Байланысты: Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру
Төртінші тарауда – «Костюмде ұлттық ою-өрнектердің симметрия заңдылықтары арқылы құрастырылуы». Талдау барысында өрнектердің симметрия заңдылықтары арқылы құрастырылу түрлері талданып, қазақ ұлттық өрнектерінің түрленуін компьютерлік бағдарлама негізінде симметриялық түрленуі жасалып топтастырылды. Зерттеу нәтижесі ретінде костюмнің композициялық түрлену әдісі жасалды. Бұл әдісте жоғарыда аталған ұлттық өрнектердің симметриялы түрлеуі қолданылды. Қазіргі таңдағы өнеркәсіп үлгілеушісіне үлкен көмек ретінде, қазақ ұлттық өрнектерінің симметриялық түрленуі негізінде, кимнің сәндік бөлшектерінің безендірілуі автоматты түрде жасалу болып табылады. Суретші үлгілеушінің атқаратын қызметі заман талабына сай жыл сайын күрделене түсуде. Оған өнеркәсіптің жобаларға қоятын талаптарының, жобалауды ұйымдастырудың жаңа жолдарының өзгеруі ықпалын тигізеді. Бұл жағдай суретші-үлгілеушіден тек шығармашылық тәсілдерін меңгеруі ғана емес, сонымен қатар, басқа мамандардан да хабары бар болуы талап етіледі. Қазіргі таң өнеркәсіп тауарларының сапасын жақсарту мақсатында, ұлттық өрнектерді қолданып, солардың негізінде ассортимент түрлерінің ұлғаюы көзделді.
Қазақ ұлттық ою өрнектері түрі, пішіні жағынан болсын, ұсыну тәсілі мен орындау техникасы жағынан дәуір ерекшелігін сақтап келді. Негізгі ою өрнектерді келесі түрлерге бөліп қарастырылады: ғарыштық, зооморфтық, өсімдік тектес, геометриялық және т.б. Негізгі оюларды үйлестіре келе сан алуан түрлерін аламыз. Зооморфтық ою өрнектер көп тарағаны болып табылады. Өйткені, олар ежелгі көшпенділердің мал шаруашылығымен айналысқанын айқын бейнелейді. Зооморфтық ою өрнектердің бастауы мифологиялық аңыздардан алынған, сол дәуірдегі діни сенімге байланысты аңдар бейнелеріне негіздеп жасаған. Симметрия мен асимметрия ұғымдары бұрыннан бері костюмнің композициялық элементтері мен пішінін композициялық ұйымдастырудың тиімді құралы ретінде қарастырылып келеді.