Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет29/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
Силлабус Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және ұйымдастырылуы 2021-2022
 
Ержүректік құтқарады 
Жаңашыл болып, алдыңғы шекте қалу үшін айналамыздағы өзгерістер мен 
ашылымдарды бақылап отыру керек. Көбіне бұл бақылаулар өзге саладағы ашылымдарға 
алып келеді. Жаңашыл идеялар топ болып пайда болады, бұл сәйкестік емес. Біз 
тенденциядан пайда тауып, дамудың жеке бағытын таңдағымыз келсе, оларды бақылауға 
міндеттіміз. Догмалық ойлаудан құтылуды іске асыруға қарағанда жариялаған оңай. 
Психосарапшы Эрик Фроммның сөздері бойынша 
«ескертуден құтылу үшін 
шығармашылық ержүректілікті талап етеді»
. Біз білімімізді аялап, оған арқа сүйеп, оны 
мақтан тұтамыз. Ерекше ойлау мен мәселелерді ерекше шешу таныс нәрседен бас тарту 
емес, мүмкін нәрсенің шегін кеңейтуді талап етеді, ол заттарды басқа үмітпен қарау үшін 
керек. Жаңа нәрсені іздеуде шабыттанып, өткеннің мұқият бағасының маңызын 
ұмытпаған жөн. Таныс құбылысты толығымен меңгергеннен соң, батыл түрде алдыға 
қадам жасап, жалпы көрініске көз жүгіртсе болады. Осы жақтан жаңа жолдарды көріп, 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
жаңа үйлестікті жасай аламыз. Сонда бұрындары беймәлім болған мүмкіншілік ашылады, 
бұрынғы білім жаңарған мағынаға ие болады, жаңашылдық ерекшелік емес, нормаға 
айналады. Шахмат тарихының өз дәуірі мен мектептері бар. Әдетте олар көрнекті бір 
немесе бірнеше шахматшылардың атымен байланысты. Мысалы, ХІХ аяғында Стейниц 
позициялық ойынның мектебін құрып, жаңа дәуірді ашты, ал алдыңғы жылдың 20-шы 
жылдары «гипержаңашылдық» атты шахматтық ойлар – дәуірлік рөлді ойнады. 
Гипержаңашылдық тірегінің бірі ұлы теорияшыл және беделділерді құлатушы Арон 
Нимцович болды. Ол Стейнцтің қағидалар әрекетін кеңейтіп, анықтады, толығымен 
жаңашыл идеялар тізбегінің базасын шығарды, ал бастысы – партияның басында 
пешкалар тақтайшаның орталығын алып, ұстап тұру керек деген өзекті Стейництік 
қағидаға күмән келтірді. Арон Нимцович пешкалық сапты жылжытпай-ақ, орталық 
алаңды алыстан шабуылдауға болатынын дәлелдеді. «Орталықты иемденуді орталыққа 
фигуралық қысым келтіру алмастыра алады!» - Нимцовичтің бұл тезисі 
гипержаңашылдықтың ең маңызды тасына айналды. Өзінің тәлімін Стейництің ізбасары 
Тарраштың кейбір догмаларын өткір сынау түрінде баяндады. «Бүлікші» мен 
«догматиктің» арасындағы ауызша, идеялық және шахматтық күрес он жылдарға 
созылды. Тарраш Нимцовичтің дебюттік жүрісін «сұрықсыз» деді, ал Нимцович жауап 
ретінде 
«шахматтық жүрістің әдемілігі оның түрінде емес, оның арғы жағында тұрған 
ойында»
дейтін. Оның 
«Менің жүйем»
және 
«Менің тәжірибедегі жүйем»
атты 
оқулықтары баяғыдан классикаға айналды, қазір де ұдайы шығып тұрады. Оның көптеген 
ойлап табуларының ішіндегі ең ғаламаттары – Нимцовичтің қорғанысы және жаңаүнділік 
қорғаныс – атақты дебюттар қатарында қала бермек.
Гипержаңашылдықтың жақтасы және дәріптеушісі, осы терминді өзі ойлап тапқан, 
Савелий Тартаковер гроссмейсер болды. Ол 
«Ультрақазіргі заманғы шахматтық 
партия»
еңбегінің және көптеген шахматтық афоризмдердің авторы (үмітсіз позияция 
кезінде жауынгер рухын берік етуге көмектесетін оның өшпес фразасын қараңыздар 
«Әлі 
ешкім партияны өткізіп беріп, жеңіске жетпеген»
). Оның өмірі қызық өтті, көп 
саяхаттап, көп жазды. Оның ойлап табуының қатарына нью-йорктік зоопаркті аралағаннан 
кейін «орангутанг дебюті» деп атаған дәстүрлі емес қанаттық бастауы. Тартаковер 
Парижде тұрды, алайда поляк азаматтығын иеленді және 30-шы жылдардағы 
олимпиадаларда Польшаның мықты командасын басқарды, бірақ поляк тілінде сөйлей 
алмайтын. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде француз қарсыластарының алдыңғы 
шебінде шайқасты, ал кейін екінші Отаны – Франция атынан шығатын болды. Тартаковер 
шахматтық тақтайшада келешегі жоқ жүйелерді қолдану арқылы тәжірибе жүргізетін: 
дәстүрлі құндылықтарға күмәндану гипержаңашылдардың бойындағы ерекше сипат 
болатын. Осыған ұқсас ағымдар өнерде де байқалады: көркем сурет өнерінде алдыңғы 
шетке Пабло Пикассо және Марсель Дюшан сияқты суреткер-тәжірибешілер бекерден 
бекер шықпады.
Үшінші «Революциялық жаңа мектептің көсемі», атақты чех гроссмейстері Рихард 
Рети. Ол ерекше әдіс арқылы 20-шы жылдардың басында жоғарғы деңгейдегі тиімді 
жеңістермен барлығын таңғалдырды – бұл қанаттық бастау теорияға «Рети дебюті» 
аттымен кірді. 1924 жылы Рети сегіз жыл жеңіліске ұшырап көрмеген Капабланканы 
жеңді, бұл батырлықты өзінің басты дебютімен іске асырды! Ол гипержаңашылдықтың 
идеяларын жеке үлгісінің ажырамас бөлігі ретінде жасады және оларды өзінің атақты 
«Шахматтағы жаңа идеялар»
кітабында көрсетті. Рети шахматтық тапсырмалар мен 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
этюдты құраушы болатын, олардың көбісі ойын тарихында ең үздік болып табылады. 
Ерекше дарынды шахматшының мезгілсіз қазасы ғана жүрек қынжылтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет