1.2. Музыкалың репертуар Тыңдауға, ән айтуға, музыкаға ілесіп қимыл жасауға арналған шығармалар балалар бақшасында бөбектер тәрбиелеудің программалық міндеттерін ескере отырып, іріктелініп алынады және мынадай көркемдік-педагогикалық талаптарды қажет етеді:
музыка мазмұны мен формасының біртұтас болуын;
балалардың музыкалық қызметінің барлық түрлеріне сәйкес келуін;
балалар бақшасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың әр түрлі топтары қабылдап, орындай алатындай болуын.
Музыкалық шығарманың мазмұны мен формасының бірлігі.Композиторлар немесе халық жасаған балалар музыкасы әрқашан да баланың танымы мен эмоциялық көзқарасын байыту үшін олардық тебіреніс-толғаныстары мен ынтасына етене жақын, бейнелі, жарқын болуға тиіс. Музыка әлеміне ену дегеннің мәні — қазіргі жағдайларда өзінше бір жаңа үнмен естіліп жүрген айрықша «музыка тілін» (сазды интонацияларды, іштей үйлесімді, жарасымды өрнек-бояуды) түсінуді үйрену деген сөз. Мұнымен бірге шығармалардық формасы (барлық музыкалық құралдардың комплексі ретінде кең мағынада түсінілетін) ауыр, күрделі болмауы тиіс.
Бала музыканы, оның образдарын музыкалық бейнелеу құралдарымен біртұтас күйде қабылдайды. Мәселен, П. Чайковскийдің
«Бозторғай әні» («Песня жаворонка») фортепианолық пьесасын
тыңдап отырып, балалар тіпті оның қалай аталатынын білмегеннің өзінде де жарқын музыкалық құралдар арқылы әсерлі әуенді,
құбылған үнді, биік регистрде берілген қоңыр дыбысты сезіне
алады. Онда форма мен мазмұн бірлігі арқылы есте сақталып қалатын музыкалық образ жасалған, шығарманың зор көркемдігіне
қол жеткен, ал мұның өзі балаларға арналған шығармаларды
іріктеп алу кезінде қойылатын негізгі талап болып табылады.