Көпқатпарлы пластилинография- тегіс бетке біртіндеп ермексаз қабаттарын жағуды білдіреді. Мұндай техника пейзаждарды мүсіндеу үшін қажет : орман, суды, өрісті бейнелеу үшін тек негізгі түстерді ғана емес, олардың түс реңктерінде таңдау керек.Мұндай жұмыс кішкентай балалар кішкентай балалар өте күрделі және оны үлкенірек балалармен жүргізу орынды . Жұмыс істеудің әдісі мынадай: түрлі түсті ермексаз іріктеліп алынып, олардан жұқа шелпек жасалады . Содан кейін дайындамалар бір-біріне көп қабатты бәліш ретінде суретке сәйкес жасалады.