Мұрын-жұтқыншаққа – екі хоана (мұрын-жұтқыншақ тесігі) және есту түтігінің екі жұтқыншақ тесігі, ауыз-жұтқыншаққа – аңқа (зев) және көмей-жұтқыншаққа – көмейге өтіс (кіреберіс) және өңештің ауызы ашылады


Жұтқыншақтың клиникалық физиологиясы



бет2/4
Дата18.06.2020
өлшемі16,36 Kb.
#73890
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (2)
Документ (1), Документ (1)
Жұтқыншақтың клиникалық физиологиясы.

Жұтқыншақ жартылай тамақ өткізу және тыныс алу жолдары болып табылады; бұл арқылы кезектесіп ішек-асқазан жолына (саласына) тамақ және сілекей, ал көмейге, өкпеге – ауа өтеді және керісінше. Жұтқыншақтың тіршілікке маңызды келесі қызметтерге қатысуын ажыратады:

1. Тамақты қабылдау актісі – сору және жұтыну

2. Дауыс шығару және сөйлеуді құрау қызметі

3. Тыныс алу актісі

4. Тамақты қабылдау және тыныс алу кезіндегі қорғаныштық механизмдер

Балалар өмірінің алғашқы айларында тамақты қабылдау тек қимылдата сору актісінің көмегі арқылы мүмкін. Сору кезінде ауыз қуысы ағзасымен 100 мм.рт.ст. шамасында теріс қысым жасалынады. Сору кезінде жұмсақ таңдай төмен қарай созылып және ауыз қуысын артқы жағынан жаба тілдің түбіріне жақындатылады, бұл кезде мұрын арқылы тыныс алуға сондайлық мүмкіндік беріледі. Ауыз қуысына сүтті толғанынша сорғаннан соң, соруы және тыныс алуы тоқталады да жұтыну актісі пайда болады, сонан соң тыныс алуы және сүттің жаңадан ауыз қуысына сорылуы қайтадан басталады. Үлкендерде шайнаудан кейін тілдің түбірі аймағында тамақ түйірі жасалады. Бұл кезде пайда болған қысым жұтыну актісін шақырады – жұтқыншақты қысушы, жұмсақ таңдай және таңдай доғашықтар бұлшықеттері толқындалған (перисталтикалық) түрде қысқарады. Тамақтың ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтуі күрделі рефлекторлық жұтыну актісінің үйлестірілуі нәтижесінде жүзеге асырылады, бұл уақытта белгілі жүйелілікте тіл, жұтқыншақ, көмей бұлшықеттерінің қысқарылуы пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет