Мұрын-жұтқыншаққа – екі хоана (мұрын-жұтқыншақ тесігі) және есту түтігінің екі жұтқыншақ тесігі, ауыз-жұтқыншаққа – аңқа (зев) және көмей-жұтқыншаққа – көмейге өтіс (кіреберіс) және өңештің ауызы ашылады


Өңештің клиникалық анатомиясы және физиологиясы



бет3/4
Дата18.06.2020
өлшемі16,36 Kb.
#73890
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (2)

Өңештің клиникалық анатомиясы және физиологиясы.



Өңеш (oesophagus) сақина тәрізді шеміршектің төменгі шеткі деңгейінен бастап жұтқыншақтың жалғасы болып табылады (VI мойын омыртқадан);ол алдынан артқа бағытталған ұзындығы 24-25см бұлшықетті қабыстырылған түтік (трубка) болып саналады. Өңеш XI кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға өтеді, яғни VII қыбырға шеміршегінің төске бекітілетін орнына сәйкес келеді. Үлкендерде алдыңғы тістерден бастап ауыз қуысы, жұтқыншақ және өңеш арқылы асқазанға дейінгі жолының жалпы ұзындығы 38-42см құрайды. Өңеш жоғарғы бөлігінде мойынның төменгі омыртқа денесінің алдыңғы бетінде орналасқан. Бұл бөлік мойын бөлігі деп аталады. Өңеш кеуде қуысының IX кеуде омыртқасы деңгейінде қолқамен алға қарай ығыстырылады. Ескерту керек, өңештің жолы тіке сызықтың бойында емес. Мойын бөлігінде кеңірдектің артында орналасып, ол оның сол жақ астыңғы шетінен алға шығады, осыған байланысты бұл жақтан қажет кезінде мойын эзофаготомиясын (өңешті жарып ашу операциясын) жасайды. Өңеш мойын және кеуде бөлігінің басында омыртқаның алдында және кеңірдектің артында орналасады, содан соң сол жақ басты бронхтың және жүректің артына өтеді, бұлар бірнеше солға қарай орналасқан. Қолқа өзінің жоғарғы бөлігінде өңештің сол жағында, ал көкет (диафрагма) аймағында – оның артында орналасқан. Өңештің жеке бөліктерінің ұзындығы бірдей емес:сонымен мойын бөлігінің ұзындығы 4-4,5см, кеуде бөлігінде 14-16см, қарын бөлігінде 2-4см. Өңештің үш анатомиялық (өліктерде сақталады) және екі физиологиялық (тек тірі адамдарда) тарылуы (қысылуы) болады. Анатомиялық тарылуға қарайтындар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет