МҚТӘ-11, Нанай Фарида
1. Әдеби үдеріс пен әдеби байланыс мәселелері Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар — көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Әдеби үдеріс-әрбір халықтың ұлттық мәдениеті дамуының жетістіктерінен құралатын шығармашылық қозғалыстар жүйесі. Тегі мен діні бір, тілі ұқсас халықтардың ортақ мүдделері ұлт зиялыларының басын біріктіріп қана қоймай, шығармашылық үндестікке де итермелейді. Сондықтан әдебиеттегі тоғысулар, қарым-қатынастар мен шығармашылық ықпал-әсер әдеби процестің өз заңдылығы болумен қатар, сөз өнерінің қалыптасып, дамуының негізгі формасы ретінде де қабылданады.
Әдеби байланыс — белгілі бір ұлт әдебиетінің басқа да әлем халықтары әдебиетімен қарым-қатынасы. Әдеби байланыстың әлем әдебиеті тарихында алатын орны зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол кезеңдегі әдеби байланыстың да бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды. Оның түрлері мен жолдары көп және бұл процесте аударманың алатын орны өзгеше. Әдеби байланыс жалпы ұлттық әдеби процеске, онда жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының негізгі түрі ретіндегі әдеби байланысқа әдебиеттану ғылымы 18 ғ-дың ақыры мен 19 ғ-дың басында назар аудара бастады. Сөз өнері ғылымының әдеби байланысты зерттейтін арнаулы саласы — салыстырмалы әдебиеттану қалыптасты. Бұл мәселеге И. Г. Гердер, И. В. Гете өз еңбектерінде назар аударған. Ұлттық әдебиеттердің бір-біріне әсері, ықпалы одан әрі тарихи-әдеби процестің бір бөлігі ретінде тарихи поэтикада қарастырылды.
Әдебиеттің даму деңгейі жоғары болған сайын, оның басқа халықтың көркем өнерімен қатынасы да ұлғайып, нығая бермек. Бұл жөнінде академик В.М. Жирмунский былай дейді: «Халық неғұрлым мәдениетті болған сайын, соғұрлым оның басқа халықтармен байланысы мен өзара қатынасы қарқынды болмақ»
Әдеби байланыстар-түрлі әдеби-тарихи және көркемдік-эстетикалық фактілердің өзіндік көрінісі ретінде үнемі ауысатын өте күрделі, көпқырлы диалектикалық құбылыс. Әдебиеттанудың өзекті мәселесі болғандықтан да, әдеби байланыстар көптеген ғылыми зерттеу еңбектері мен пікірсайыс, конференциялардың өзегіне айналды. Осы ретте, 1960 жылы Мәскеуде өткен пікірсайыстың орны мүлдем бөлек. Бұл жиында сөз өнеріндегі алмасудың екі негізгі түрі атап көрсетілді. Бірі-әдеби процестердің тарихи келісім ұқсастығы болса, екіншісі-өзара тығыз қарым-қатынас. Бұл жіктеу бұдан кейін жазылған еңбектерге басты нысана болды. Әдеби байланыстардың жалпы теориясына В.М. Жирмунский, Г.И. Ломидзе, Н.И. Конрад, И.Г. Неупокоева, Н.И. Конрад,
Әдеби қарым-қатынас формаларына
-аударма,
-үлгі алу (взаимствование),
-еліктеу (подражание),
-стильге салу (стилизация),
-образды ұқсастық (образные аналогии) және тағы басқалар жатады.
Ғалым И.Г. Неупокоева байланыстың екі түріне айрықша тоқталады. Оның бірі-өзара жанаса қарым-қатынас жасау болса, екіншісі-тарихи жағдайға орай қалыптасқан әдеби процесс тұрғысындағы байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: |