CONFIG.SYS файлы MS-DOS конфигурациясын анықтау үшін, сонымен бірге драйвер мен резидентті программаларды іске қосуға арналған текстік файл болып табылады. Ол MS-DOS-ты орнатқан кезде автоматты қосылады және қате болса қолданушы оны өзгертеді. Файлды өзгерту үшін MS-DOS құрамына кіретін edit текстік редакторын қолдануға болады.
AUTOEXEC.BAT MS-DOS жиі қолданылатын командаларды автоматты орындауға арнлған файлдық пакет деп аталатын пакет құруға болды.
Командалардың жіктелуі
MS DOS-тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді.
1) Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар – қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.
2) Транзитті (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі бағдарламалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.