Мұрын-жұтқыншаққа – екі хоана (мұрын-жұтқыншақ тесігі) және есту түтігінің екі жұтқыншақ тесігі, ауыз-жұтқыншаққа – аңқа (зев) және көмей-жұтқыншаққа – көмейге өтіс (кіреберіс) және өңештің ауызы ашылады


I – өңештің бастапқы бөлігінде, өңештің ауызы деп аталады



бет4/4
Дата18.06.2020
өлшемі16,36 Kb.
#73890
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (2)
Документ (1), Документ (1)
:I – өңештің бастапқы бөлігінде, өңештің ауызы деп аталады;II – бронхиалық - кеңірдектің бифуркациясы деңгейінде;III – диафрагмалық – көкеттің (диафрагманың) өңештік тесігінде. Екі физиологиялық тарылу: аорталық (қолқалық) – аортамен қиылысқан аймақта және кардиалдық – өңештің асқазанға өтуі (ұласуы; ауысуы) кезінде. Бұл ағзаның патологиясында өңештің тарылуы белгілі роль атқарады. Өңештің мойын және қарын бөліктері қабысқан, ал кеуде бөлігі кеуде қуысының теріс қысымы салдарынан үңірейген жағдайда болады. Өңештің қабырғасы үш қабаттан құралған:ішкі – сілемейлі қабықтан, ортаңғы – бұлшықетті және сыртқы – болбыр дәнекер тінді. Сілемейлі қабық көпқабатты жалпақ эпителимен жабылған және қатпарланып жиналған, бағыты ұзын бойына бойлай кетеді. Өңешті қоршаған борпылдақ дәнекер тінді клетчатканың, борпылдақ сілемейасты қабаттың және бойлай қатпарлануының арқасында, оның саңылауы тамақ өтуі кезінде кеңеюі мүмкін. Өңеш қабырғасының бұлшықетті қабатын - сыртқы бойлық (продолды) және ішкі айналмалы (циркулярлы) қабаттар құрайды. Бұлшықеттер жоғарғы бөлігінде көлденең жолақты, төменде бірыңғай салалы талшықтардан тұрады. Сілемейлі қабықтың өзінде бірыңғай салалы бұлшықетті талшықтар болады, олар оның бойлық (продолды) қатпарының құрылуына қатысады. Сілемей асты қабатта сансыз көп сілемейлі бездер және сирек лимфалық түйіндер жатыр. Өңештің төменгі бөлігінде, сол сияқты сілемей асты қабатта сирек көлемі кішкентай бездер жатады, асқазанның кардиалды бөлігіндегі бездерге құрылысы бойынша ұқсастау. Асқазандағы ісіктермен құрылысы бойынша бірдей, өңеште қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігі осынысымен түсіндіріледі.

Өңеш мойын бөлігінде қанмен өңеш артериясы (a.oesophageae) және төменгі қалқанша артериясы арқылы қамтамасыз етіледі. Кеуде бөлігі қанды қолқаның көкірек бөлігінен кететін тармақтардан, қарын бөлігі – көкет артериясынан және асқазанның сол жақ артериясынан алады (жабдықталады). Өңештің мойын бөлігінен веноздық қанның төменгі қалқанша венасына, ал кеуде бөлігінде – жұпемес (v.azygos) венаға және жартылай жұпемес (v.hemiazygos) венаға қайтуы жүзеге асады, қарын бөлігінің веналары қақпалық (воротной) веналар жүйесімен байланыста.



Өңештің лимфалық жүйесі беткі және терең жүйелермен көрсетілген. Беткі жүйенің басы бұлшықетті қабырғаның қалың ішінен алынады, ал терең лимфалық жүйе сілемейлі қабықта және сілемей асты қабатта орналасқан. Мойын бөлігінде лимфаның қайтуы жоғарғы кеңірдек маңы және терең мойын лимфалық түйіндерге, ал кеуде және қарын бөліктерінен асқазанның кардиалды бөлігіндегі кеңірдекмаңы және бронхтармаңы түйіндерге ағып кетуі болады. Өңештің иннервациялануы кезеген (кезбе) және симпатикалық нервтер тармақтарымен жүзеге асады.

Өңештің негізгі функциясы тамақты асқазанға белсенді өткізу болады. Жұтыну актісі кезінде өңештің ауызы ашылады және тамақ түйірі жұтқыншақ бұлшықеттерімен өңештің алғашқы бөлігіне жылжыйды, содан соң өңеш бұлшықеттерінің толқындалып (перисталтикалық) жиырылуы тағам түйірінің асқазанға түсуін қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет