М.Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университетінің
5В012900 《География – Тарих》
Мамандығының 2 – курс студенті
Жайшылыков Нурсултан Куралбайулына
Мінездеме
Жайшылыков Нурсултан Куралбайулы 27.01.2020ж – 08.02.2020 жыл аралығында Маңғыстау обылысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебіне үздіксіз психологиялық – педагогикалық тәжірибеден өтті.
Нурсултан практикаға алғаш келген күннен бастап өзінің алғырлығы мен зеректігін көрсетті. Мінезі ашық, балалармен тез тіл табысады, өте ізетті, мұғалімдерге құрметпен қарайды. Өзіне берілген тапсырмаларды уақытылы тиянақты орындап, түрлі мектеп іс-шараларына белсене қатысып көмек көрсетті. Мектеп ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болды. Практикаға уақытылы келіп түрлі құжаттар толтыру мен тәрбие сағаттарын жүргізуде үлкен көмек көрсетті. Бойында әдептілік, қарапайымдылық, кішіпейілдік, адамгершілік қасиеттері мол. Нурсултан өте төзімді, білгір және ұтымды пікірлермен ұжымның педагогикалық – психикалық қарым қатынасына тез сіңісе алды. Тәжірибеден өтуші студент Жайшылыков Нурсултан болашақта білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезіне білетін шебер ұстаз боларына сеніміміз мол.
Ұсынылатын балл: 100
Өткен мекемесі: 《Манашы орта мектебі》
Мектеп директоры: Аманов К.А
Тәжірибе базасындағы жетекші: Сәрсенбаева Қ.Ю
Достарыңызбен бөлісу: |