Мухаммад-Султанның Жапония мұсылмандарына сыйлығы



бет1/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,28 Mb.
#7185
  1   2   3   4   5   6   7   8

Group 19Group 1


Мухаммад-Султанның Жапония мұсылмандарына сыйлығы



немесе

МҰСЫЛМАН АДАМ ТӨРТ МАЗХАБТЫҢ БІРЕУІН ҰСТАНУЫ МІНДЕТТІ МЕ?


كتاب هدية السلطان إلى مسلمي بلاد اليابان، أو : هل المسلم ملزم باتباع مذهب معيّن من المذاهب الأربعة ؟
>Қазақ тілі – Kazakh –< كازاخي

Шейх Мухаммад-Султан әл-Мә’суми

әл-Худжәнди әл-Мәкки
شيخ أبو عبد الكريم محمد سلطان المعصومي الخجندي




www.al-hanifiya.kz

сайтының кітапханасынан


www.al-hanifiya.kz من موقع أبي حنيفة النعمان

مراجعة: فريق اللغة الكازاخية بموقع دار الإسلام


Мухаммад-Султанның Жапония мұсылмандарына

сыйлығы
немесе
МҰСЫЛМАН АДАМ ТӨРТ МАЗХАБТЫҢ БІРЕУІН ҰСТАНУЫ МІНДЕТТІ МЕ?
Авторы:
Шейх Мухаммад-Султан әл-Мә’суми
әл-Худжәнди әл-Мәкки

Өңдеу мен ескерту жасаған:



Шейх Сәлим ибн ‘Ид әл-Хиләли

Мазмұны

  • Алғы сөз

  • Шейх Сәлим әл-Хиләлидің кіріспесі

  • Автордың қысқаша өмірбаяны

  • Шейх Мухаммад-Султанның кіріспесі

  • Иман мен Исламның мәні

  • Төрт мазхабтың біреуін ұстану мустахаб та емес, парыз да емес

  • Исламның негізі бұл Аллаһтың Кітабы мен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес амал ету

  • Кейінгі ұрпақ өкілдері барлық адамдарды мазхаб ұстануға мәжбүр ету үшін Қасиетті мәтіндерді өзгертті, әрі бұрмалады, ал кейіннен өздері бытырап бөлінді

  • Адам қайтыс болғаннан кейін қабірде қандай мазхабта немесе қандай тариқатта болғаны туралы сұралады ма?

  • Мазхабты ұстану міндетті деген тұжырым саяси қитұрқы болып табылады

  • Әд-Дахләуидің «мазхаб бұл бидғат» тұжырымы

  • Аллаһ елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа біреудің жолын ұстанған әрбір адам білімнен жұрдай адасқан болып есептеледі

  • Ибн әл-Хумәмнің «белгілі бір мазхабты ұстану міндетті емес» тұжырымы

  • Мазхабқа соқыр ілесудің себебінен түсініспеушілік пен келіспеушілік пайда болды

  • Имам Әбу Ханифаның (басқаларының да) мазхабы бұл Құран мен Сүннетке сәйкес амал ету

  • Муджтәһид дұрыс айтуы да, қателесуі де мүмкін, ал пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қателіктерден сақталған

  • Ақиқат тек бір ғана адамның пікірімен шектелмейді, тек Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) пікірі ақиқат болып табылады

  • Аса маңызды ескерту

  • Осы үмметтің алғашқылары жетістікке жеткен нәрседе ғана кейінгілері жетістікке жетеді

  • Аллаһтың діні мен Оның заңын өзгерткен кейбір ғалымдар туралы Фәхруддин әр-Разидің әңгімесі

  • Имам әл-Ә’зам (ұлы имам) – бұл тек Аллаһ елшісі ғана (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын)

  • Аллаһ Тағала тура жолмен жүруді бұйырады

  • «Ашуға ұшырағандардың» ерекшелігі олар ақиқатты тек өз ілімінің жақтастарынан ғана қабылдайды

  • Шынында, пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдарды белгілі бір имамның мазхабын ұстануға міндеттеген жоқ

  • Мазхабтардың таралуының бірнеше себептері


Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Алғы сөз
Оны дәріптеп, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

Онан кейін:

Исламдағы мазхаб1 туралы білгісі келетін әрбір мұсылманға шейх Мухаммад-Султан әл-Ма’сумидің бұл еңбегі өте пайдалы, әрі осы тақырыпқа байланысты дұрыс танымдық түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді. Шейхтің позициясын дұрыс түсіну үшін кітапты өте мұқият оқып шығу қажет. Себебі, тақлид2 жақтаушылары шейх Мә’сумиді «Исламдағы мазхабты жоққа шығарады деген пікірді ұстанады» деп адамдарды алдап адастырады. Шынтуайтына келгенде, Сүннет ұстанушылардың қатарындағы бізге дейінгі барлық имамдар секілді шейх Мә’суми де мазхабты жоққа шығармайды. Алайда, оған дейінгі имамдар да, шейх Мә’суми де шариғат әмірлеріне қарама-қарсы келетін баз біреудің пікіріне соқыр ілесуді тыйым салып, «мазхаб – Исламның негізі» деген сыңайлы жалған пікірлерді және барлық имамдарға қарамастан тек бір ғана имамның пікіріне сүйеніп, шектелуге тиісті деген көзқарастарды түбегейлі жоққа шығарады.

Осы туралы шейх Джәмәлюддин әл-Қасими керемет сөздер айтты: “Ақиқат тек бір ғана ғалымның сөзімен және белгілі бір мазхабтың жағдайымен шектелмейді. Аллаһ Тағала мұсылман үмметіне көптеген ғалым-муджтаһидтер беру арқылы мейірім көрсетті”. Ол тағы былай деді: “Тақлид – бұл адамдардың арасында шапшаң таралып, оларды тез бөліп жіберетін алапес ауру. Мұнымен қоса, бұл – әрекетсіздік пен жалқаулыққа душар ететін жалпы сал (паралич), толықтай естен айыратын, тамырын кеңге жайған ауру”. Қараңыз: “әл-Исти’нәс” 44.

Шейх әл-Мә’суми, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, өзінің еңбегінде мазхабтың түпкі мағынасы мен танымал имамдардың пікірін дұрыс түсінуге шақырады. Ғалымдардың зор еңбегі сол, олар адамдарды соқыр ілесудің нысаны қылу үшін емес, керісінше адамдар Құран мен Сүннетпен өмір сүруі үшін оның дұрыс түсінігін жеткізеді.

Осы кітапта шейх әл-Мә’суми өзінің ұлы сөздерін айтқан болатын: “Фәқиһтердің сөздері мен олардың пайымдауларын қолдану – бұл тек су жоқ кезде ғана қолдануға болатын таяммум секілді. Егер белгілі бір мәселеде Құран, Сүннет және сахабалардың сөздері тура бір мағыналы мәтінде келсе, онда бұл мәтіндермен қолдану міндетті (уәджиб) болып табылады және белгілі бір ғалымның сөзіне бола олардан бас тартуға рұқсат етілмейді!”

Шейх әл-Мә’сумиден бұрын мұндай сөздерді имам әш-Шәфи’и “әр-Рисалә” 599-600 кітабында айтқан болатын.

Имам әш-Шәтыби шындық айтты: “Егер шариғат үкімдерін тану барысында ғалымдарды құрал ретінде алудың орнына мақсат ретінде алсақ, онда біз адасамыз”. Қараңыз: “әл-И‘тисам” 2/872.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай дейді: “Әй адам баласы, пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) келген ең болмаса бір нәрсені қабылдамаудан сақ бол, тағы да сақ бол! Оны өзіңнің көңіл-қалауыңа еріп немесе белгілі бір мазхабты ұстанғаның себепті, не болмаса өзіңнің шейхыңның немесе дүнияуи арбауларға қызығушылығың себепті қабылдамаудан сақ бол! Шынында, Аллаһ Тағала ешкімді Өзінің елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсы) басқа біреуге еруге міндеттеген жоқ. Пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) келген нәрсенің барлығын қабылдау керек, тіпті егер құл бүткіл жаратылысқа қарсы келсе де. Ал егер осындай жағдайда адам елшіге (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) еретін болса, онда Аллаһ Тағала құлдан кімге қарсы келгені туралы сұрамайды! Расында, кімде-кім басқа біреуге бағынар болса, онда пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұйрықтарына сәйкес келген кезде ғана бағынуы тиіс. Осыны біл, тыңда және осыған ер, әрі дінге жаңалық енгізбе!” Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуә” 16/528.

Аллаһ Тағаладан осы кішкентай еңбекті әрбір ақиқатқа ұмтылған мұсылманға пайдалы етуін сұраймыз.

Құрметпен www.al-hanifiya.kz сайтының редакциясы
Шейх Сәлим әл-Хиләлидің3 кіріспесі

Оны дәріптеп, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.



«Әй мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» (әл-‘Имран сүресі, 102 аят).

«Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар! Сол арқылы өзара сұрасқан Аллаһтан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар! Шәксіз Аллаһ сендерді Бақылаушы» (ән-Ниса сүресі, 1 аят).

Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет