МқТӘ-11, Нанай Фарида Әдеби үдеріс пен әдеби байланыс мәселелері


Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасы мен байланыстары



бет2/3
Дата25.12.2021
өлшемі18,02 Kb.
#105541
1   2   3
Байланысты:
Нанай Ф.

2. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасы мен байланыстары.

Ұлттық әдебиеттің көркемдік таным тұрғысындағы үлгілері жалпы халықтың эстетикалық қабылдау деңгейіне орай бағасын алары анық. Әдеби даму қозғалысындағы ықпалды,қозғаушы күштер ретінде көрнекті, дарынды тұлғалар сөз өнерінің рухани танымдық әсері мен қоршаған ортаның қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін ұштастырады. Көркемдік күші мен әлеуметтік мәселелерін тұтастыққа айналуынан ұлттық әдебиеттің халықтық сипаты қоғамдық маңызға ие болады, жұртшылықтың рухани демеушісіне айналады. Халық тарихының жаңа кезеңдегі оқиғалары ақындардың көркем шығармаларының әдеби дамуындағы ортақ мүдделерді жырлағандарынан байқалады.

Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасы көп қырлылығымен ерекшеленеді. Мысалы, сарындас әдеби ағымдар бір-біріне ықпал етеді, идеялық-эстетикалық бағыт-бағдары ұқсас қаламгерлер өзара үндестік танытып жатады. Бұл жекелеген ұлттық әдебиетте белгілі бір жанрдың қалыптасып, өріс жаюына әрі жаңа және ескі поэтикалық формалардың жетіліп, дамуына, көркем сөз шеберлерінің тіл, стиль тұрғысындағы өркендеуіне игі ықпал жасайды.

Тарихи-қоғамдық жағдайдың өзгеруіне орай, әдебиет аралық қарым-қатынас та бірте-бірте ауысады. Сөйтіп, бұрын өзінің көркемдік жетістігі төмен болғандықтан өзгелерге елеулі әсер ете алмаған әдебиеттер басқалардан үйрену арқылы белгілі-бір шеберлік қырларын игеріп, өз ішінен белгілі-белгілі көркем сөз қайраткерлерін ұсынуы мүмкін. Бірте-бірте бұл өзара алмасудың күрделі процесіне әлем әдебиетінің бәрі тартылады. Мәселен, тарихи-қоғамдық жағдайларға байланысты томаға-тұйық күй кешіп келген қазақ әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, шығармашылық қарым-қатынас үрдісіне бойлай енді. Тіпті еніп қана қоймай, әлемді аузына қаратқан қайраткерлерді (Шоқан, Ыбырай, Абай) дүниеге әкелді.

Түркі жұрты жүздеген, мыңдаған жылдар бойы орыс империясы тарапынан жүргізілген тілі мен мәдениетіне қарсы зорлықшыл әрекетіне қатты қарсылық білдіргені тарихтан мәлім. Қазақ әдебиетіндегі зар заман поэзиясы туралы осыны айтуға болады. Еңбек авторы зар заман ағымы тек қазақ әдебиетінде ғана емес, басқа түркі елдерінің сөз өнерінде көрініс тапқанын тілге тиек етеді. Шынында бұл қоғамдық құбылыс ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы бүкіл түркі әдебиетінде із қалдырғанын байқаймыз. Нақтылай айтқанда, сол тұста қазақ, өзбек, қырғыз, түрікпен, қарақалпақ қоғамында бой көрсеткен тарихи-әдеби бағыт, ағымдар осыны дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет