5В050500-Аймақатану (тарих, экономика және құқық факультеті) және 55В011900-шет тілі: екі шет тілі (филология факультеті) мамандықтарының 5 студенті қатысып, командалық есепте 1 орын және сертификаттармен марапатталды.


4. Тәрбие жұмысы саласындағы жобалар мен қызметінің негізгі бағыттары

4.1

Студенттер отрядының, мамандандырылған «Жасыл ел» отрядының, педагогикалық отрядтың жұмыстарын ұйымдастыру; волонтерлар қозғалысы.

Жыл бойы

ТЖБЖ

ФД


Өмірдің әр түрлі жағдайларында қосымша тәжірибе мен біліктілік алу үшін құрылыс объектілерінде, қала кәсіпкершіліктерінде, мектептерде, балалар үйінде жұмысты ұйымдастыру мақсатында студенттер қатарынан отрядтар құру.

Қол жеткізген нәтижелер

Ағымдағы жылдың жаз айында құрамына 115 студент қамтитын «Жасыл ел» студенттік еңбек семестрінің 3 жасағы жұмысын бастамақ. Еңбек семестрін 2015 жылдың маусым айынан сәтті бастаған студенттік құрылыс жасағы 5 топтан тұрады. Педагогика факультеті жанынан құрылған «Луч» педагогикалық жасағы қаламыздағы Қарттар үйі мен Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ауқымды жұмыстар жүргізді. Жасақ мүшелерінің аталмыш мекемелердің педагогикалық ұжымымен бірге атқарған жұмыстары білім алушы жастардың тәжірибелік біліктілігін арттыруда оң нәтижелер көрсетті.

Білім беру мекеме жетекшілерінің пікірі студенттердің мамандық бойынша алып жатқан білімдерінің тәжірибе жүзінде қолдануда жемісті болғанын дәлелдеп отыр. «Бөбек» қоры, «Серпін» Мәңгілік ел жастары индустрияға жобасы аясында білім алып жатқан жастар, белсенді студенттердің көпшілігі ерікті қызмет атқарады. Студент жастар университет, қала, облыс аумағында жүргізілетін «Денсаулық фестивалі», маңызды тақырыптағы флэш-мобтарға, «Мектепке жол», «Тыл, еңбек, соғыс ардагерлеріне көмек», «Велошеру», «Көпшілік жүгіру», акцияларына үлкен қызығушылықпен қатысады. Өмірлік біліктілікке үйренуде студенттер үлкен тәжірибе жинақтайды.



4.2

Қоғамдық бірлестіктерде жастардың жұмысын ұйымдастыру.

Жыл бойы

ТЖБЖ

ФД


Жастардың саяси орталығы, пікір-сайыс клубтары бірлестіктерінің бекітілген жұмыс жоспары, Республикалық және университеттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысатын студенттердің санын 27 %- ға дейін, ал қоғамдық - саяси ұйымдардың қызметіне қатысушылардың санын 50%-ға арттыру.

Қол жеткізген нәтижелер

Жастар ұйымдарының басты мақсаты жоғарғы оқу орнында білім алған кезеңінде болашақ талап етілетін маман иесіне қажетті қасиеттерді сіңіру болып табылады.

«Ақиқат» пікір-талас орталығы ЖҚБ университетте 2004 жылдың 2 сәуірі құрылды. Бүгінде қоғамдық бірлестік Батыс Қазақстан облысындағы жастардың орталығы болып табылады. Мақсаты: Еліміздегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға, олардың рухани дүниесінің, ой-өрісінің артуына, әлеуметтік статусының, саяси және құқықтық мәдениетінің жоғарылауына атсалысу, мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау.

Университеттің 70 студенті аталған орталықтың негізі болып табылады. Гранттық жобаларды жүзеге асыруда келесідей шаралар өткізілді: фестиваль, семинар-тренингтер, пікір- сайыс турнирлері.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіподағы.



Мақсаты: кәсіподақ мүшелерінің кәсіби, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, оқу және демалыс кезіндегі жағдайларын жақсарту, өз қаражаттары есебінде қаражат қорын қалыптастыру, мәдени және қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

БҚМУ студенттік кәсіподақтың қызметінің нысаны болып табылады:

1.Жетім балалар, көп балалы отбасылардың қатарынан және отбасылы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету;

2.Мүмкіндігі шектеулі студенттерге әлеуметтік көмек көрсету;

3.Университеттің және факультеттердің ic-шараларын қаржыландыру;

4.Білім туралы заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, кәсіптік одақтар өз мүшелеріне қатысты және анықталған бұзушылықтарды жою талаптар заңнамасын жүзеге асыру;

5.Қайырымдылық ic-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

6.Мәдени - тынығу қызметін ұйымдастыру;

7.Өзге де кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимылды, басқа мемлекеттердің ұйымдарымен кәсіподақтық байланысты нығайту болып табылады.

«Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кәсіби студенттер одағы» - қоғамдық бірлестік төрағасы - Кабдешев Алмаз (3 курс студенті, филология мамандығы: қазақ тілі) болып табылады.

«Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі . Мақсаты: жас бизнесмендерді дайындау.


4.3

Студенттер күні мерекесіне орай төмендегідей номинациялар бойынша: «Үздік студент»; «Жас Ғалым»; «Үздік тілші»; «Үздік спортшы»; «Үздік КТК ойыншысы»; «Үздік пікір-сайысшы»; «Үздік студенттік - жоба», « Жылдың жас патриот»; «Оқуда озат»; «Үздік жасыл ел жауынгері, СҚЖ»; «Жаңа есім»; кубоктармен марапатталады.

Қазан- қараша

2014 ж.


ТЖжӘМП

ТЖБЖ


ФД


Салтанатты шара өткізу. Оқудағы, ғылымдағы, шығармашылықтағы, спорттағы жетістіктері үшін студенттерді марапаттау. Қоғамдық пайдалы қызметке оң ынталандыруды қалыптастыру.

Қол жеткізген нәтижелер


Жоспар бойынша 2014 жылдың қараша айында халықаралық студенттер күніне орай тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім университет факльтеттерінің деканаттарымен біріге отырып «Жыл студенті», «Жыл жобасы», «Үздік студенттік декан», «Үздік спортшы», Марапаттау рәсімінде 6 факультеттің делегациясы, оқу орнының жастар даму орталығының студенттері қатысты. Университет Ректораты естелік сыйлықтарымен ынталандырды. Оқуда, ғылымда, спортта, өнерде өз үлестерін қосып жүрген, республикалық олимпиадаларға, байқауларға, фестивальдерге қатысып жүрген студенттер Құрмет грамотасымен, алғыс хатпен сонымен қатар құнды сыйлықтармен марапатталды. Қазан айында 3-ші жазғы еңбек семестрінің жабылуы өтті. Жабылу салтанатында «Үздік СҚЖ командирі», «Үздік жасыл ел командирі» марпатталды.

4.4

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру.

Жыл бойы

ТЖжӘМП

ФД

«Достық» КЖ



Қазақстан халық Ассамблеясының ХХ сессиясының ұсынысымен құрылған жоспарды орындау. Студенттер ортасында толеранттылықты, қалыпты этносаралық қарым қатынасты қалыптастыру.


Қол жеткізген нәтижелер


Университет студенттері Юрикова И., Таирова Т., Набиуллина З., Тудакова В. өзге ұлт өкілдері арасында өткен облыстық «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты байқауға қатысты. Университет студенттері өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысты. Университет студенттері 3 тілді жетік меңгеруге бағытталған «Тілдарын-2014» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысты. Тілдерді жетік меңгерулерін дәлелдеу. Облыс деңгейіндегі байқау. А. Шуиншалиева– 2 орын; А. Шалабаева -3 орын. Оқытушылар Д.Н.Еснтемиров, Н.Нурпеисова, студент Л.Габитова жоғары деңгейде қазақстан-ресей форумы аясында өткен «Казахстан-Россия» атты үлкен концертке қатысты.

«Тіл – татулықтың тірегі» атты қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері арасында облыстық байқау өткізілді, конкурсқа Набиуллина Зульфия мен Фаил Ботагоз қатысты. Мақсаты мемлекеттік тілді жетік меңгергенін көрсету университетті өз дәрежесінде көрсету. Облыстық деңгейдегі конкурсқа әртүрлі мамандық иелері қатысты: мұғалім, инженер, дәрігер, студенттер. Лауреаттар республикалық деңгейдегі форумға қатысуға мүмкіндік алды, З.Набиулина III орын алды, Б.Фаил алғыс хатпен марапаталды. Екі студент республикалық деңгейдегі форумға қатысады. бөлісті.

2015 жылдың 16 – 20 наурызы аралығында мәдениет және өнер факультетінің ұйымдастыруымен «Мәдении- тынығу жұмысының халықтық дәстүрлері» пәні бойынша «Бір ел- бір халық- бір болашақ» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған фестиваль өткізілді. Осы фестиваль аясында « Өшпес махаббат нышаны Тадж-Махал», «Россия – щедрая душа», «Сырға толы Гүржістан», «Өнегелі, өнерлі Өзбекстан», «Сырлы Ыстамбұл», «Таң самал елі - Корея», «Армысың, Әз-Наурыз!» атты салт –дәстүрлік, мерекелік шаралар өткізілді.

Университет көлемінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған кешенді жоспар бекітіліп, жүзеге асырылды. Жоспар негізінде кураторлық сағаттар, студенттер мен университет оқытушылары мерекелік шаралар, облыс, республика деңгейінде өткізілген форумдарға, фестивальдерге, акцияларға қатысты. Филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының топ кураторлары А.Б. Насимуллина мен Р.Ғ.Шамғонованың ұйымдастыруымен «Әлем, бірлік, ынтымақ»; 2015 жылдың 6 ақпан күні «Единство народа – демократия страны». Физика-математика факультетінің «физика», «математика» мамандығының студенттері мен кураторы 20 ақпан күні «физика және математика» кафедрасының аға оқытушысы Б.С.Имангалиева мен ғылым магистрі А.М.Кабулованың ұйымдастырумен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Тілегі бірдің тірлігі бір...» атты тәрбиелік іс-шара өткізді. 16 ақпан күні тарих, экономика және құқық факультетінің 09305 «есеп және аудит» мамандығы «2015 жылдың атаулы күндері» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. 24 ақпан күні мәдениет және өнер факультетінің «аспапта орындау» және «вокалдық өнер» мамандығының студенттері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» атты кураторлық сағат ұйымдастырды. Барлық факультеттерде осындай тақырыптарда кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттардың мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын құрудағы маңыздылығы, Қазақстан территориясындағы ұлттар мен ұлыстардың татулығы, достығы, бірлігі қоғамдағы тұрақтылық екені туралы ақпарат берілді. Қазақстан жерінде өмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстардың сенімі, дәстүрі, толеранттылық ең негізгі принциптер екені айтылды. Татулық пен берекенің ордасы болған қазақ елінің көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері мекендегеніне қарамастан бәрі бір атаның баласындай өмір сүріп жатқанын көрсету.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының тұсауы кесілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына белсенді қатысу, іс-шараларды өте жоғары деңгейде өткізу жоспарланып отыр. «Әрбір жүректе Отаным» атты тақырыпта университеттің 90 студенті флэш-мобқа қатысты.

2015 оқу жылының ақпан айының 10-18 күндері аралығында II семестрі бойынша барлық факультеттердің студенттеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы,. Мақсаты студенттердің маңызы бар атаулы күндердің маңыздылығын түсіндіру. Атаулы күндердің маңыздылығын түсіндіру мақсатында ақпараттық насихат тобы құрылды мүшелері ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Г.Т.Жалекенова мен Құқықтану кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Н.Б.Сабыргалиева. Кездесулер барысында атаулы күндердің маңыздылығы, тарих беттерінде алтын әріптерімен жазылатындығы айтылды, студенттерге слайд - фильм түрінде дайындалған мәліметтер ұсынылды.

Кураторлық сағатқа өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Балалар музыкалық мектебінің директоры С.М.Погодин қатысты. Өз сөзінде Қазақстандағы теңдесіз жоқ институт Қазақстан халқы Ассамблеясы екенін оның елдегі бірлік пен бейбітшілікті сақтаудағы маңыздылығын айтып жеткізді.

2015 жылдың 12 наурызында М.Өтемісов атындағы БҚМУ бас ғимаратының 215 кабинетінде ғылыми кітапхана, жоо-дан кейінгі дайындық бөлімі және 1 курс магистранттарымен ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 - жылдығына орай ұйымдастырған «Достығымыз мәңгілік!» атты мәдени шара өткізілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір» атты университет қызметкерлері мен оқытушылары арасында байқау ұйымдастырылды. Байқаудың нәтижесі бойынша I орынға педагогика және психология кафедрасының аға оқытушы-магистрі Л.П.Кусенова; II орынға география кафедрасының доценті З.К.Сахарнова; III орынға шетел тілі кафедрасының оқытушы-магистрі Н.К.Лысенко ие болды және алғыс хаттармен информатика кафедрасының оқытушысы И.Н.Пугачева, музыкалық білім кафедрасының оқытушысы Е.В.Кузнецова, №2 жатақхана коменданты М.Ж.Хусайнова марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай облыс жоғары оқу орындарының профессор – оқытушылар құрамы арасында үстел теннисі жарысы өткізілді. Жарыс нәтижесінде 1-орынды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті, 2-орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 3-орынды Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы иеленді.

18 наурызда тарих, экономика және құқық факультетінің 1 курс студенттері арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, наурыз мейрамына орай шара өткізілді. Іс-шарада 12 ұлттың, қазақтар, орыстар, украиндер, дұнғандар, ұйғырлар, кәрістер, татарлар, түркмендер, түріктер, өзбектер, әзірбайжандар, грузиндердің дәстүрлерінен тұсаукесер көрсетілді, ұлттық ас мәзірі, өнері таныстырылды.


4.5

Ұлы Жеңістің - 70 жылдығына арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру.


Жыл бойы

ТЖжӘМП

ТЖБЖ


ФД

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған жоспарды орындау. Патриотты мамандарды тәрбиелеу.

Қол жеткізген нәтижелер


2014-2015 оқу жылы бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту мақсатында жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес университет деңгейінде іс- шаралар, спорттық шаралар, кураторлық сағаттар, дәстүрлі емес формадаға шаралар оздырылды. Атап айтар болсақ профессорлық – оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында спорттың 7 түрінен 58-ші қысқы спартакиада өтті. СпартакиадаиҰлы Жеңістің 70 жылдығына арналып өтті. Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлері: П.Р.Букаткин, Х.Ж.Суюншалиев, М.Ж.Жолдыкаирова, спорт ардагерлері: К.И.Исмагулов, Ж.С.Жардемов. Спартакиаданың ашылу салтанатында университет ректоры, п.ғ.д, профессор А.С.Имангалиевқатысушыларға алғы сөзін айтты. I-орын, 58-ші спартакиада кубогін - мәдениет және өнер факультеті; II-орын – жаратылыстану- география факультеті; III-орын- университет әкімшілігі командасы. Жоғары деңгейде ойын көрсеткен қатысушылар университет кәсіподағының естелік сыйлықтарымен марапатталды, сонымен қатар, спорттың 7 түрі бойынша командалар аталып өтті. 2015 оқу жылының ақпан айының 10-18 күндері аралығында II семестрі бойынша барлық факультеттердің студенттеріне Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Мақсаты студенттердің маңызы бар атаулы күндердің маңыздылығын түсіндіру. Атаулы күндердің маңыздылығын түсіндіру мақсатында ақпараттық насихат тобы құрылды мүшелері ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Г.Т.Жалекенова мен Құқықтану кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Н.Б.Сабыргалиева. Кездесулер барысында атаулы күндердің маңыздылығы, тарих беттерінде алтын әріптерімен жазылатындығы айтылды, студенттерге слайд - фильм түрінде дайындалған мәліметтер ұсынылды. Университеттің ғылыми кітапханасы магистратура бөлімімен біріге отырып Ұлы Жеңістің 70- жылдығына шара өткізді. Соғыс және тыл ардагерлеріне еске алу арқалы жас мамандардың адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға ықпал ету. Кездесуге соғыс ардагерлері Букаткин П.Р., Суюншалиев Х.Ж., тыл ардагерлері Нурмухамбетова М.М., Жолдыкаирова М.Ж., Космосова А.А. шақырылды. Мәдениет және өнер факультеті Ұлы Жеңістің 70- жылдығына орай театр фестивалін өткізуге ықылас білдірді. Университеттің дарынды студенттеріне жаңа жобада жан- жақты көрсетіп дамыту, сонымен қатар шығармашылық мамандықтарда білім алушыларға маман ретінде қарауға мүмкіндік беру. Фестиваль бір аптаға созылды, Т.Ахтановтың, Б.Васильевтың «А зори здесь тихие» және басқа да қойылымдар көрермен – студенттердің ықыласына бөленді. Студенттер жоба ұйымдастыруда және ойларын жүзеге асыруда тәжірибе алды. жылдың 4-5 мамыр аралығында «Ақиқат» пікір – сайыс орталығы музыкалық білім кафедрасының (Нагимова М.М.) бастамасымен Ұлы Жеңістің 70- жылдығына арналған республикалық әскери- патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды. Тарихын білетін және соғыс жылдарындағы әндерді ұмытпайтын Қазақстан ұрпақтарын тәрбиелеу. Байқауға Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларынан қатысты. Қатысушылардың орындау шеберліктері жоғары деңгейде болды. Әділ қазылар алқасы олардың еңбектерін бағалады. Гран-при «Батысstar» тобы; I-орын – «Каусар» тобы.



4.6

«Серпін 2050- Мәңгілік ел жастары индустрияға» - бағдарламасы бойынша оқитындардың, жеке қалыптасуы бойынша жобалардың жүзеге асырылуы. Басқа облыстан келген студенттерге батыс аймағының тарихын таныстыру, жаңа дәуір міндеттерін шешуге қабілетті мамандарды құру бойынша жағдай жасау.


Жыл бойы

ТЖжӘМП

ТЖБЖ


ФД

«Серпін 2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттердің бейімделуіне жағдай жасау. Қазақстанның әртүрлі облыстарынан келген студенттерді Батыс Қазақстан тарихы бойынша танымын кеңейту.

Қол жеткізген нәтижелер



2014-2015 оқу жылының тамыз айынан университет табалдырығын аттаған «Серпін -2050» Мәңгілік ел жастары индустрияға бағдарламасы аясында грант негізіне оқуға түсікен студенттерді университеттің өміріне бейімделуге арналған жоспар құрылып, жетекшілік ететін координатор тағайындалды. Оқу жылы бойынша студенттердің университетке бейімделуі, әлеуметтік жағдайы, тұлға ретінде қалыптасуы, қоғамдағы барлық іс- шараларға белсенді қатысуы жүзеге асырылды. Оқу жылы бойынша студенттердің тұлғалық бейімделуіне бағытталған шара тәрбиеж ұмысы жөніндегі бөлімнің жіті назарында болды. Студенттердің барлығына жаңа №2 жатақханаға орналастырылды. Орал қаласының тарихи – өлкетану мұражайында қала тарихымен таныстыру шарасы, «Қош келдің БҚМУ-ға» атты мерекелік концерт,иуниверситет тарихымен таныстыратын бейне фильм көрсетілді. Кездесуде студенттердің ар-намыс кодексі, жатақханада тұру ережесімен таныстырылды. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері студенттік ректор Дүйсенбаев Төрехан бастаған команда университеттің белсенді өмірімен, университеттегі ұйымдармен, спорттық секциялармен, үйірмелермен таныстырды. «Серпін» жобасында білім алып жатқан студенттерге университетке бейімдеу мақсатында психологиялық тренингтер өткізілді. Студенттердің шешендік өнерін шыңдайтын, топ ішінде іркілмей сөз сөйлеуге бейімдеу мақсатында пікір-сайыс ойындарына қатыстырылды, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және қоғамдағы діни ахуалды түсіндіру бағытында құрылған ақпараттық-насихат тобының жұмыс кестесіне сай кездесулер өткізілді. Кездесуде қарастырылған тақырыптар деструктивті культтер, экстремистік ұйымдар мен ағымдар әрекетінің негізі принциптері мен тәсілдері; конфессияаралық келісімінің Қазақстандық моделі; Дәстүрлі және әлемдік діндердің жалпы сипаттары: догматикалық негіздері, терминологиялық аппараты және культтік тәжірибесі; діни экстремизм: пайда болу себептері, негізгі сипаттары және қарсы тұру амалдары; дәстүрлі діндердің рөлі мен рухани танымдық орны тақырыптары қарастырылд тыңы. Салауатты өмір салтын насихаттап, денсаулығын бірқалыпты ұстауға бағытталған әртүрлі тақырыпта дәрігер мамандармен кездесулер атап айтар болсақ; «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Туберкулездің алдын- алу», «Дұрыс тамақтану, жеке гигиена ережелері», «Қыз балаларға арналған дәрігер маманмен» кездесулер, спорттық шаралар, велошерулерге, көпшілік жүгіру, эстафеталық ойындарға қатыстырылды. Студенттердің шығармашылығын шыңдауға бағытталған «Аламан» шығармашылық фестивалі өткізілді. «Мәңгілік ел жастары- индустрияға!» әлеуметтік жобасы грант иегерлерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануға бағытталған Серпін» студенттері спорттың шағын футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ түрлерінен және «Әзілің жарасса» Жайдарман ойынынан қатысты.

4.7

Өзін-өзі басқару жүйесінің құрылғанына 10 жыл толуына орай «Өзін өзі басқару жүйесінің кешегісі, бүгінгісі, болашағы» атты апталық өткізу: (баспасөз – конференциясы, спорттық шаралар, облыстық конференция).

2015 ж.

ТЖжӘМП

ТЖБЖ



Студенттік өзін-өзі басқару ұйымын университет жүйесіне енгізудің 10 жылдық жұмысын, тәжірибесін қорытындылау және ЖОО-ның барлық бағыттарының дамуын студенттермен бірлесе отырып өзін – өзі басқару үрдісіне одан әрі тереңдету бойынша ұсыныстарды конференцияда талқыға салу.

Қол жеткізген нәтижелер

БҚМУ жұмыс жоспарына айтулы күндерге Қазақ хандығының 550 жылдығына, Конституцияның 20 жылдығына, ҚХА жылына іс-шаралар жүргізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді . Жиырмадан астам әр түрлі деңгейдегі мерейтойлық іс-шаралар өткізілді.

Құрастырғандар:

Бірінші проректор___________________А.С. Тасмагамбетов 09.10. 2015ж.

ҒЖжХБ проректор___________________Г.И.Имашев 09.10. 2015ж.

ОӘЖ проректор_____________________Г.К.Жусупкалиева 09.10. 2015ж.

ТЖжӘМ проректор__________________Т.М.Даришева 09.10. 2015ж.



СДжСД директоры__________________ О.В.Юров 09.10. 2015ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет