2.4.Мұстафа Шоқайдың туысқандары. Мұстафа Шоқайдың ескерткішіндегі тақтасында оның қысқаша өмірбаяны мен Қазақстанның тарихи-географиялық сипаттамасы жазылған. Қалалық мұражай басшылығы өкілдерінің пайымдауынша, аталмыш тақта адамзат құндылығын сыйлау және өз өрендерін құрметтеуде үлгі болып, Қазақстан мен Франция халқының жақындасуына себепші болды. Сондай-ақ Ножан-сюр-Марн қаласындағы Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Ол тәуелдік таңы атқалы бері бұл арысымыз туралы көптеген дүниелер жарық көріп келеді. Бұл қуанышты нәрсе. Бірақ зерттеушілеріміздің қайсыбірінен олан қандай да бір кемшіліктер іздеуге әрекеттенушілік те байқалып қалады.
Интернациолистік тарихнама өкілдері тарапынан алып тұлғаның өзін көзге ілмеушіліктің, оны айналып өтуге сыңай танытушылықтың мысалдары қылаң беріп келе жатқандығы құпия емес. Мұның себебі, біріншіден, ұлттық интеллигенцияның біразының әлі де болса отарлық санадан арыла алмай келе жатқандығына, екіншіден, өзіміздің жай салдыр-салақтығымызға байланысты ма деп ойлаймын.
Осы жағдайға қатысты бір-екі мысал келтіре кетейін. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Қызылорда облысының Шиелі аудандағы Наршоқы да орналасқан Шоқай қыстауының орнына, Мұстафаның кіндік қаны тамған топыраққа тағзым етіп қайттым. Бұл сапарда Алаш арысына жиеншар болып келетін Қалымбетов Ойдан Кенжеғұлұлы, Мұстафа Шоқай қорының президенті Атабаев Базарбай және өзіміз сөз етіп отырған тұлға ұрпақтарымен жақсы таныс, сол өңірде олармен жұмыстас болған тағы бір көнекөз қария Тәжімов Жұмабек, Қызылорда қаласындағы Болашақ университетінің доценті берді. Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында Әліштің немересі Ғанимен кездестік. Әліш Мұстафаның туған ағасы. Ғани 1934 жылы Әліштің ұлы Бәкірден туған, Мұстафаның туған-туыстастарын қуғындауға алған кезде бой тасалып Өзбекстанға кетеді де, 60-жылдары ғана еліне оралады. Содан бері осы Сұлутөбеде қой баққан,Құрмет белгісі орденімен марапатталған. Ойдан, Жұмабек,Ғани ақсақалдар ақ-жарқын, әлі де болса бойлары ширақ, сұңғыла адамдар екен.