Пікір-таластың өзекті мәселесі: «Бүгінгі таңдағы ана тілінің жағдайы».
Пікір-таласына түсетін жақтаушы және даттаушы топтар шақырылады.
Мұғалім сөзі: Біздің бүгінгі пікір-талас сайысымыздың тақырыбы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген көпті толғандырған ауқымды тақырып.
Жақтаушы топтың пікірі:Адам туған тілімен өсіп, дамиды, көркейеді. Тілсіз адамның болашағы жоқ. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері талай сыннан өтті, сол сыедарлы жылдарда ел іргесін ұстаған осы тіліміз.
Мемлекетімізде ана тіліміз, туған тіліміздің мемлекеттік дәрежеде екендігін елбасымыздың мына сөздерінен айқын байқауға болады: «Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас». Бұл сөздермен елбасымыз қазақ халқына деген сый-құрмет оның тіліне деген құрметпен байқалуыкерек деп айқын айтып тұр. Бұл еліміздегі әрбір азамыттың тілге деген көзқарасын түзеуге мемлекеттік бағдарлама аясында республика көлемінде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауылмен елді мекен мәдениет мекемелерінің атауы қазақ тіліндегі атауға алмастырылды. Облыста тілді оқыту орталығы ашылып, онда курсты аяқтаған қызметкерлер сертификаттарын алуда.
Ана тіліміздің даму дәрежесі өз деңгейінде екендігін дәлелдейтін маңызды сала – мәдениет саласы болып табылады. Мәдениет ошағы болып теледидар саналатыны әркімге мәлім. Себебі, түрлі бағдарламалар, ел тынысы жайлы, әлем келбеті туралы ақпараттарды теледидардан аламыз. Теледидарды көрмейтін адам жоқ. Сондықтан ол адамның мәдениетіне, жүріс-тұрысына әсер етпей қоймайды. Ең бастысы – оның тілге тигізер әсері зор. Осыған орай қазір мемлекеттік телеарналарда қазақ тіліндегі бағдарламалар, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын паш ететін бағдарламалар көбеюде. Бұл ұлттық сананың оянып, тіліміздің қолдану аясының кеңеюіне үлес қосуда.
Сонымен Елбасы тіліміздің қолданысы мен дамуының бағдарламасын жасап, «Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» қабылдады. 2006 жылы 14 желтоқсанда Елбасымыз басқа ұлт азаматтарының қазақ тілінде сөйлеп, қызмет көрсетіп жатқандарын тыңдап ризашылығын білдірді, қосымша ақы төленетіндігін айтты. Жаппай қазақшаландыру жасап, басқа ұлтқа қиянат жасауға болмайтындығын қоса айтып өтті.