Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020
104
отырып, біртұтастықты құрайды. Жыр тек батыр ерліктерімен ғана жырланып қоймай, сонымен бірге
кейіпкердің белгілі бір қиындықтарды сенімді серігі, қолқанаты жылқы арқылы өрбіп отырады.
Тұлпар – қазақ фольклорының негізгі символы ретінде космогендік мифтік тіршілік иесі. Жырдағы
Алпамыс батырдың жүйрік тұлпары – Байшұбар (Шұбар ат) болса, Қобыланды батырдың сенімді серігі –
Тайбурыл. Байшұбар – «Бай» (Имай) – «бірінші адам» мен «шұбар» (свар, сувар) сөздерінен –
«жарқыраған, сәулеленген» деген ұғымды білдіреді. Байшұбар (Шұбар ат) – күннің кейіптенуі немесе
сәулесі, нұры болғаны [8; 69]. Ал, Тайбурыл бейнесі жырда қанатты болып суреттелу арқылы оның мифтік
қасиеттілігін ғана көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар халық жадының көркем-эстетикалық ұмтылысын
көрсетеді.
Жылқы мотиві – құдайлар мен батырлармен байланысты фольклорда
тұрақты қолданылатын
тақырыптың бірі. Жылқы бейнесі ежелден бері ерліктің, адалдылық пен күш сынды ұғымдарды
бейнелейді. Көшпелі қазақ халқының дүниетанымында ерекше орынға ие жылқы – жауынгер үшін
міндетті атрибуттың бірі. Сондықтан да, ертегілер мен эпостарда, мақал-мәтелдерде жиі кездеседі.
Р.С.Липецтің «Батыр мен оның жылқысының бейнелері» атты зерттеуінде түркі-моңғол
эпостарында «жауынгер мен оның жылқысының арасында ажырамас тылсым байланыс бар» екендігін
айтады. Жылқы культі – қазақ халқының өмір салты бойынша сакральді қасиетке ие. Сондықтан да,
жылқы бейнесі жайлы ертегілер мен эпостар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер аз емес.
Батырлық
жырлардағы жылқы – бұл «жылдам қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар ісі мен кеңесімен
көмектесетін сенімді серігі».
Батырлық жырларда жауынгер тұлпары өзіндік ақылға баулушы көмекшісі ретінде бейнеленеді.
Алпамыс батырдың Байшұбар жылқысының «отыз күндік жолды бір сәтте еңсеруі» мифтік образын
айқындатады.
Бір күн шапса Шұбар ат,
Айшылық жолды алады. [9; 13]
Батыр жылқысының түр-сипаты тұрғысынан да басқа жылқылардан өзгеше келеді. Эпостағы батыр
тұлпары ғажайып күшке ие болуы арқылы басқа жануар түріне енуі екі түрлі жағдайда көрініс табады: 1)
көздеген жерге тез арада жету үшін; 2) батырлардың қиындық сәттерінде (зынданнан шығаруы) жанынан
табылуы.
Эпоста уақыт пен кеңістіктің өзара әрекеттесуі тұлпардың шабысы мен батырдың әрекетіне
байланысты. Батырдың тұлпары – асқан жүйріктік пен шапшаңдықтың иесі.
Тұлпардың ерекше
маңыздылығы ретінде танылған жылдамдыққа ие болу қасиеті оның «қанатты пырақ» жайлы
мифологиялық түсініктен туындағанын және эпикалық дәстүрге негізделінген заңды жалғасы болып
табылады.
Алпамыстың Байшұбары қанатты ат ретінде суреттелінсе, Қобыландының Тайбурылы – буырыл
түсті арыстандай айбатты күші қайнап тұрған, тұяғының дауысымен үркітетін
образ бейнесінде
жырланады.
Айналайын Шұбар ат,
Қолтығыңда бар қанат. [9; 95]
*
Тұяғының даусымен
Тау жаңғырып қалады. [10; 32]
Мұндай ұқсастықты грек мифологиясындағы жоғарғы әміршісі Зевстің ашуы кернегенде
найзағаймен қорқытуы еске түседі. Батырлық жырларда зооморфтық мифологеманың бірі ретінде жылқы
бейнесі жоғарғы әлеммен байланысын айқындата түседі.
Бұл ұқсастық сарындарын адамзаттың бұл әлемді тануында бүкіл әлем екі бөліктен тұратынын
байқаймыз: адал (қасиетті, сакральді) және арам (дүниелік). Сондықтан батырлар жырындағы кейбір
жануарлар табиғаттан тыс тылсым күшке ие болып бейнеленеді. Түркі тілдес халықтардың мәдениетінде
тотемдік және зоолитикалық культтерінің арасында жылқы мен айдаһар
зооморфтары жырда айрықша
құрметке ие жануарлардың қатарында.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020
105
Зооморфизм мен териоморфизм («адамдардың жануарларға тән қасиеттерінің болуы») – жануарлар
образында құдайшылдықты білдіретін діни дүниетаным болып табылады. Жануарлар кескінінде
құдайлардың көрінуі жиі қолданылса, қасиетті жануарлар арқылы нақты Құдай бейнесі мен болмысын
танытады.
Қорыта айтқанда, жалпы адамзаттық тәжірибе мен адамгершілік көзқарастардың халық мәдениеті
мен санасында әр түрлі тілдерде ұқсас зооморфтық мифологемалардың мәдени және белгілі бір символдық
мағынаға ие екендігін көрсетеді. Жылқы және айдаһар культі мифология әлемінде ғана емес, сонымен
бірге батырлық жырда да өзіндік биік тұғырын қалыптастырған образдар екеніндігіне көз жеткіземіз.
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінде ғана емес, сонымен қатар әлем әдебиетінде де кездесетін
жылқы мен айдаһар бейнелері халықтық шығармамыздың
құндылығын арттырып, эстетикалық әсерін
көтеруде поэтикалық мәтіннің бояуын қанық ететіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: