Оюдың классикалық симметрия негізінде түрленуі. Айналық симметрия (айнадағы бейне) табиғат объектілері мен адамның көркемдік шығармашылығы нысандарының дамуының жалпы формасы болып табылады. Ол кристалл түрінде өсімдіктерде, тірі организмдерде, оның ішінде адам мүсінінде, сонымен қатар ою-өрнек өнерінде, мүсіндеуде кездеседі.
Орнын ауыстыру - ою-өрнекте жиі қолданылатын операция. Костюм құрылымында өзгерістер әр түрлі кезең сәнінің геометриялық бірдей пішіндерін сипаттайды. Айналыс симметриясы костюмде кеңістік пен жазықтыққа қатысты қарастырылады. Кеңістіктегі айналыс вертикальдық осьтің айналасында өтеді және костюмнің пішінін идеалды геометриялауды сипаттайды. Бұз қозғалыстар (қимылдар) өсімдік гүлдерінің симметриясына ұқсас болады.
Жазықтықтағы айналыс біртіндеп параллель жағдайына көшіру және белгілі бір бұрышқа айналдыру операциялары негізінде жүзеге асады. Сәндік костюмнің жарнамалық суреттерінде жиі қолданылады, олар бейнелердің икемділік мүмкіндгін, олардың динамикасын сипаттайды.
Сурет 7. Классикалық симметрияның түрленуі
Достарыңызбен бөлісу: |