2.2.2. Ақпан төңкерісінен кейінгі түркі халықтарының саяси ұйымдары Қазақ,өзбек,қырғыз,түркмен,татар,башқұрт халқтарының басын бір орталыққа біріктіретін саяси ұйымды құру мәселесін Ақпан төңкерісінен кейінгі ахуал жеделдетеді.Бұрыннан белгілі «Шуро-и Исламия»,басқа да ұйымдар Түркістанда күн санап күрделеніп келе жатқан жағдай талаптарына жауап бере алмайды. 1917 жылы 17-20 қыркүйекте Ташкент қаласында Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезі өтіп, оған осы өлкенің әр аймағынан және Орал,Торғай облыстарынан делегаттар қатысады,съезде саяси,қоғамдық және экономикалық мәселелер талқыланады.Пікір алысқан ең маңызды тақырып Түркістан мен Қазақстан Мұсылмандарына басшылық жасайтын саяси партия құру туралы шешімнің қабылдануы еді.Партия «Мұсылмандар одағы» («Иггифок-и-Муслимин»)деп аталады да,»Шуро-и-Исламия»мен «Тұрам ұйымдары» таратылып,олардың орнына «Мұсылмандар одағының» бөлімдері құрмақшы болды.
Бұл шешім съездің ең үлкен жетістігі болғанымен,саяси оқиғалардың одан әрі өрбуі оның жүзеге асырылуына мүмкіндік бермейді.Большевиктер ұлттық құрылымдардың бірінен кейін бірін талқандап, «Түркістан Мұхтарияты» («Қоқан автономиясы») қанға бөктіреді.
Осындай қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күрестің жаңа формалары мен әдістерін іздестіру барысында М.Шоқайұлы 1918 жылдың қасында Екатеринбургте «Түркістан» астыртын ұйымын құрады.оның орталығының төрағасы М.Шоқайұлының өзі,ал орынбасары болып А.З.Валиди тағайындалады.Ұйым Түркістан,Башкирия және Татарстандағы ұлттық басын біріктіреді.Мария Шоқай өзінің күйеуі туралы естеліктерінде олардың 1918 жылдың қараша айында Екатеринбургте аялдағандары,онда Құрылтай жиналысына кандидаттар Ілияс Алкин,Вадим Чайкин,Мүнауар Каримен бірге болғандары жөнінде жазылады.19 қарашада Құрылтай жиналысы таратылады.
Осыдан кейін Америка Құрама Штаттарына визаға дейін алып қойып,жолға шыққалы отырған Мұстафа Шоқайұлы мен оның серіктестерінің жоспары бұзылып,бас сауғалауға тура келеді.М.Шоқайұлы Челябинскіге жетіп,одан әрі қазақ даласы арқылы Әзірбайжанға,кейін Грузияға,1921 жылдың ақпан айында Түркияға өтеді.