Мухаммад-Султанның Жапония мұсылмандарына сыйлығы



бет6/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,28 Mb.
#7185
1   2   3   4   5   6   7   8

«Ашуға ұшырағандар» — олар өздерінің дінін бүлдіргендер, ақиқатты біліп, соған сәйкес амал етпегендер.

«Адасқандар» — дұрыс дін туралы түк білімі жоқ адамдар.

Шынайы жол – бұл Аллаһ елшісі Мұхаммед (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) пен оның сахабалары жүрген жол! Егер әрбір білім, амал, түсінік, жағдай немесе дәреже пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) алатын болса, онда ол – тура жол. Ал басқаша болса, онда – «ашуға ұшырағандар» мен «адасқандардың» жолы, әрі олар үшін Тозақ дайындалған. Қараңыз: «Мәдаридж әс-саликин» 1/21.

Еш күдіксіз, Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары – дін мәселесінде ең сауатты адамдар және Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) не үшін келгенінің шынайы мәнін түсінген адамдар. Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары ақиқатты түсінбеді, оның орнына ақиқатты олардан кейін келген бидғатшылар, оның ішінде шииттер және сол сияқтылар, таныды деп айту бассыздық болар еді!

Тура жолмен жүргендер мен бидғат пен бұрмалаудың жақтаушыларының айырмашылығын түсіну үшін сәл де болса, олардың амалдары әкелген жемістергі көз салайық. Мысалы, сахабалар кәпір мемлекеттерді ашып, оларды Ислам мемлекетіне айналдырды58, ал Құранның, білім мен тура жолдың көмегімен олар көптеген адасқандардың жүректерін дұрыстады. Олардың амалдар шынында, тура жолда екендігіне куәлік етеді. Ал шииттер, бидғатшылар мен түрлі мазхаб өкілдері қай уақытта да, қай аймақта да өзара қарама-қайшылықта болып, тура жолға толықтай қарсыласты.

Рамазанның бір күні мен Таиф қаласындағы Ибн ‘Аббәс атындағы мешітінде Құран оқумен шұғылданып отырған едім. Мен Құранда перғауынның, Аллаһтың оған лағінеті болсын, оқиғасы сипатталған жерде Аллаһтың Сөздеріне ойланып, тоқтап қалдым. Расында, ең алғаш адамдарды топтарға, партиялар мен ағымдарға бөлуді ойлап тапқан дәл осы перғауын еді ғой. Осылайша, бұл бидғаттың – мазхабқа, топтарға, партиялар мен тариқаттарға бөлудің ең алғашқы негізі салушы – Перғауын екенін түсіну қиын емес. Қазіргі кезде европалық көптеген мемлекеттерде таралған секілді оның да саясаты осындай болған! Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың келесі сөздерін келтірсе болады: «Расында, Перғауын жер бетінде тәкәппарланды және елін топтарға бөліп, олардың бір тобын әлсіретті» (әл-Қасас сүресі, 4 аят).

Сондай-ақ, Аллаһ Тағала былай деді: «Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар! Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларға мәз болғандар» (Рум сүресі, 31-32 аяттар).

Тура жолда жүретіндердің ерекшеліктерінің бірі – еш күдіксіз, барлық пайғамбарларға деген сенім, олардың араларын бөліп-жармай, сол пайғамбарларды құрметтеп, әрі олардың әкелген нәрсесіне мойындау арқылы қай жерде болса да, оларға еру екенін біл!

Мәселеның мән-жайы осылай екені белгілі болса, онда пайғамбарлардың мирасқорларын да құрметтеуге міндеттіміз – сахабаларды, одан кейін – табиғиндерді, ғалым-муджтәһидтерді, мысалы төрт имам мен сол сияқтыларды, хадис жеткізуші имамдарды, Аллаһ олардың барлығына разы болсын.

Біз қалай пайғамбарлардың арасын бөліп-жармайтын болсақ, дәл солай олардың мирасқорларының да арасын бөліп-жармаймыз. Мысалы, бір имамның сөзін қолданып, басқаларына түк назар аудармай, бір имамды жақсы көріп, қалғандарын жек көру дұрыс болмайды ғой. Мазхабқа қатып қалғандардың көбісі дәл осылай істейді, бірақ бұл ізгілердің жолы емес, тақуалардың сипаты емес. Міне, осы себепті түрлі мазхаб арасында өшпенділік басталып кетті, тіпті бір мазхабтың өкілі екінші бір мазхабтың адамының артынан намаз оқымайтын да дәрежеге жетті. Надандықтың кесірінен пайда болған осындай дәрежедегі фанатизм олардың жүректері мен көздерін соқыр қылды.

Қараңызшы, адасқандар барлық нәрсенің негізі – мазхаб деп есептейді, ал Құран – бұл екінші кезектегі нәрсе, оны үнемі негізбен яғни мазхабпен салыстырып отыру қажет деп санайды. Егер олардың арасында қайшылық пайда болса, онда екінші дәрежелі нәрсені – Құранды ысырып қою қажет, оны негізге яғни мазхабқа сай тәпсірлеп, «қиюластыру» керек деп есептейді. Міне, осылай ауытқыған, иләһи көмектен мақұрым қалған адамдар істейді.

Ал шынтуайтына келер болсақ, негіз бұл – Құран! Дін туралы пікірлер мен мазхабтарды Оның астына «үндестіруге» тиіспіз: сәйкес келгенді қабылдап, ал сәйкес келмесе, еш аяюсыз жоққа шығарылады!


«Ашуға ұшырағандардың» ерекшелігі – олар ақиқатты тек өз ілімінің жақтастарынан ғана қабылдайды

Біл, «ашуға ұшырағандардың» ерекшеліктерінің бірі – ақиқатты тек өз тобынан ғана қабылдауы. Онымен қоса, олар өз ілімінің жарлықтарына ермейді. Міне, мұндай қасиетті кейбір топтардың фәқиһсымақтары мен сопылардың және т.б. көбісінен кездестіруге болады. Олар өз топтарындағы адамдардың сөзі мен пікірін ғана қабылдайды, ал Ислам барлық нәрседе ақиқатқа еруге бұйырады: түрлі хабарларды (хадистер), түрлі пікірлерді, Аллаһ елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа, белгілі бір адаммен шектелмеуді. Бұның барлығының себебі, мұсылманның мақсаты – ақиқат және оны кім айтса да, ол қабылдауға дайын. Мазхабшының жүрегінде белгілі бір адам ұлықталады да, дәл өзінің тұрғылықты жері мен ата-бабалардың салтын қайталап, оның не айтқанына ойланбастан соқыр еліктейді (тақлид жасайды). Негізі, бұл адасушылықтың нағыз өзі ғой, өйткені сөздің мазмұнына қарау керек, ол сөзді кім айтқанына емес! ‘Али ибн Әбу Талиб, Аллаһ оған разы болсын, былай дейді: «Ақиқат адамдармен танылмайды, керісінше адамдар – ақиқат бойынша танылады. Ақиқатты танып-біл, міне сол кезде сен ақиқатты ұстанушыларды танисың»59.

Сондықтан, бүкіл жақсылық Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) өзі істеген, басқаларға бұйырған ізінде жатыр, ал оның ізімен – сахабалар жүрді, Аллаһ оларға разы болсын, одан кейін салиқалы сәләфтар, Аллаһ оларды Өз мейіріміне алсын. Дәл сол сияқты керісінше, бүкіл жамандық пен адасушылық кейінгі ұрпақ өкілдерінің діни мәселеде ойлап тапқан жаңалықтарында жатыр. Еш күдіксіз, мазхаб – діндегі жаңалық (бид’а). Ал оны патшалар мен сұлтандар кейбір кезде саяси сылтауға байланысты, кейде өзінің көңіл-қалауына еріп немесе өзінің ықпалы мен күшін сақтауға ұмтылып, ал кейде жай әншейін өзінің шейхының айтқанын желеулетіп ойлап тапқан. Бұл нәрселер тарихпен таныс кез-келген адамға мәлім.

Шейх Уәлию-Ллаһ әд-Дахләуи өзінің «әт-Тафхимәт әл-иләһия» 1/151 кітабында былай жазады: «Әсіресе біздің уақытымызда, әрбір елде қарапайым адамдардың белгілі бір мазхаб ұстанғанын көресің. Олардың ойынша, адам «өз» мазхабынан сәл қайтса, тіпті бір ғана мәселеде болсын, діннен қайтқанмен теңестіріледі, мазхаб – бұл пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) өзі сияқты! Олар осының негізінде адамды бағынуға мәжбүрлейді. Хиджра бойынша IV ғасырға дейінгі алғашқы мұсылмандар белгілі бір мазхаб ұстанған жоқ».




Шынында, пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдарды белгілі бір имамның мазхабын ұстануға міндеттеген жоқ
Шынында, пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдарды белгілі бір имамның мазхабын ұстануға міндеттеген жоқ, алайда Сүннетке еруді бұйырды. Егер белгілі бір ғалым бір пікір айтса, ал ол Сүннетке қайшы келіп тұрса, онда бұл мәселеде мазхабтар арасында келіспеушілік бар деп айту дұрыс емес! Сүннетке қайшы келетін ондай пікірді «екінші пікір» деңгейіне көтерместен, бірден жоққа шығару керек және ондай пікірдің бар екенін де мойындамау қажет. Белгілі бір мәселеде ешқандай дәлелге сүйенбеген, тіпті сенімді хадиске қайшы келетін белгілі бір имамның пікірі барын алға тартып, сондай-ақ хадисті теріске шығара отырып, имамның пікірін ұстануға болады деп айтуға ешкімнің қақысы жоқ. Адамның мұндай әрекеті діннен қайтуға (ридда) әкеп соқтырады, Аллаһ бізді одан сақтасын.

Мұсылман адам хадистің мазмұнына ой жүгіртіп, мұқият оқып үйренуі тиіс, содан кейін – «оған азу тісімен жабысып», бүкіл жүрегімен де, қолымен де қатты ұстануы қажет; оны бұзатындарға назар салмастан, оларды тыңдамау керек. Міне, осы тура жол! Тек оны жалғыз ғана ілім ретінде алып, одан ауытқыма! Бұл жолдан ауытқуға мысал өте көп: дәретте (таһәрат) – адамның табанын жууға тыйым, некеде – уақытша некені рұқсат ету, «халал» мәселесіндегі ауытқу – аз көлемде алкогольді ішімдіктерді рұқсат ету, үй есегінің ет жеуге рұқсат ету, намазда – бесін намазының уақыты заттың өз көлемінен екі есе үлкен болған кезде аяқталады деген тұжырым және соған ұқсас көптеген адасушылықтар.

Әй мұсылман! Егер сен өз дініңді дұрыс танығың келсе және сенің тақуалыққа деген зор ынтаң болса, онда мен кеңесіме құлақ сал!

Құран мен Сүннетті, сондай-ақ алғашқы ғасырлардағы үлкен ғалымдардың – сәләфтардың сөздерін оқып-үйрен! Хадис жинақтарын оқы және бүкіл сенімді хабарларды қабылда да, оларға амал ет! Егер сен сырттай қарағанда бір-біріне қарама-қайшы хадис кездестірсең, онда оны келесідей қағидаға сал: ең күшті, әрі ең қауіпсіз (яғни тыйым мен күдіктен алысырағы) хабарды қабылдау керек.

Бұл жол мүлде қиын емес. Сенің дініңе қажет нәрсенің барлығы хадис кітаптарында бар – бұл Мәликтің «әл-Мууаттасы», әл-Бухари мен Муслимнің «Сахих» сенімді жинақтары, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи мен ән-Нәсаидің «Сунандары». Бұл кітаптарды табу оңай, әрі бұл кітаптар жұртшылыққа кең тараған және бәріне мәлім. Сондықтан, соларды оқып-білуге тырыс! Егер ол кітаптар сенің тіліңде аудармасы болмаса, онда оны жақсы түсінетін бауырларыңа хабарлас және олар саған жақсылап түсіндіріп берсін. Менің кеңесім осы, Аллаһ жақсырақ біледі60!

«Әт-Тафхимәт» 1/309 (шейх әд-Дахләуидің ) кітабында былай делінген: «Тақлид жасауды артығырақ көретін және өз имамының пікірінен қайтпайтын, тіпті егер ол пікір сенімді хадиспен жоққа шығарылған болса да, бірақ өздерін фәқиһ деп атайтындар – адасқан нақұрыс, ақымақтар. Ақиқат деген анық, әрі түсінікті ғой! Аллаһ Тағаланы ортаға ант қылып айтайын, Аллаһ Тағала – Құдіретті, Әділетті, Ол адамдарды Қиямет Күнге дейін шариғатпен өмір сүруге міндеттеп, содан кейін оларды соншалықты соқыр, сауатсыз қылып, тіпті олар жалғаннан ақиқатты айыра алмайтындай етті деуден Пәк. Керісінше, Аллаһ Тағала ақиқатты барлық адамдарға ашып түсіндір берген, тек бағынбайтындар – жалғыз қасіретке ұшырауға лайықтылар. Сондықтан, Ол айқын Кітап түсірді, ол Кітапты адамдардың сөзімен шатастыру мүмкін емес, Ол Құранды түрлі бұрмалаулардан қорқап қойған.



Сонымен қатар, Аллаһ Тағала Өз елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) аузына түрлі шариғи үкімдер мен дана сөздерді салды. Хадистердің орасан зор бөлігі көптеген анық, әрі сенімді жолдармен жеткен. Ғалымдардың көпшілігі ондай хадистерді біледі және өз пікірлерінде соған сүйенеді, сондықтан егер біреудің пікірі оған қарсы келсе, ондай пікір қабылданбайды.

Кеңге таралған хадистерден бөлек тағы да сирек кездесетін хадистер де бар, көбінесе ондай хадистер үлкен ғалымдарға, хадистану ғылымындағы мамандарға мәлім, ал қарапайым адамдар ондай хадистермен таныс емес. Егер ондай хадистерді анық, әрі сенімге лайықты жеткізуші келтірсе, онда ол сенімді (немесе жай ғана «жақсы») деп есептелінеді. Осылайша, хадисті міндетті түрде қолдану қажет, сондықтан оларды оқып-білуге тырыс және соларға амал етуді ұмтыл!»

Осы кітаптан тағы бір үзінді келтірейік:



«Аллаһқа ант етемін, Аллаһтан басқа Үстемдік Етуші жоқ және Аллаһтан өзге ешкімде билік жоқ. Тек Аллаһ Тағаланың Өзі ғана ненің міндетті (фәрд, уәджиб), ненің қалаулы-қосымша (мәндуб, мустахабб), ненің рұқсат етілетіндігін (мубәх), ненің жағымсыз (мәкрух) және ненің тыйым салынғандығын (харам) анықтайды. Аллаһ Тағала адамдарға бұл үкімдерді пайғамбарлық мақсаты үшін таңдап алынған адамның тілінде түсірді. Егер белгілі бір адам еш дәлелесіз, өз тарапынан әлдебір амалды парыз деп, басқасын – тыйым салынған немесе күнәлі деп мәлімдесе, онда ол адам Аллаһқа жала жапты.

«Тілдеріңнің “бұл харам, бұл халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар! Аллаһқа өтірік жала жапқан боласыңдар. Шынында, Аллаһқа өтірік жала жапқандар құтылмайды» (ән-Нәхл сүресі, 116 аят)

Аллаһқа ант етемін, Аллаһ Тағала дұрыс та, қате де айтанын белгілі бір адамның ізінен еруді бұйырды, әрі дінде тек сол адамның айтқаны ғана парыз деп есептейтін адам кәпір болады61. Ау шариғат ол адам дүние келмей жатырып бекітілген еді ғой. Ол адам пайда болмай жатырып-ақ адамдар шариғатты түсінген, оны бұрынғы ғалымдар орындаған, хадис жеткізушілері келтірген және фәқиһтер соған сәйкес шешім шығарған. Бұған қарамастан, адамдар ғалымдарға еліктеу қажет деп шешті, себебі олардың ойынша, ғалымдар дін туралы ешкім білмеген нәрселерді білді, олар ғылыммен соншалықты қатты шұғылданды, тіпті олардан кейін ешкім олай шұғылдана алмады. Енді міне, егер сенімді деп танылған хадис болса және оған сай мұсылмандар амал еткен болса, тек «жетекші» оны істеуге бұйырмағаны үшін адамның одан бас тартуы – бұл үлкен адасушылық!»

«Әт-Тафхимәт» кітабының авторы әрі қарай былай жалғастырады:



«Мен ғылыммен айналысатындарды және өздерін білім ізденуші «талиб-ул-‘илм» деп атайтындардың назарын аударғым келіп тұр. Сіздер ғалым болғыларыңыз келеді, әрі осы үшін ежелгі грек философиясын, морфология мен грамматиканы «сарф уә нәху» оқып жатырсыздар, енді, сіздердің ойларыңызша, осы нағыз білім бе? Жоқ та! Нағыз білім – бұл Аллаһтың Кітабы туралы білім62 және Сүннет білімі63. Содан соң, осы алынған білімнің негізінде өмір сүру керек: осы ғана тура жол және ең жақсы пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) өнегесі екенін біле отырып, махаббатпен Сүннетке еру. Сүннетті орындау дегенде біздің қалауымызға қарсы мәжбүрленген, міндеттелген нәрсе деп қарамау керек!

Мысалы, сендер дінді оқып-үйренгенде тек дәреттің тіректерін, намаздың тіректерін, зекеттің жағдайын, мұра қалған кезде мирасқорлардың үлесін білу жеткілікті деп ойлайсыңдар, алайда бұл білімдер тек өмірімізге қатысты ғана ғой. Онымен қатар, пайғамбарымыз (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бен сахабалардың өмір баянын оқып-үйренбейсіңдер, әрі оны артық, қажетсіз нәрсе деп есептейсіңдер. Дәл солардың әрекеттері мен сөздері туралы білім адамның Қиямет Күніндегі есеп туралы ойлануына, амалдардың дұрысталуына және сол Күнге дайындалуға итермелейді емес пе?!

Міне, мысалы сендер түрлі фәқиһтердің пікірлерін, олардың түрлі нұсқалары мен теорияларын, олардың «истихсаналары» мен жіктеулерін оқып-үйренудің тұңқиығына баттыңдар. Шыныменде, сендер Аллаһтың бекіткен заңы бәрі-бір де біздің заңымыз болып қала беретінін білмейсіңдер ме?! Өздеріңе қараңдаршы: Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сенімді хадистерінің бірін кездестірген кезде, көбінесе пәленше ғалымның мазхабына сай амал етуіміз қажет деп ақталып, хадиске сәйкес амал етуден бас тартасыңдар ғой?! Одан кейін неше түрлі сылтаулар айта бастайсыңдар: «хадисті тек толыққанды ғалым-муджтәһидтер ғана түсінуге құқығы бар, ал біздің ісіміз – тек оларға үн-түнсіз еру. Имамымыз бізден гөрі бұл хадисті жақсырақ түсінген.

Ол хадисті қалдырды, демек ол хадистің бір ақауы бар болғаны немесе имамымыз ол хадис қайтарылған деп есептеген, я болмаса одан да сенімдірек хадисті кездестіргендіктен ол хадисті теріске шығарған».

Бауырларым, мына бір нәрсені жақсылап біліп алыңдар – жоғарыдағыдай сөздер мен істер дінге ешқандай қатысы жоқ. Егер сен өзіңнің пайғамбарыңа (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) иман келтірсең, онда оның сөзі басқа біреудің сөзіне қайшы келе ме, әлде сай келе ме – оған қарамастан, пайғамбардың ізінен ер! Мұсылман адамның міндеті Құран мен Сүннетке сәйкес амал ету. Егер сен Құран, Сүннетті түсінуге мүмкіндігің болса, онда дереу білімді тікелей солардан ал!64 Ал сәл қиыншылықтар пайда болса, онда түрлі ғалымдардың пікіріне жүгін – қайсысы ақиқатқа және Сүннетке жақынырақ, әрі анығырақ.

Ал түрлі қосымша ғылымдар қаншалықты бірінші кезекті ғылымға – Құран мен Сүннет білімін тануға көмектессе, соншалықты олармен (қосымша ғылымдармен) айналысыңдар! Сонымен қатар, оларды ешқашан құралдан мақсатқа айналдырмаңдар және оларға арнайы, жеке бір ғылым ретінде қарамаңдар!»

«Әт-Тафхимәт» 2/161 кітабының авторы әрі қарай былай жалғастырады:



«Егер кімде-кім бір имамның ізінен еріп жүрсе, әрі оған белгілі бір мәселеге байланысты Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадисі жетсе және ол хадис өзінің имамының сөзіне қайшы келсе, осы кезде ол хадисті тастап, имамның сөзіне жүгінсе, онда ондай адамға ешқандай ақтау жоқ. Шынайы мұсылман адам ешқашан олай істемейді, ал егер солай істеп қойса, онда оны екіжүзді деп күдіктенуге болады.

Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Сендер өздеріңе дейін өмір сүргендердің салтына еліктейсіңдер: олардың ізіне түсіп, бір сүйем де, бір қадымдай да кейін қалмайсыңдар! Тіпті егер олар кесірткенің ініне кірсе, сендер де бірге кіріп кететін боласыңдар!» Сонда сахабалар: «Әй Аллаһтың елшісі, бұл айтып тұрғаныңыз яһудейлер мен христиандар ма?» деп сұрады. Ол былай деп жауап қайтарды: «Енді ше, олардан басқа кім болатын еді?» әл-Бухари 6/495 мен Муслим 3/219.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) рас айтты. Біз талай әлсіз мұсылмандардың тақуа әулиелерді Аллаһпен қатар раббы ретінде алып, олардың қабірлерін құлшылық қылатын орындарға айналдырғанын көріп жүрміз, дәл солай яһудейлер мен христиандар да жасайды. Онымен бірге, біз талай рет Аллаһтың Кітабындағы аяттардың мағынасын бұрмалағандарды көріп жүрміз. Аяттың мағынасын бұрмалау құбылысы бүкіл үмметке таралды. Мысалы, сопылық ілімінде таухид мәселесінде немесе басқа көптеген мәселелерде Құран мен Сүннетке түбегейлі қарама-қарсы жағдайлар бар. Ал фәқиһтер болса шығу тарихы белгісіз қаншама мәселелерді енгізіп жіберді десеңші, мысалы «ондықтың оннан бір бөлігі», «құдық мәселесі» және сол сияқтылар... Қарапайым адамдар болса, пұттарға табына бастады, әулиелердің қабірін мешітке айналдырып, тіпті арнайы сапармен баратын “қажылық” іспеттес орынға айналдырды. Аллаһ Тағала мұндай адасушылықтардан сақтасын».

Ұлы ғалым Ибн әл-Қайим (Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын) «И’ләм әл-Мууәқи’ин» 4/261 кітабында былай дейді: «Қарапайым адамға белгілі бір мазхабты ұстану міндетті ме, жоқ па? Бұл мәселеге байланысты екі пікір айтылды, біріншісі – мазхаб ұстану міндетті емес. Міне, жалғыз осы пікір ғана дұрыс. Аллаһ пен Оның елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бекіткен нәрсе ғана міндетті болып табылады. Аллаһ Тағала да, Оның елшісі де (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ешбір адамға біздің үмметтің белгілі бір адамының мазхабына еріп, тек одан ғана бүкіл дінді қабылдауға міндеттеген жоқ қой.



Қарапайым адамға мазхабқа еруге рұқсат етілмейді, тіпті егер сол мазхабты ұстанамын деп мәлімдесе де. Қарапайым адам үшін «мазхабқа еру» деген түсінікті қолдану мүмкін емес нәрсе. Өйткені, мұндай сөзді тек қажетті білім деңгейіне ие болған, әрі ой жүгіртіп, дәлелдей алатын және дәлелдерді салыстыра отырып, мазхабтар арасында түсінігі бар адам ғана қаратылып айтылады. Немесе ондай адам белгілі бір мазхабтың кітаптарын оқып, өз имамының фәтуәлары мен сөздерін оқып-үйренген болуы тиіс.

Алайда, егер адам осы аталғандардың ешқайсысын түсінбесе, оның үстіне өзін “шафиғимін”, “ханбалимін” немесе басқа бір мазхабты ұстанушымын деп мәлімдесе, онда мұндай бос сөздерді айта салып, бірден өзі айтқанындай бола қалмайды. Бұл сөздері: «мен фәқиһпін» немесе «мен ғалыммын», я болмаса «мен жазушымын» деген сөз сияқты. Өйткені, ондай дәрежеге жету үшін тек сол сөздерді айту жеткіліксіз ғой.

Егер кімде-кім өзін “шафиғимін”, “мәликимін”, “ханафимін” және т.б. дейтін болса, әрі белгілі бір имамның ізіне еретінін, соның жолымен жүретінін мәлімдесе, онда ол ғылымда да, білімде де, дәлел келтіру тәсілінде де өз имамының жолымен жүруі тиіс. Міне, осындай кезде ғана бұлай айтуына құқығы бар. Ал егер ол өз имамы туралы білмесе және оның өмірлік жолынан, оның қағидалары мен тәсілдеріндегі түсініктен алыс болса, онда қалайша ол бос сөздер арқылы өзін имамның іліміне байланыстыра алады? Міне сондықтан, Исламдағы қарапайым, сауатсыз адамды қарастырар болсақ, ол адам үшін «мазхабқа еру» сөзі тіптен қолдану келмейтін, әрі ақылға сыймайтын ұғым. Ал егер тіпті ондай жағдай болуы мүмкін десек те, бәрі-бір ешкімді белгілі бір адамның барлық сөздерін алып, басқа имамның сөзін тастауға міндеттеуге болмайды.

Мұның барлығы – жиеркенішті бидғат! Мұндай құбылыс – барлық имамдарға беймәлім құбылыс, әрі бұл біздің үмметте кейіннен пайда болды. Сонымен қатар, олардың дәрежесі жоғары, бізден гөрі әлдеқайда абыройлы, әрі олар бізден гөрі Аллаһ пен Оның елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) туралы жақсырақ біледі, осыған қарамастан олар ешқашан тақлидке шақырған емес және мұсылмандарды мазхабқа еруге міндеттемеген. Ең жаманы – бір адамның мазхабына еру бұйырылған деп есептейтін адамның пайымдауы. Одан да бетер – тек төрт мазхабтың біреуін ғана ұстанып, оған бүкіл нәрседе еру керек дейтіндердің пікірі.

Біздің жағдайымызға қарашы! Сахабалардың, табиғиндердің, табә-табиғиндердің және басқа да Ислам имамдарының ілімі құрыды. Бар болғаны төрт-ақ мазхаб қалды! Имамдардың бірі осындайды айтып немесе осыған шақырған ба еді? Сен мынаны жақсылап түсініп ал – cахабалар, табиғиндер мен табә-табиғиндерге міндеттелген парыздар мен заңдар Қиямет Күнге дейінгі өмір сүретін соңғы ғасырлардағы адамдарға да міндеттеледі: Аллаһ Тағала ең алғашқы мұсылмандарға бұйырған нәрсесін, олардан кейін өмір сүретін мұсылмандарға да бұйырады! Діннің заңдары өзгермейді, парыз парыз болып қала береді, тек кішкентай бөлшектері ғана өзгеруі мүмкін: мүмкіндік, уақыт, мекен, нақты жағдайға және т.б. байланысты сыртқы факторлардың түрі немесе саны өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ бұл факторлардың барлығы Аллаһ және Оның елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұйырған нәрселерге сәйкес келуі тиіс.

Келесі дәлел. Бір мазхабқа еру міндетті деген тұжырым дұрыс деп елестетіңізші. Онда біз келесідей келеңсіздікке жолыққан болар едік. Біріншіден, ондай жағдай бола қалса, онда барлық адамдарға «бөтен» мазхабтың ғалымдарынан Исламды оқып-үйренуге, олардан фәтуә алу мен діннің жағдайларын түсіндіруді сұрауға тыйым салынған болар еді. Екіншіден, ондай жағдай бола қалса, онда кез-келген «жат» мазхабтың үлкен ғалымына жүгінуіңе тыйым салынар еді, тіпті сол кезде сенің мазхабыңда ол ғалымның деңгейіне жететін адам болмаса да. Үшіншіден, ондай жағдай бола қалса, онда әрбір адам өзінің мазхабына қайшы келетін бүкіл хадистер мен сахабалардың сөздерінен бас тартуына тура келер еді. Яки пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалардың сөздерінің алдына өз мазхабының жетекшісінің сөзін қою керек болып қалады. Міне, бұл тұжырымның салдары қаншалықты негізсіз екенін осыдан-ақ түсіне беруге болады. «Мазхабқа еру міндетті» деген тұжырымның қате, жаңсақ екеніндігіне жалған ереженің нәтижесі көрсетіп тұр жоқ па?!

Осы айтылғандардың негізінде біз сенімді түрде, қарапайым адам өз дінін оқып-үйренуге, төрт мазхабтың кез-келген өкілінен, әрі басқа да имамдардың ізбасарларынан фәтуә сұрап жүгінуге толық құқығы бар деп айта аламыз. Сұраушы да, сұралып жатқан муфтий де төрт мазхабтың біреуін ұстануына еш қажеттілік жоқ. Дәл сол сияқты, ғалым-муджтәһид те тек өзінің өмір сүретін аймағында таралған хадистерді ғана сүйеніп қана қоймай, сонымен қатар сахих деп танылған барлық хадистерді қабылдауы керек, ол хадис Хиджаздан болсын, Ирактан болсын, Сириядан болсын, Мысырдан болсын немесе Йеменнен болсын – бәрі-бір»65.
Мазхабтардың таралуының бірнеше себептері

Төменде бүкіл әлемде мазхабтардың таралуына бірнеше себептерін көрсеткім келіп тұр. Аллаһ Тағала менің жинаған мәліметтерімді ақиқатқа ұмтылған адамдарға қажетті қорытынды шығаруына көмекші болуын нәсіп етсін! Бірнеше тарихи фактілерді келтірейін.

Мағрибтік Ахмад әл-Мукри (х.ж. 1041 ж. қайтыс болды) өзінің «Нәфх әт-тыйб» 3/158 атты кітабында Мағриб тұрғындары имам Мәликтің мазхабын қалай қабылдағаны туралы айтады: «Сирия тұрғындары секілді ежелден бері Мағриб66 пен Андалузияның байырғы тұрғындары имам әл-Әуза’идің мазхабымен өмір сүрді. Әл-Хакәм ибн Хишәм әд-Дахилә - Омейядтар әулетінен шыққан Андалузияның үшінші патшасының кезінде фәтуә имам Мәлик ибн Әнәс пен Медина қаласының тұрғындарына көшті. Бұл оқиға патшаның өзінің саяси астарлы шешімімен болды. Бұл таңдаудың себебі неде деген сұрақта тарихшылардың пікірі сан түрлі. Көпшілік тарихшылардың пікірі бойынша, Мәлик Медине қаласында өмір сүрді, ал Мединеде қажылар қайтып бара жатқанда үнемі соғатын болған. Міне, осындай кездерде Мәликті кездестіру оңай, әрі қажетті сұрағыңды қоюға қолайлы болған. Осындай жағдайды андалузиялық ғалымдар оңтайлы қолданды. Ал кейін Андалузияға қайтқан кезінде, олар жұрттарға имам Мәликтің ерекшеліктері мен білімінің кеңдігін сүйсіне мақтайтын. Міне, осылайша олар Мәликті көтермелеп, кейін оның мазхабын қабылдады.

Басқа бір пікір бойынша, имам Мәлик, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, бірнеше андалузиялықтардан олардың патшалары туралы және оның қасиеті туралы сұрады. Әлгі андалузиялықтар патшаның тарихын айтып берген соң, Мәликке ол ұнап қалды, себебі сол кездері аббасидтік әулеттің патшаларының қасиеті мен амалдары қанағаттанарлықтай емес еді67. Әлгі әңгімелеп берген кісіге имам Мәлик: «Біз Аллаһ Тағаладан біздің қасиетті мекенімізді (Мединаны) сіздердің патшаларыңызбен безендіруін сұраймыз» деді. Бұл сөздер Андалузияның патшасына жеткізілді. Мұны естіп, Мәликтің қадір-қасиетін түсінетін патша барлық адамдарға оның мазхабына өтіп, имам әл-Әуза’идің мазхабынан бас тартуды бұйырды!

Міне, осылайша Ислам әлемінің батыс өңірінде малики мазхабы таралды. Бірақ бір кедергі бар еді. Әдеттегідей үлкен ғалымдардың өзінен кейін бірнеше жетекші шәкірттері қалады (онымен қоса, олардың сөздері мен фәтуәлары сол ғалымның мазхабынан деп есептелінеді). Ал кейде олардың арасында келіспеушілік пайда болып, бір-біріне қарама-қайшы фәтуәлар береді. Мұндай жағдай имам Мәликпен де болған, оның шәкірттерінің арасында бір мәселеге байланысты бірнеше пікір айтылды. Мағриб патшалары тек Ибн әл-Қасим таңдап бекіткен нәрсесінің негізінде ғана іс пен билік жүргізетіні туралы бірауызды келісті! Міне, осылайша мазхабтар патшалар мен олардың саясатының қолындағы ойыншыққа айналды».

Ал мен (әл-Мә’суми) болсам былай деймін: егер сен әртүрлі мазхабтар мен тариқаттардың пайда болғандығы туралы жан-жақты танысқың келсе, Ибн Халдуннің «Муқаддимә әт-Тарих» кітабын оқуға кеңес беремін. Ол осы тақырыпты өте тамаша түсіндірген, Аллаһ оған сансыз сауаптардан жазсын. Мысалы, Ибн Халдун мазхабтардың пайда болуы мен оның таралуы тікелей кейбір саяси айлакер қызметкерлерге байланысты екенін егжей-тегжейлі сипаттайды, ал кейде – билікке өзінің ерекше жоспарлары мен мақсаттары бар жат елдік адамның келуімен байланысты. Сондықтан, бұған ерекше назар аударыңыздар!

Ұлы ғалым Ибн әл-Қайим «Иғаса әл-ләхфән мин мәсаид әш-шәйтан» 1/125 кітабында былай деп жазды: «Шайтанның азғыруларының бірі мынадай: ол адамдарға біркелкі кейіпті ұстануды, бірдей киім киюді, арнайы бір келбет пен жүріс-тұрыс мәнерінде болуды, тек бір ғана шейхты тыңдауды, тек бір тариқатқа кіріп, тек белгілі бір мазхабты ұстануды бұйырады. Шайтан оларды дегеніне соншалықты көндіреді, тіпті олар бұны міндетті (фард) деп есептей бастайды. Адамдар қабылданған ережелерден бір қадым да аттап шықпайды, әрі олармен бірге болмағандарды адасқандар деп есептей бастайды».

Белгілі бір мазхабқа соқыр еретін муқаллидтердің көбісі дәл осылай істейді, сондай-ақ түрлі сопылық тариқаттар, мысалы, «нақшбандия», «қадирия», «сахрууардия», «шазилия», «тиджәния» және басқа көптеген тариқаттар.

Сондықтан, осы мазхабтар мен тариқаттардың өзегінде жатқан фанатизм мен соқыр тақлидтен сақтан! Бұл адамдар шариғат пен ақиқатқа емес, керісінше өз салттарына ергенді артығырақ көреді. Осылайша, олар фиқһ пен ақиқат ғалымдардың жағында емес, керісінше бидғатқа толы салттарды орындайтын адамдардың қатарынан болып қалды. Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жолы мен оның өмір баянын білетін, оқып-үйреніп жүрген адам болса, оның жолы мына бидғатшылардың жолына қаншалықты алыс, әрі қарама-қарсы екендігін түсінеді. Ал оның ізгі жолы тек Аллаһ Тағала бұйырған нәрсені ұстануды талап етеді. Сондықтан, ізгі жол мен жаңағыдай адамдардың жолының арасындағы айырмашылық – жер мен көктей алшақтық!

Мен (әл-Мә’суми) айтамын: егер сен Ислам бұзатын, әрі мұсылмандардың бірлігіне сызат түсіретін осы мазхабтар мен ағымдардың пайда болу тарихын жан-жақты қарастырғың келсе, тағы да Ибн әл-Қайимнің «Иғаса әл-ләхфән мин мәсаид әш-шәйтан» кітабын, әсіресе – соңғы бөлімінің 2 томның 266 бетін оқуға кеңес беремін. Оның ішінде автор түрлі оқиғалар мен Ибн Сина, Нәсыр әт-Туси сияқты адамдардың тіміскілік әрекеттерін, убайдилер мен басқалардың шиеленісін келтіреді. Осылайша, Исламның жаулары мұсылмандарды мазхабтар мен тариқаттарға бөлшектеу арқылы дініміздің өзгеріске ұшырауына бар күш-жігерін салған. Сондықтан, осы туралы шамалы ойлан!

Имам Шихабуддин Абдуррахман Әбу Шама (х.ж. 665 ж. қайтыс болды) өзінің «әл-Муәммәл ли-ррадд илә әл-амр әл-аууәлә» 1/10 атты кітабында былай дейді: «Адамдар өздерін бірте-бірте шектей бастады: Құран зерттейтін ғылымдарды үйренудің орнына, адамдар бірнеше сүрені жаттап, Құранды бірнеше оқу тәсілін (қираат) жеткізумен қанағаттана бастады, әрі Құранның тәпсірі мен одан үкімдер мен заңдар алуды қалдырды. Ал хадистану ғылымында адамдар тек кейбір кітаптарды тыңдаумен шектеліп, өзінен да наданырақ шейхтерден ала бастады. Ауызша қоқыс пен ой-пікір қалдықтарын жинаумен разы болып жүргендер де бар. Ал басқалары өздерін біреудің мазхабына қамқорлық қылып, оны келесі ұрпаққа жеткізе отырып, ондағы әрбір пікірді сақтауға тырысуға арнады. Кейбір білім иелерінен «мазхаб» сөзінің мағынасын сұрағанда, олар былай деп жауап беретін: «Бұл – дінді бұрмалау!» Аллаһ Тағала былай дейді: «Әрі серік қосушылардан болмаңдар! Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларға мәз болғандар». Сонымен бірге, біз сипаттаған адамдардың барлығы өздерін ең білімді, әрі сауатты ғалым санайды, ал шын мәнінде, олар Аллаһ пен шынайы ғалымдардың алдында – надандардан өткен надандар».

Сол кітапта 1/15 имам Әбу Шама сөзін жалғастырып былай дейді: «Тек төрт мазхаб қана танымал болып қалды, ал қалғандары – ескерусіз қалып, артынан ұмытылып та кетті. Мүмкін ол имамдардың ізбасарлары ғылымда әлсіз болған шығар, тек аз ғана бөлігінен басқа. Мысалы, олар тақлид жасай бастады, бірақ оларға дейін бұл тыйым салынған болып есептеліп еді. Онымен қоса, өздерінің имамдарының сөздері Құран мен Сүннет тәрізді болып кеткен, ол туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Олар ғалымдар мен машайықтарын Аллаһтан өзге Раббы ретінде алды» (әт-Тәубә сүресі, 31 аят).

Мен осы сөздерді жинап құрастырған, осы кітаптың авторы, ‘Абдул-Кәрима мен ‘Абдуррахманның әкесі - Мухаммад-Султан әл-Мә’суми айтамын: міне, осы Қиыр Шығыстан - Жапониядан келіп жеткен мазхабқа еру мәселесіне байланысты жинауға ниет еткендерімнің соңы. Жауаптың ауқымы үлкейіп кету себебінен осы тақырыпта келтірген нәрселеріммен ғана шектелемін, себебі «тамшы теңізді нұсқайды» емес пе?!

Бүкіл мадаққа лайық Ұлы Аллаһ Тағаладан бүкіл әлемдегі Оның құлдары осы еңбектен пайда алып, сондай-ақ осы жұмысты тек Оның ғана Жүзіне шынайы ықыласпен жасауымды, әрі осы себепті Жаннаттағы тәттілерге қол жеткізуге себепші етуін сұраймын.

Бұл кітап Аллаһтың қорғауындағы ел Мекке қаласында, әл-Харам мешітіне жақын әл-Бухария көшесіндегі менің үйімде хиджра жыл санауы бойынша 1358 жылы 15 мухаррамда жазылды (1939 жылдың 6 наурызына сәйкес келеді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет