Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университетінің
Шымкент Институты.
Тарих факультеті.
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Бітіруші жұмыс
«Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі»
Орнындаған Кежеғұлова М.Д.
ІV – курс
44 – 12 тобының
студенті
Ғылыми жетекшісі Абубакиров С.С.
Т.ғ.к. профессор
Норма бақылаушы Маринат Ғ.
Аға оқытушы
Қорғауға жіберілді Мулдахметова Н.
Кафедра меңгерушісі
Т.ғ.к. доцент м.а.
Шымкент – 2006.
Мазмұны.
Кіріспе..............................................................................
І -тарау. Мұстафа Шоқайұлыынң өмірі мен мақсаты..................
ІІ-тарау.1916 – 1927 жылдардарғы қоғамдық саяси ахуал және Мұстафа Шоқай...........................................................................
2.1.алаш қозғалысы мен Алашорда партиясындағы қызметі. Түркістан автономиясын құрудағы рөлі...................................
ІІІ-тарау.Эмиграцияға кетуі және сол кездегі еңбектері...........
ІV-тарау. Түркістан легионы мұстафа Шоқай...........................
Қорытынды................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................
Қосымшалар...............................................................
Кіріспе.
Ғасырлар бойы жеке шаңырақ көтеріп, өз алдымызға еркіндік, азаттық алуды арамандаған халқымыз, өз арман, тілегіне де жетті.
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып, ұмытыла бастаған салт – санамызға, мәдениетіміз бен тарихымызға жаңа леппен ден қоя бастады.
Осындай Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығын тойлау қарсаңында, «елім деп еңіреген алпамсадай арыстандарымыздың» арман тілегі орындалып отырғанда, осы арыстандарымыздың өмір жолы мен қызметтерін ашып баяндап, бұрмаланған фактілерді ақиқат арнасына бұру, ұрпақтардың алдында олардың мәртебесін көтеру біздің және болашақ ұрпақтың борыгы болмақ.
Олай болса, тәуелсіздік алғанға дейін "халық жауы", "пантюркист", "ұлтшыл", "әлемдік буржуазия жансызы" деп айыпталған Мұстафа Шоқай есімі ортамызға қайта оралды.
Қазақстан мен Түркістанның тәуелсіздігі жолында қаншама тер, қаншама қан төккен Алаш азаматтарының арасында оның алар орны биік. XX ғасыр басында Алаш қозғалысы мен партиясының көрнекті басшыларының бірі М.Шоқайдың өмірі мен қызметі Автономия кұру жолында жан алып, жан беріскен ерлік күреске толы.
Қазіргі Конституциямызға көрсетілген демократия принциптерін Мұстафа сонау 1917 жылы-ақ айтқан болатын. М.Шоқайдың тағы бір ерекшелігі Алаш қайраткерлері сияқты Кеңес өкіметін амалсыз мойындамай, шет елге эмиграцияға кетіп сол жақта Кеңес өкіметінің отарлық саясатын әшкерелеуі Жаңа өкіметтің аз халықтарға теңдік, еркіндік береміз дегені бос сөз, алдамшы уәде екенін өз еңбектері мен нақты дәлелдер арқылы дәлелдейді.
Еңбекті оқыған адам Түркістан халқының патшалы Ресей мен Қызыл империя кезеңіндегі қиын тағдыры мен ауыр халінен көп мағлұмат алады. Герман лагерлерінде Сталин мен Гитлер сынды екі диктатор арасында езіліп-жаншылған миллиондаған Отандастарына М.Шоқай қолдан келген көмегін аямаған.
М.Шоқайда білім десең - білім (6-7 тілде еркін сөйлеген), байлық десең - байлық (7 атасынан ақсүйек), қызмет десең -қызмет (министр қызметінен бас тартқан) бәрі болды, бірақ ол қиыншылық пен қауіп-қатерде Түркістанның тәуелсіздігі үшін бүкіл өмір бойы күресіп өтті. Алты алаштың ұлттық басшысы, ұлт-азаттық күрестің лидері болған М.Шоқайдың өмірі мен еңбектерін оқып-үйрену XXI ғасыр ұрпақтарына үлгі-өнеге болары сөзсіз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «1997 жыл жалпы ұлттық татулық пен саяси құғын – сүргін құрбандықтарын еске алу жылы деп жариялау туралы». Алашорда үкіметін құрған жетекшілеріне тікелей қатысты. Яғни, сол жеткіншектердің бірі Мұсатафа Шоқай.
Мұстафа Шоқай ХХ ғасыр басындағы қазақ интелегенциясының көш – басшысы, 1917 жылғы Алаш партиясын құрушы, Алашорда үкіметінің төрағасы, сонымен қатар Мұстафа Шоқай – қазақтың, жалпы түркі халқының жанашыры, саяси қызметкер және тарихшы ғалым.
Тәуелсіздік алуымыз қарсаңында аталған тақырып, Мұстафа Шоқайдың өмір жолы мен мақсаты және азаттық алу жолындағы саяси қызметін ашып көрсетуімен өзекті Мұстафа Шоқайдың Алаш қозғалысы мен партиясындағы қызметін, сондай – ақ Автономиялық республика құруда оның жалпы қазақ съезіндегі алатын орны анықталып, шет елге эмидацияға кетуі себептермен ондағы еңбектері анықталған.
Түркістан легионы Мұстафа Шоқайдың қатыссыз екендігі бейнеленген.
Тақырыптың зерттеу мақсаты. Ұлттық интелегенция көсемдерінің бірі, Мұстафа Шоқайдың қоғамдық саяси қызметтерін зерттеу, белгілі дәрежеде оның табиғи болмысын тыныс тіршілігін әлеуметтік күш есебінде биік қасиеттер мен идеяларын да танып білу. Басқаша айтқанда біз үшін бұрынғылардың қандай тарихи іс тындыырп емес, сондай дәрежеде олардың қайраткер ретінде бар болмысымен кім болғаны да мәнді. Өйткені барлық өркениетті қоғамда әрбір ұрпақ өзінің ерекшелігін тіптен тарихи борыш міндеттерін тарихи контексте ғана терең әрі толық түсіне аламыз.
Сондай –ақ тақырыптағы басты мақсат Мұстафа Шоқайұлының мақсаты мен саяси өміріндегі тарихи маңыздылығын ашып көрсету. Және Мұстафа Шоқайға тағылған айыптардың кереғарлығын анықтап, оған өзіндік баға беру.
Тақырыптың зерттеу міндеті. Тәуелсіздік жолындағы мұстафа Шоқайұлының саяси қызметі мен еңбектеріне байланысты нақты мағлұматтар жинастыру, әрбір материалдың ғылыми құндылығын айтқандар, тұлға өмірі мен қызметін бұрын зерттеген тарих ғалымдарының тақырыпқа деген пікірлерін зерделей отырып, оның мәніне көз жеткізу.
Сонымен қоса, тақырыптың маңыздылығын айқындау бүгінгі күн Үшін және болашақ ұрпақ үшін маңызыдылық байланысын көрсету. Тәуелсіздік үшін Мұстафа Шоқайдың сіңірген еңбегі мен «Түркістан идеясы» ұранын жандандыру.
М.Шоқайдың өмірлік мақсатын, идеяларын айқындау.
Алаш партиясы мен Алашорда автономиясындағы рөлін көрсете отырып, сол кезеңдердегі қоғамдық саяси ахуалды ашу.
Эмиграцияға кету жолын, себебін ашып көрсетіп сол кездегі еңбектерін зерттеу.
Түркістан легионымен қаншалықты байланысын ашып көрсету яғни бұрмаланған фактілерді тарихи ақиқат арнасына қайта бұру.
Зерттеу әдістері.
Тарихи дерек көздерін ақпаратты жинақтау әдісі.
Талдау әдісі.
Хронологиялық әдіс.
Зерттелеген еңбекке сай ой пікірлерді салыстыру әдісі.
І – тарау.
МҰСТАФА ШОҚАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН МАҚСАТЫ.
(1891 – 1941 жж.)
Әрбір түрік адамның екі атамекені бар.
Бірінші - өзінің туған жері, екіншісі – Түркия.
«Мұстафа Шоқай» 1918ж.
Ұлттық егемендік – шынжырларды балқытып, тәж бен тақтарды күйрететін күшті нұр.
Ұлттардың құлдығына негізделген құрылым қайда болса да құлайтыны анық.
«Мұстафа кемал Ататүрік» 1924ж.
Мұстафа 1891 жылы 7 қаңтарда Оңтүстік Қазақстанда, бұрынғы Ақмешіт (орысша атауы Петровск) қазіргі Қызылорда қаласында, Әулиетараңғыл деген жерде ақсүйек отбасында туған. Ол Шоқайдан туған үш баланың (Сыдық, Мұстафа, Нұртаза) ортаншысы. Руы қыпшақ. Мұстафаның үлкен атасы Торғай, Сыр өңірінде өте беделді адам болып, датқа дәрежесіне көтерілген. Ал өз әкесі Шоқай (Шоқмұхамед) 1916 жылы 80 жасында дүние салған. Мұстафа жастайынан алғырлығымен, зеректігімен, қабілетімен көзге түскен. Ол алты жасында әкесінің інісі Әліш салдырған бастауыш білім беретін төрт жылдық діни мектепке барып, оны екі жылда үздік аяқтайды. Сегіз жасында Ташкент қаласындағы гимназияға оқуға түсіп, оны алтын медальмен бітіреді. Білім құмар бозбала әкесінің және туысқандарының көмегімен Петербурдың Императорлық Университетінің Заң факультетіне түседі.
Ол орыс, түрік, ағылшын, неміс және поляк тілдерінде еркін сөйлеген. Ресей астанасына Хиуа, Қоқан хандықтарынан келген өкілдерге тілмаш болып жүріп Мұстафа жастай саясатқа араласады. Петербурда оқып жүрген түркі зиялылары Ахмет Байтұрсынов, Сералы Лапин, Махмуд-Қожа Вехбуди, Мунесар Кары секілді азаматтармен саясаткер ретінде пікіp алысып, түркі тілдес халықтардың патшаның отарлық езгісінде отырғанын дәлелдеп, олардың тәуелсіздікке қолын жеткізу жолдарын ойластырып жүрген.
Мұсатафа Петербор Университетінің заң факультетін үздік бітірісімен Қазақстан емес, бүкіл байтақ Түркістан өлкесін орталық бұғаудан азат ету жолында қызмет істеді. Мұстафаның ерекшелігі де осында. Тіпті Университетте оқып жүргенің өһзінде ұлт – азаттық мәселесімен шұғылданған. 1912 жылы Түрік – Балқан соғысы кезінде де өз қоныстарының жағында болды.
Қан төгісті жазалаудан кейін М.Шоқай әуелі Грузияға, ал содан соң Түркияға, одан Францияға кетті. Эмиграцияда жүріп кеңестерге қарсы күресін жалғастырды. 1940 жылғы маусы айында Парижді Герман армиясы басып алған кезде Мұстафа Шоқайды фашистер қамауға алып, Компьендегі лагерьге жіберді. Одан босатылғаннан кейін ол Берлинге апарылды.
1941 жылы маусымнан кейін ол өзінің түркістандық әскери тұтқын отандастарының арасында болып, сол жылдың желтоқсан айында Берлинде қайтыс болды.
М.Шоқай өз елінің (жалпы Түркістан республикаларының) Ресейдің отарлық езгі-қанауынан құтылып, дербес те толық тәуелсіз ел болуын армандап, сол жолда аянбай күрес жүргізген.
Бүгінгі Тәуелсіздік алған күндерімізден өзіміз орындауға ұмтылып отырған идеяларды ол сонау 1917жылы ұсынған болатын.
Сол себептен де оған "түрікшіл", "исламшыл", "ұлтшыл", "әлемдік буржуазияның жансызы" деген айдар тағылып, ізіне НКВД тыңшылары түсті. Оның еңбектеріне ғана емес, тіпті есімін атауға қатаң тиым салынды, абайсызда аты ауызына түсе қалған адам құрып кететін, ізім-ғайым жоғалатын.
Сонда жаңа құрылыстың қызыл империяның жандайшаптары құты қаша қорыққан бұл кім еді, қандай жан еді деген сауал туады.
Ол сұңғыла ойшыл, сарапшыл ғалым, қайыспас дара күрескер, дәулескер шешен (бұған оның француз компартиясы қайраткерлерімен атышулы айтысы айғақ) еді.
Ол "Ақиқаттан артық ештеңе жоқ" дейтін қарапайым Дала заңының ұлы да ұлағатты Мизамынан қия баспаған, жаным-арымның садағасы дейтін азамат еді.
Кез келген төңкерістің Бостандық пен Зорлық сияқты екі тамыры барын терең пайымдаған ол зорлыққа қарсы тұрды. Ол большевизмнің империялық саясатына қарсы тұрды. Ресейдің бұрынғы отар халықтарын қорлайтын жәдігөйлік нәсілдік кемсітушілікке қарсы тұрды. Ол бірден-ақ енді-енді біліне бастаған біліктің билікке, қатыгездің қара жер бұрын-соңды көрмеген тоталитарлық тәртіпке, халықтардың тарихын, дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін тілі мен ғасырлық тұрмыс-салтын табан асты еткен бір беткей идеологиясына қарсы шықты.
Осы орайда сталиндік тәртіптің темірден қаланған қабырғасына қажымай-талмай жападан жалғыз қарсы тұрған ол бастан-аяқ саналы күрес жүргізіп, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының XX ғасыр 20,30,40 жылдардағы тұрмыс-тіршілігінің ащы шындығына "салауатты Еуропа" көзін ашты, әрі сөзге сүйенбей тек қана деректерге партиялық баспасөздің өз бетінен алынған деректерге сүйене отырып ашты: аса қатаң цензура қойылғанына қарамастан "Правда" мен жергілікті партиялық газеттерден, "За партию" журналының жазғандарынан қатыгез болмыстың бірен-саран шынайы көріністері елес беріп қалатын.
Азаматтық міндетін ең жоғары адамгершілік деңгейде орындап, бірақ көзінің тірісінде, соның түпкілікті нәтижесін көре алмай өмірден өкініште өткен бұл қайраткерді бүгінгі отандастары мен ұрпақтары қалай түсініп, қалай бағалауы керек?
Менің түсінігімше, М.Шоқай өнегесі құндылығымыздың жүріп өткен жолын, әсіресе XX ғасырдағы тағдырын жаңа тарихи контекстте қорытуға, сол арқылы бүгінгі жағдайымыз, ұлттық мүддемізді тура және жоғары сапада түсінуге түрткі болуында. Ал жаңа тарихи контекст дегенде алдымен ойға оралар ғылыми және тарихи ұғым — "Түркістан" немесе "Түркі елі" идеясы.
... Түркістан — түркітер елі деген сөз. Сонау VI ғасырдың өзінде-ақ моңғол дәуіріне дейінгі көшпенділер империясын түркі жұрты қанатын жая қоныстанған кең байтақ аймақты Сасанид әулеті кезендегі (III-VII ғғ.) ирандықтар осылай деп атай бастаған екен. Бұл көшпелі түрікілер империясының территориясы Қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейін созылып, солтүстікке қарай онымен сасанидтер мемлекетінің арасындағы шекара қызметін атқарған Әмудариядан бастап, шығысында Индке дейін. Батыста түркілер түрікше Даикс (яғни Жайық) атымен белгілі болған Орал өзенінен төңкеріліп жатты. Түркістанның тұрғылықты халқы саны жағынан тең емес eкі жұртынан- түркілер мен тәжіктерден тұрды. Алғашқыларын Еуропада "қазақ", "қарақалпақ", "қырғыз", "түркімен" және "өзбек" атымен біледі. Олардың бәрі де мұзды мұхиттан Адриат теңізіне дейінгі барлық түркілерге ортақ түркі тілінде сөйлеген (Түркілердің шамамен 1/15 бөлігін құрайтын тәжіктерге келетін болсақ, бұл халық тілі мен қаны жағынан иран текті болып саналады). Бірақ та олардың бәрі де өздерін, расында да бір халықпыз деп есептейді — мұны Түркістан мен түркілердің тарихын біршама білемін дейтіндердің ешқайсысы да жоққа шығара алмайды.
М.Шоқай үшін Түркістан тұтастығымен Түркістан еркіндігі егіз ұғымдар. Ал ресейлік езгіден құтылу — Түркістан халықтарына біртұтас тәуелсіз мемлекеттер, федерациясын құруға жол ашумен бірдей. Дегенмен, Алаш қозғалысы халқымыздың өз зиялылары арқылы мемлекеттік дербестік , тәуелсіздік туралы тұңғыш рет саналы түрде мәселе қойып, сол үшін мақсатты әрекетке көшу болатын. Бұл орта ғасырлық мешеулік пен отарлық үстемдіктің құрсауында түншыққан қазақ халқы үшін жаңа мазмұндағы өркениетке көшу, XX ғасырдағы жаңа сападағы мәдениетке бет түзеген адамзаттың көшіне еруді мақсат етіп қойған табиғи ұмтылыс болатын. Бірақ өкінішке орай, Алаш зиялылары бастаған қазақ жұртының бұл табиғи қайта жаңғыруы, рухани түлеуі өзінің логикалық шегіне жете алмады, империялық, партиялық өктемдіктің жазықсыз құрбаны болып, елінің Тәуелсіздігі үшін қанатымен су сепкен қарлығаштай шырылдап өткен ол, тарих қойнауына енді.
Мұстафаның жете алмай кеткен арманы Тәуелсіздік болатын,
Қазақстан Республикасы қазірдің өзінде саяси Тәуелсіз болғанымен басқа мемлекеттерге экономикалық Тәуелсіздігіміз көрініп тұр. Толық Тәуелсіздікке жету үшін қазіргі ұрпақ көп жұмыс атқаруы тиіс. Мұны жүзеге асыра алмау — бізге сын!
1924 жылдан бастап Түркістандағы "ұлттық межелеу" деп аталған "тарихи датадан" кейін елдің тарихи атауына қатаң тиым салынды. Түркістанның орнына Кеңестік әкімшілік жарғон ("Кеңестік Қазақстан" және "Кеңестік Орта Азия") дегенді қолдана бастады. Өз кезегінде соңғы атаудың өзі төрт, әрине, "дербес ұлттық" республикаларға — Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Түрікменстанға бөлінді. Өзбекстанның құрамына тағы да "Автономиялық республика" Қарақалпақстан және Тәжікстанға ерекше автономиялық облыс Таулы Бадахшан кірді.
Түркістанды бұлайша бірнеше дербес мемлекеттік бірліктерге жасанды түрде және күштеп бөлшектеу Кеңес үкіметіне, біріншіден, Кеңес туы астында болса да түркістандық түркілердің өздерінің ұлттық-саяси біртұтастығың нығайтуға ұмтылысына қарсы күрес үшін, екіншіден, большевиктік, яки Сталиннің анықтамасы бойынша, "аты-жөнінен ғана ұлттық, ішкі мазмұны бойынша интернационалдық және социалистік" "ұлт саясатын" табысты енгізу үшін керек болды.
ІІ– тарау.
1916-1927 жылдардағы қоғамдық-саяси ахуал және Мұстафа ІПоқай.
Алаш немесе XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың бірден көзге ілінер екі кезеңі болды. Бірі шамамен 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысы қалыптасып, Алашорда өкіметі құрылған.
1917 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықты қамтыса, екінші азамат соғысы және кеңестік билік біржола орнаған уақыттан бастап, 20-30 жылдардағы Алаш зиялыларын жазалау мақсатында ұйымдастырған сот үрдістерімен аяқталды.
Мұстафа Шоқайұлы ұлт-азаттық қозғалыстың бұл екі кезеңінде де оның жетекші басшыларына лайық жұмыстар атқарып, ұлт- азаттық күрестің лидері дәрежесіне көтерілді. Бұл тарихи кезендердің алғашқысында ол патшалық және кеңестік билікке қарсы ұлттық тәуелсіздік туын көтерген Түркістан (Қоқан) Алашорда өкіметтерін құруға тікелей атсалысса, соңғысында Еуропадағы түркістандық эмиграцияның басшысы ретінде сталиндік тоталитарлық жүйенің Түркістандағы саясаттың отарлық мазмұнын ашып көрсетіп, өзінің жариялаған еңбектері мен үздіксіз шығарып тұрған басылымдары арқылы біздің тарихымызда бұрын болмаған жаңа мазмұндағы саяси қызметті бастап берді.
Негізгі тіршілік көзі — атамекенінен айырылу қаупі енді осы Түркістан елдеріне төнді. Ал Ресей отаршылыдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан дүлей күшке қарсы түра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдық және рухани күш Түркістан бірлігі мен тұтастығы қажет еді.
М.Шоқайдың саясаткер ретінде тұңғыш көрінуі 1912 жылы Түрік-Балқан соғысы кезі еді. Әсіресе 1916 жыл патшалықтың қол астындағы түркі тектес халықтар үшін өте ауыр жыл болған. Патшаның 19 бен 31 жастың аралығындағы қазақ жастарын майдандағы "қара жұмысқа" алу туралы "маусым жарлығы" шықты. Осы жарлыққа Мұстафа қатты наразы болды. Бұл туралы "Туркестанские ведомости" газетінің 1917 жылғы N122-шi санында мынандай мәлімет жарияланған.
1916 жылы Мұстафа Шоқаев пен Қасымов деген азаматтар Перовскіде халықты мешітке жинап 1916 жылғы көтерілісті қаталдықпен басу кезінде қиыншылық көрген қазақтардың М.Шоқайдың саясаткер ретінде тұңғыш көрінуі 1912 жылы Түрік-Балқан соғысы кезі еді. Әсіресе 1916 жыл патшалықтың қол астындағы түркі тектес халықтар үшін өте ауыр жыл болған. Патшаның 19 бен 31 жастың аралығындағы қазақ жастарын майдандағы "қара жұмысқа" алу туралы "маусым жарлығы" шықты. Осы жарлықк,а Мұстафа қатты наразы болды. Бұл туралы "Туркестанские ведомости" газетінің 1917 жылғы N122-шi санында мынандай мәлімет жарияланған.
1916 жылы Мұстафа Шоқаев пен Қасымов деген азаматтар Перовскіде халықты мешітке жинап 1916 жылғы көтерілісті қаталдықпен басу кезінде қиыншылық көрген қазақтардың Құлжаға қарай өтіп кетуіне жағдай жасау үшін халықтан қаражат жинап, жалпы көлемі 1178 сом ақшаны кетіп бара жатқан қазақтарға көмек ретінде берген. Мұстафа Шоқай 1916 жылы Қазан қаласына келіп, "Түркістан бірлестігі" деп аталатын ұйым ашты.
1916 жыл құлдықтың қиямет-қайым қыспағында, әр қарекетін қалт жібермей қадағалаған патша күзетінің астында Түркістанның (мындаған жылдардың өн бойында әлемге талай-талай ұлы ғалым берген, ғайса дүниеге келмей жатып, көптеген цивилизацияның іргесін қалаған құт мекеннің) зиялыларының жаңа дүрмегі өз халықтарының болашағы жолында күш-жігерлерін біріктіру қамын жасады. Олардың бұл бағыттағы алғашқы қадамы Мемлекеттік Думаның тура өз ішінде Мұсылман фракциясында (ресейдің еуропалық бөлігінін татар, башқұрт, азербайжан мұсылмандарынан құрылған)ұйымдастырылған Саяси бюро мінбесін Түркістандағы отаршылдардың бейбақтастығы туралы Ақиқатты баян ету үшін пайдаланып қалу мақсатын көздеп, Түркістан өкілін енгізуі еді. Ал осы бюрода Орта Азия мен Қазақстан халықтарынын мүддесін алғаш білдірген адам Мұстафа Шоқайұлы болды. Өзінің алғашқы Думаны дүр сілкіндірген сөзін 24 жасар Мұстафа патшалықтың ресейлік Орталық Азиядағы отаршыл саясатын әшкерелеуге арнайды.1
1916 жылғы Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметі аяусыз басып-жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппазиция құрады, бұл мәселе желтоқсан айында Мемлекеттік Думада талқыланды. Осы мәселе бойынша баяндамаға дайындалу үшін Түркістанға арнайы келген депутат әсер А.Ф.Керенскийге материал даярлауға тікелей көмектескен де Мұсылман фракциясының хатшысы Мұстафа Шоқай болатын.
Түріктер елі — Түркістанның тарихын бес саусағындай білген, ол мәдениеттің, саясат пен заң ілімінің дамуына деген дара көзқарасын түркі ғана емес, тәжік, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде шығарған шығармасында баяндап беруге арнап еді. Әлбетте, оның Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының Саяси бюросында Түркістан халықтарының бірінші, әрі белгілі бір мерзім ішіндегі бірден-бір өкілі болуының өзі де әбден табиғи, әрі занды, өйткені, сол кездегі тарихи ахуалдың өзі, оқиғалар барысы жас Мұстафаны осы соқтықпалы соқпаққа салған.
Түркістан халықтарының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін оларды қорлық-зорлықпен рухани кұлдықтан құтқару үшін аса зор жауапкершілікті арқалауға барып, болып көрмеген қан шеңгел кұрылысқа қарсы ауыр да айрықша күрделі идеялогиялық, һәм саяси күресте басын тігуге әзір тұғыры заңғар тұлғаның алдағы тағдырына арна тартқан. Содан ол қазаға ұшырағанша, осы жолынан тайған емес.
Ол басқа қазақ зиялылары сияқты Ақптан төңкерісі нәтижелерін үлкен ынтамен қолдап, Уақытша өкімет орындарының шараларына, қазақ даласында құрылып жатқан Комитеттерінің жұмысына қызу араласады. Дегенмен, Уақытша өкімет, әсіресе, оның орнына көзқарасын түркі ғана емес, тәжік, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде шығарған шығармасында баяндап беруге арнап еді. Әлбетте, оның Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының Саяси бюросында Түркістан халықтарының бірінші, әрі белгілі бір мерзім ішіндегі бірден-бір өкілі болуының өзі де әбден табиғи, әрі заңды, өйткені, сол кездегі тарихи ахуалдың өзі, оқиғалар барысы жас Мұстафаны осы соқтықпалы соқпаққа салған.
Түркістан халықтарының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін оларды қорлық-зорлықпен рухани кұлдықтан құтқару үшін аса зор жауапкершілікті арқалауға барып, болып көрмеген қан шеңгел құрылысқа қарсы ауыр да айрықша күрделі идеялогиялық, һәм саяси күресте басын тігуге әзір тұғыры заңғар тұлғаның алдағы тағдырына арна тартқан. Содан ол қазаға ұшырағанша, осы жолынан тайған емес.
Ол басқа қазақ зиялылары сияқты Ақпан төңкерісі нәтижелерін үлкен ынтамен қолдап, Уақытша өкімет орындарының шараларына, қазақ даласында құрылып жатқан Комитеттерінің жұмысына қызу араласады. Дегенмен, Уақытша өкімет, әсіресе, оның орнына келген Кеңестік билік Түркістан халықтарының өздерін-өзі билеу құқын мойындамады.
В.И.Леннинің өз қолымен жазған «жұмыстарға, солдаттар мен шаруаларға!» атты үлгілерінде жаңа өкімет, Кеңес өкімеьі Ресейді мекендеген барлық ұлттардың өзін - өзі билеуіне шын мәніндегі құқық беретіндігін көрсетеді.
Кеңес өкіметі өз қызметінде ұлт мәселесі жөнінде мынадай принцптерді ұсынатынын танытты.
Ресей халықтарының теңдігі мен суверинитеті.
Ресей халықтарының бөлініп шығып, дербес мемелекет құруға дейін барып, ерікті түрде өзін өзі билеу құқы.
Ұлттық артықшылықтар мен шектеушілердің қандайын болса да бәрін түгел жою.
Ресей территориясын мекендейтін аз ұлттар мен этникалық топтардың еркін дамуы.
Орыс революцияшыл демократтарға іс жүзінде сынақтан өте алмайды. Олар патшалық заманында орыстан өзге халықтардың өкілдерін жатырқамағанымен, билікке қолы жеткен кезде оларды шеттетіп, маңайына жолатпай қойды.
Қазан Социалистік төңкерісін Түркістан жұрты тендікке қолым жетті деп зор ілтипатпен ынта-ықыласымен қарсы алды. Алайда, Ташкентте 1917 жылғы 16 қарашада құрылған Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі үміт отын су сепкендей өшірді. Халком кеңесінің 17 мүшесінің ішінде бірде-бір түркістандық болмай шықты. Демек Кеңес өкіметі жеңді деу бос сөз. Отаршылдық өзінің түрін ғана өзгертті. Халқом кеңестің алғашқа мәжілісі ашыларына бір күн қалғанда, оның төрағасы большевик Колесов: "... Жоғарғы органға мұсылмандарды енгізу олардың бірде-бір пролетарлық ұйымы болмағандықтан ғана емес, сонымен қатар жергілікті халықтың оларға деген көзқарасы әртүрлі болып отырғандықтан да мүмкін емес"1-деп мәлімдеді.
Түркістан Кеңестерінің 3-съезі өзінің 1917 жылғы 19 қарашадағы қарарында жеріне жеткізе кесіп айтты: "Қазіргі кезде мұсылмандарды жоғары өлкелік, төңкерісшіл өкімет органдарына енгізуге мүлде болмайды".
Тағы да қорлау! Тағы да Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ары мен абыройына күйе жағу! Арада аз ғана уақыт өтісімен,большевиктік Отарлықтан өкілене шыққан Сталиннің үні естіліп, бәрін де орын —орнына қойып берді:
"Төңкерістің қазіргі кезеңінде шет аймақтардың бөлінуін талап ету түбірімен төңкеріске қарсы!2
Түркістанның ішінде Мұстафа Шоқай бар басшылары оқшауланушылар деп жарияланды. "Тұрмыс-тіршіліктеріңізді... өз салт-дәстүрлеріңізге сай қалау-ықтиярларыңызға орай құру..." деген бұрынғы ұран-үндеулер сөз болып шықты, дәлірек айтқанда, мұның өзін ұлттардың теңдігі мен автономиясы жолындағы айрықша белсенді күрескерлерді анықтап, артынан айдар тағып айдап тастау үшін аярлықпен жасалған арандатушылық деп санауға болар еді. Алайда, Мұстафа Шоқай мен оның үзеңгілес серіктері бағыттарынан бас тарта қойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |