Мұстафина Б. А. Ақтөбе қаласы



Дата15.09.2017
өлшемі59,47 Kb.
#32633
Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңа оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Мақалада қазақ тілі сабағында сөйлеуге және сауатты жазуға үйретудің тиімді үлгілерін табу және ұйымдастыру, жалпы, сөйлесім әрекетін жүзеге асыруда жүргізілетін жұмыс түрлерін көрсетуге тырыстым.

Тілдік қатынасқа байланысты оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім ұғымдары сөйлесім әрекетіне жатады. Осы әрекеттердің бәрі ұлты өзге оқушылардың қазақ тілінде түсінуіне, пікірлесуі мен сөйлесуіне және сауатты жазуына бағытталған.


Мұстафина Б.А.

Ақтөбе қаласы

9 мектеп-гимназиясы



қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілі сабағында сөйлесім әрекетін ұйымдастыру

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағында сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсіндіруге негізделеді.

Профессор Ф.Оралбаеваның «Тілдік қатынас» деген еңбегінде сөйлесім әрекеті оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деген тарауларға бөлініп, сөйлесім әрекетінің түрлері жан-жақты қарастырылып зерттелген.

Ұлты басқа окушыларды қазақ тілінде еркін сөйлетуге үйрету мақсатында осы аталып өткен сөйлесім әрекетінің түрлері сабақта тығыз байланысты болуы керек.



Оқылым – берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу.

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқитын оқушылар үшін оқылым-сөйлеуге үйретудің, тілді меңгерудің алдыңғы шарты болып есептеледі.

Оқылым қазақша мәтіндерді дұрыс түсініп, жылдам және мәнерлеп оқи білу, мәтіннен нақты сұрақтарға жауапты тауып оқу, мәтінді тұтас оқып, мазмұнын (қысқаша немесе толық)айту арқылы іске асады. Алгоритм әдісі арқылы мәтіндегі жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс жүргізіледі. Кейбір сөз бен сөз тіркестерін синоним, антонимдер арқылы еске түсіру қолайлы.

Сөйлесім әрекетінің бір түрі- оқылымды іске асыруда төрт түрлі талапты: дұрыс, түсініп, жылдам, мәнерлеп оқуды орындауды мақсат етіп қою керек.

Тіл үйретуге байланысты оқылымның түрлері мынадай:

1.Танымдық оқылым

2. Зерделік оқылым

3.Ізденімдік оқылым

4.Көрсетімдік оқылым



Танымдық оқылым дегеніміз – тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала,кітап,пікір,газет-журнал материалдарын оқып-түсінуі.

Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалдарды зерттейін деген мақсат бола бермейді.

Мұндай оқылым белгілі бір информацияны зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі. Танымдық оқылымда шығарманың ішінен автор өзінің қабілеті мен қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып пайдаланады. Мұндай жағдайда мәтін мазмұнының 70%-ы есте сақталады, яғни оқушы бір минута 90-115 сөз оқып шығады.

Зерделік оқылым бойынша оқушы берілген материалдардың мазмұнын толық біліп,мәтінге анализ жасай білу керек. Сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді.

Зерделік оқылым асықпай, ойлы қалыппен өткізіліп, оқушының бар көңілін баулап алуды қажет етеді.

Бұл оқу бойынша минутына 50-60 сөз оқылуы тиіс.

Ізденімдік оқылым – берілген материалдардың ішінен автор өзіне керекті фактіні, хабарды іздеп тауып, пайдалана білу.

Ізденімдік оқылымның басқа оқылымнан айырмашылығы, біріншіден,мұндай оқу жылдамдықты қалайды,екіншіден, мәтіннен оқушы өз қажетін таңдап алуға мүмкін болатын тапқырлықты қажет етеді. Ізденімдік оқылымда оқушы кітаптан тұтас материалды түгел оқып не қарап жатпайды, тек өзіне керектісін мазмұннан, жоспардан іздестіріп, тауып алады.

Ізденімдік оқылым оқушының көру қабілетін ұштайды, қажет материалға бірден назар аудара білуге баулиды. Бұл оқу тапсырма мен жаттығу арқылы да жүзеге асады.

Мысалы, мәтіннен қажет анықтаманы тауып оқу, берілген ережеге сай мысалдарды табу.



Көрсетімдік оқылым – берілген материалдарды жүйелеп қарап шығып, оның не туралы екенін қысқаша анықтап беру, оның тақырыбын айқындау, ең басты мәнін, ерекшелігін танып көрсету.

Мұнда оқушы барлық материалды ежіктеп оқымаса да , оның тарауларын, абзацтарын, ережелерін жеке-жеке қарап шығып, оларға қатысты негізгі ойды көрсетеді,тақырып қояды.

Автор(оқушы) мұндай оқу арқылы мәтінмен қалай жұмыс істеу керек, оның мазмұнын қалай ашу қажет,түсініктеме, қорытынды тағы басқа қандай мәселелерге ден қою керек деген сауалдарды шешуге үйренеді, ең негізгі проблеманы көрсете біледі.

Көрсетімдік оқылымда оқушы мәтінді қалай оқып, қандай форманы таңдап алады, оны өз еркіне жіберген тиімді.

Оқылым екі түрлі формада жүзеге асады:

1.Іштей оқу

2.Дауыстап оқу(тез оқу, баяу оқу)

Іштей оқу – берілген материалды не мәтінді үн шығармай, сөйлеу мүшелерін қимылдатпай көзбен оқу.

Іштей оқу оқылымның негізгі формасы болып саналады.



Дауыстап оқу – материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу.

Мәтінді дауыстап оқу белгілі бір хабарды адам өзі үшін ғана емес, екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды есте сақтауға негіз болады.

Оқушының сөйлесу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі сөйлеу, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап айту, мәтінмен жұмыс, оқу, сұраққа жауап беру, суретпен әңгіме құрастыру, тапсырмаларды ауызша орындаумен ғана шектеліп қоймай, қазақ тілінде сауатты, жақсы, жетік сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сауатты жаза білуі де міндетті.

Сауатты жаза білуді қалыптастыруда оқушыға жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар, жазылым арқылы сөйлесім әрекетін дамытуды мақсат етіп қою керек. Сауатты, дұрыс жазу талабы – емле ережесін сақтау. Сондықтан оқушыға жазудағы сауаттылықты, емле мен тыныс белгілеріне дұрыс қолдануды үйрету керек. Жазба жұмысы сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру, құру, сөздердің орын тәртібін ескере отырып, өз ойын сауатты жазуға үйретудің ең тиімді жолы болып табылады.



Жазбаша сөйлесім дегеніміз – оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білу, пікірін қағазға түсіріп, жеткізуі.

Тіл үйренуге қатысты жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме, реферат жазу жатады.

Жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесіне тиімді, есте сақтауға жеңіл болуы тиіс.

Мысалы, сөздер мен тіркестерді аударып жазу, әңгіменің жоспарын құру, сұраққа қысқаша жауап жазу, сөздермен сөйлем құрастырып жазу,т.б.

Жазалым әрекеті сөйлесім әрекетінің мақсатын іске асыруы үшін сабақта келесі жұмыстарды іске асыру керек:


  1. Жазбаша жаттығулар түрлері

  2. Қысқа мәтіндер

  3. Жүйелі жазба жұмытары

  4. Жазбаша бақылау жұмыстары

  5. Диктанттың түрлері

  6. Жазбаша ойындар

  7. Іс-қағаздар үлгілері

Қазақ тілі сабағында оқушыларды мазмұндама жазуға жүйелі түрде үйрету арқылы еркін сөйлеуге, сөйлесім әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік бар.

Сөйлесім әрекетін ұйымдастыруа тыңдалым (аудирование) оқу процесінде жиі қолданылады.Тыңдалымның ең басты мәні – адамдар арасындағы қарым –қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу.

Тіл дамытудың алғышқы кезеңінде тыңдай білу мен ести білу дағдылары маңызды орын алады, өйткені мұндай дағдылар мәнерлеп оқу мен таза сөйлеудің алғы шарты болып есептеледі.

Аудиомәтінді дұрыс таңдап алу – бүкіл тыңдалым процесінің сапалы өтуіне әсер етеді. 10 сыныпта «Әлия Молдағұлова» , «Мәншүк Мәметова» мәтіндерін өткеннен кейін, «Қазақ халқының батыр қыздары» деген тақырыппен аудиомәтін дайындауға болады. Яғни тақырып оқушыға таныс материалдан жинақталады. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну кезінде оқушы кейбір білмейтін сөздердің мағынасын контекст арқылы түсінуі керек.

Айтылым – адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын процесс. Ол тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару прцессі.

Сөйлесім әрекеттерінің барлық түрлері басшылыққа осы айтылым әрекетін алады. Себебі, оқушыға ойын тіл арқылы жарыққа шығаруды үйретпей тұрып, оны сөйлесуге, тілдесуге үйрету мүмкін емес.

Диолог тақырыбын (сөйлесу) өтілген материалдармен ұштастыру қажет. Мысалы: «Қазақтың белгілі әншілері » , «Қазақ билері», «Қазақ сазгерлері» , «Спорт» және тағы басқа жағдаяттарды сабақта тиімді қолдана отырып, оқушылардың сөйлесім әрекетіне жағдай жасау қажет-ақ.. Қоршаған орта мен жағдай әр түрлі себептерге байланысты шартты түрде ұйымдастырыла береді. Сөйлеуге үйретуге қоршаған орта мен жағдайдың әсерін ескеру оқу процесін тікілей өмірмен жалғастырады. Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан құбылыстарды түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп беруге жол ашады.

Сөйлеуге үйретуде мұғалімге оқушының жеке басына тән өзіндік қасиеттерін, мінез-құлқы мен қабілетін үнемі ескеріп отыруға тура келеді. Мұның өзі әр оқушымен жеке-дара жұмыс істеуге, әрқайсысымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік жасайды.



Сөйлесім әрекетінің осы түрін сабақта жүйелі қолдану арқылы қазақ тілі сабағында оқушыны дамыта оқытуға мүмкіндік бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет