Батырлар жырындағы зооморфтық мифологемалардың КӨрінісі а. Н. Назарова, Н. Б. Мансұров



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата19.09.2022
өлшемі0,58 Mb.
#149948
  1   2   3   4   5
Байланысты:
399-554-1-SM
вигдата-1, pdf 20220225 200140 0000, 24.01.-05.03.22ж есеп Айнура, Аликбаева МБ Орнаментика, Тақырып Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің -engime.org


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020 
101
ҒТАХР 17.71.91
 
БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ЗООМОРФТЫҚ МИФОЛОГЕМАЛАРДЫҢ КӨРІНІСІ 
 
А.Н. Назарова, Н.Б. Мансұров 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, Қазақстан 
nazar_anel@mail.ru, nurmanber@mail.ru 
 
Батырлық тақырыбы – әлем халықтарының ауызша поэтикалық шығармашылығына тән тақырыптардың бірі.
Мақалада халықтық әдебиеттің жауһар қазынасына айналған батырлар жырындағы зооморфтық мифологемалар 
сараланды. Зерттеу барысында әлемнің мифологиялық бейнесінде батырлық жырларда кездесетін ортақ зооморфтық 
мифологемалар анықталды. Жырдағы жылқы мен айдаһар культі – халық көзқарасы мен дүниетанымының даму 
сатысын, әлемді тану тәжірибесін айқындатады. Жұмыста халықтық мәдениетінде өзіндік орны бар батырлар 
жырының зооморфтық образдары жыр үзінділерімен салыстырылып қарастырылды.
 
Түйін сөздер:
 
мифологема, миф, зооморфтық образдар, культ, териоморфизм, символдық бейне. 
 
 
Әрбір халықтың өз тарихындағы тар жолында қол жеткізген рухани және адамгершілік қасиеттері 
сақталған ұлттық құндылықтары бар. Бұл қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің тарихи және мәдени 
құндылықтар аясында байқалатын рухани мұраттарының көрінісі. Жалпы, адамзаттың рухани 
құндылықтарының туу мен қалыптасуы оның рухани дүниесімен тығыз байланысты.
Әр халықтың әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік мифтік бірліктер бар. Алайда осы мифтік 
бірліктердің танымал болу дәрежесі әрқалай. Себебі кез келген халықтың мәдениетінде көрініс табатын 
мифтік бірліктердің сақталуы біркелкі емес. Оны сол халықтың тарихи тағдырына үңіліп, мифтік мұраны 
интерпретациялау арқылы тануға болады. Міне осындай танымды қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті, 
рухани азығы мен байлығы, философиясы мен көркемдік даналығы болып табылатын ауыз әдебиетінен 
көреміз.
Әдебиетіміз гуманистік қасиеттердің жаршысы ретінде ұлттық мораль мен азаматтық сана-сезімді 
қалыптастырушы дәнекер қызметін атқарады. Расында да, әдеби туындылар – этностар арасында бірін-
бірі танытатын көркемдік идеялық-эстетикалық айна іспеттес. Жалпы, фольклор ежелгі қоғамның 
мәдениеті мен дүниетанымында маңызды сипатқа ие синкретті атрибуттің бірі. Фольклор арқылы адамдар 
тұрмысының қажетті бөлігіне айналған ежелгі қоғамның дүниетанымы мен мәдениетін айқындаймыз. Бұл 
сол кезеңдегі қауым өкілдерінің алғашқы тарихи ұжымдық шығармашылығы.
Фольклор – халықты тұтастыққа біріктіретін мәдени-интегралды жүйе ғана емес, сонымен бірге 
этностық, тұтас дүниетаным айырмашылықтарын айқындайтын философиялық феномен. Оны әрқашан 
жадымызда сақтауымыз қажет. Фольклор мифологиямен тығыз байланыста өріс алып, дамыды. Себебі 
мифология мен фольклор бір-біріне етене жақын. Олардың арасындағы негізгі айырмашылықтың бірі – 
миф. Миф – адам баласының рухани мәдениетінің ең көне түрі болса, мифология дегеніміз – адамзат 
баласының қоршаған ортаны танып-түсінуінің алғашқы көрінісін, мәдениеттің алғашқы базисін, дүниені 
танып-білудің ең көне көрінісін зерттеуді мақсат еткен ғылым саласы [1;8].
Кез келген халықтың фольклорық сюжеттері таза мифтік жанрда сақталмаса да онда мифтік танымға 
негізделген, соның аясында құрылған мотивтерді кездестіреміз. Бұл күні бүгінге дейін ұлттық сипатта 
мұра болып сақталып келеді. Демек, мұның басты мұрасы – мифтерде деп айтуға болады.
Түркі халықтарына тән мифологиялық шығармаларда кездесетін мифологемалар әлем 
халықтарының фольклорына да ортақ. Өйткені мифологема – кұндылық нысаны ретінде халықтың мәдени 
жадының жинағы. Мифологема терминінің ұлттық-мәдени сипатқа ие болуымен қатар, әмбебап екенін де 
ескеруіміз қажет. Мәдени дәстүрмен байланысқан мифологемада мифологиялық мазмұн ғана сақталып 
қоймай, сонымен қатар оны мәдени және эстетикалық тұрғыда басқа мифологемалармен де 
байланыстыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет