«Музықалық аспаптар» пцк-сы


БАЛАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ



бет2/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kursovoi

1. БАЛАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ
1.1. Музыкалық тәрбие программасының сипаттамасы
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасы»— бүкіл тәрбие жұмысын балаларды жан-жақты дамытуға, оларды мектепке даярлауға бағыттайтын мемлекеттік документ.
Музыкалық тәрбие программасы мына ережелерді ескере отырып жасалған:
қазіргі дәуірмен тығыз байланыстырылады; программаның бүкіл материалы, оның репертуары және балалар іс-әрекетінің ұйымдастырылуы педагогика ғылымы мен практиканың осы күнгі талаптарына сай болады;
баланың жеке басын, оның музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін қалыптастыру процесі бірте-бірте және жүйелі түрде жүргізіледі;
әр жастағы балаға музыкалық білім «беру ісі оларды жоспарлы түрде мектепке даярлау мақсатымен ұштастырыла жүргізіледі.
Программаның материалы іс-әрекет түрлеріне қарай бөлінеді (ойын, сабақ, еңбек, қам-қарекет) және балалардың жасына қарай жеті топқа сай келеді (екі бүлдіршіндер тобы, екі кіші топ, бір орта топ, бір үлкен топ және мектепке даярлау тобы).
Түсінік хатта эстетикалық тәрбиенің маңызы ашып көрсетіледі. Дәл сонда музыкалық тәрбиенің де жалпы бағыты берілген, балалар бақшасындағы балалардың кіші топтардан бастап үлкен топтарға дейінгі музыкалық жетілу динамикасы көрсетілген, сондай-ақ балалардың мектепке бару кезіне дейінгі музыкалық жетілуінің шаммен алынған дәрежесінің сипаттамасы келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет