Файл мәліметін экранға шығару – TYPE командасы. Команданың спецификациясы:
TYPE[[ж:][маршрут]файл_аты[.түрі]
Файл атында * және ? таңбаларын қолдануға болмайды. Аргументтің алдында файл қай бумада екенін көрсететін префикс – маршрут қоюға болады.
Бұл командамен тек ASCII кодында жазылған текст мәтіні бар файлдарды ғана экранда көре аламыз.
Мысалдар:
C:\type prog1.asm
MS-DOS-тың файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау командалары
Буманы экранға шығару – DIR командасы.
Команданың спецификациясы: DIR [ж:][файл аты [.түрі]][/P][/W]
Команда буманың элементтері ішкі бумалар мен файлдар туралы мәліметтерді экранға шығарады. Элементтің аты мен түрі, байт бойынша көлемі тек файлдар үшін, буманың белгісі элементтің құрылған уақыты көрсетіледі. Сонымен қатар дискінің аты мен ондағы бос орынның байтқа шаққандағы мөлшері беріледі.