МқТӘ-11, Нанай Фарида Әдеби үдеріс пен әдеби байланыс мәселелері


Әдеби процестің ішкі заңдылықтары мен ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы



бет3/3
Дата25.12.2021
өлшемі18,02 Kb.
#105541
1   2   3
Байланысты:
Нанай Ф.

3. Әдеби процестің ішкі заңдылықтары мен ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы.

Жалпы, әдеби үдеріс нәтижесінде адамзат тарихындағы сөз өнерінің даму заңдылықтарын зерттеу, яғни, әдебиеттердің типологиялық ортақтығын зерделеу әлемдік деңгейдегі көркемдік шындық эволюциясының негізгі заңдарын ашып көрсетуде аса маңызды. Академик В.М. Жирмунский «Әдебиетті салыстырмалы-тарихи түрде зерттеудің проблемалары» деген тақырыпта баяндама жасады. Әр алуан ұлт әдебиеттеріне салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеудің негізгі алғы шарттарының бірі - адамзаттың әлеуметтік-тарихи ілгерілеуінде идеологияға икемделген әдебиет пен өнер атаулының уақыт талабына сай дамудағы процесс бірлігі мен заңдылығының ортақтығы болып табылады. В.М. Жирмунскийдің бұл іспеттес ой-тұжырымдары шығыс пен батыс әдебиетіндегі, дәлірек айтқанда, поэзиядағы мына секілді тарихи-типологиялық ұқсастықтар арқылы дәйектелді: 1) халықтық батырлық эпос, 2) көне замандағы классикалық араб поэзиясындағы махаббат лирикасы және батыстағы трубадурлар мен неміс ерлік-серілік лирикасы; 3) Батыстағы өлең үлгісіндегі ерлік-серілік (рыцарский) роман мен иран тілді әдебиеттердегі «романтикалық эпос» аталатын жанр.


4. Қазіргі әлемдік әдеби үрдісті тануда байланыстың қажеттілігі.

Ұлттық әдебиетіміз - өте құнарлы, бояуы қанық, айтары бар ерекше дүние. Қалай салыстырсақ та қазіргі қазақ әдебиеті – былай да былай әлемдік деңгейдегі әдебиет! Оған еш қандай талас жоқ. Бірақ, бізде әдебиеттің насихатымен не өкімет, не жеке автор айналыспайды. Мәселе – қазақ әдебиетінің деңгейінде емес, керісінше оның үгіттелмей жатуында. Мәселен, «мәңгүрт» ұғымын о баста қазақтың классик жазушысы Ә.Кекілбаев әдебиетке алып келді. Бірақ Әбіш ағамыздың «мәңгүрті» қазақтың арасында қалып қойды да, оны Ш.Айтматов әлемдік деңгейге алып шықты. Ш.Айтматов демекші, ол да ең алғаш әлемдік аренаға шығу үшін қатты жұмыс жасаған қаламгер. Шығармаларды әлем тілдеріне аудару әлемдік әдебиетке ену емес. Ол жай ғана таныстыру, насихаттау. Шығармалары өзге тілге аударылмай-ақ, әлемдік әдебиетке еніп кеткен ұлттық шығармаларымыз қаншама.

Қазіргі әлемдік әдеби үрдісті тануда байланыстың қажеттілігі өте зор. Тұрмыс-тірлігі мен тарихы бір-біріне ұқсас әрі көршілес қоныстанған шығыс-түркі халықтарының өзара тығыз шығармашылық байланыс жасауы – заңды құбылыс. Олардың тегінің, дінінің бір болуы тарихы мен тағдырларын үйлестіріп, тілін жақындастырды.

Бұл ретте, тағдыр - талайы ұқсас, тарихи жағдайлары сәйкес әрі тілі, діні бір әдебиеттерді зерттеуде ғалым И.Г. Неупокоеваның: «... әдеби байланыстарды аймақтық аспектіде қарастыру өте маңызды, себебі, бірқатар жағдайларға сәйкес мұнда алмасу үрдісі өте қарқынды болмақ»,-деуі шындыққа жанасымды.



Белгілі бір кезеңнің тарихи-мәдени процесіне орай пайда болатын әдеби байланыс түрлері, заңдылықтары мен алғышарттары болуы шарт. Ал, ХХ ғасыр басындағы түркі халықтарының рухани алмасулары типологиялық ұқсастықтарға сәйкес тектестік, аймақтық негізде жалғастық тапты. Сондай-ақ, әдеби-мәдени процеске орай сол тұста әдеби байланыс түрлері жаңа реңкке ие болды. Нақтылай айтқанда, жаңа қоғамдық формацияның қалыптаса бастауына сәйкес, яғни түркі жұртының батыс өркениетіне ілесу, ілгерілеу процесіне орай өзара қарым-қатынас түрлері де жаңғырып, жаңа арнада тоғысты. Әдеби-мәдени процесстер негізінде қалыптасқан шығармашылық үндестіктер, жекелеген жазбагерлердің – шамшырағы шашылған жарық жұлдыздарының әсер-ықпалы, тағысын тағылар – бәрі де әлемдік әдебиеттер байланыстарын Шығыс пен Батыс контексінде қарастыруды көздейді.

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет