Музыка әуенімен балалар залға кіріп, орындықтарының жанына келіп тұрады



Дата18.02.2018
өлшемі47,19 Kb.
#37959
Музыка әуенімен балалар залға кіріп,

орындықтарының жанына келіп тұрады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біз «Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне» арналған «Ана тілім ардақтым» атты тақырыптық оқуымызды сіздермен бөліспекпіз...

Қадірлі, бағасы алтын ана тілі

Сенімен бағаланған бала түрі

Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп

Сенімен әлдилеген анам мені – дей келе бүгінгі тақырыптық оқуымызға арналған өлеңдерге кезек берейік...


Айхан: Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Дилназ: Қазақстан халқының

Қазақ тілі – тірегі

Ана тілде айтылар

Әнұраны - жүрегі.

Іңкәр: Сүйсең Отан-анаңды

Сүйесің ана тіліңді

Қадірлесең халқыңды

Білесің баба тіліңді.

Ахмет: Мәртебесі тілімнің

Биік болсын халайық

Достығымыз жарасып

Қосылып ән салайық.



Ибраһим: Ана тілін ән қылып

Анам айтқан әлдиім

Ана тілсіз мәңгілік

Келіспейді ән-күйім



Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бүгін біздің залымыз әдеттегіден жарқырап, сәнді болып тұр және ең бастысы біздің залымыз достарымыздың жүрегінен шыққан жылы лепке толы...

Жүргізуші: Әрине, бүгін тек біздің залымызда ғана мереке, қуаныш емес, біздің кең байтақ Отанымыз Қазақстанымызда – Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі тойлануда...

Жүргізуші: Олай болса, осы мерекені әсем әнмен жалғастырайық...

«Ана тілін сүйемін» әні

Жүргізуші: Рахмет, қарлығаштарым. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез-келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде жатыр. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Келесі балаларымыздың өлең шумақтарына кезек берейік.

Аяжан: Сыйласаң ұлы ұлтыңды

Құрметтесең тіліңді

Ұнатсаң дәстүр-салтыңды

Ұмытпассың тіліңді.


Береке: Мемлекеттік тілім менің

Көркейіп өсіп келеді

Катя, Маша, Сашалар –

Қазақша сөйлей біледі



Омар: Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Амина: Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат еткем әр сөзді,

Мәнін терең білуді



Еларыс: Атамекен үні деп

Анамыздың тілі деп

Туған тілді сүйеміз

Асыл тілдің бірі деп



Жүргізуші: Рахмет, балалар. Енді кезекті өздеріңнің сүйікті ойындарыңа берейік...

«Золотые ворота» ойыны

Жүргізуші: Қандай тамаша, барлығымыз бір серпіліп қалдық...

Ана тілім әрекетім азығым

Бар ғаламды танушының қазығы

Ой-санамның өсуінің куәсі

Ғасырлардың кейінгіге өз үні

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем. Ортаға балаларды шақырып өлеңдерін тамашалайық...


Аяулым: Сәлем бердім саған елім

Тал бесігім, туған жерім

Сәлем бердім бәріңізге

Қазақ тілі дегендердің



Адилхан:Тәуелсіз Қазақстанның

Бал тілді бүлдіршінімін

Мерекесін тілімнің –

Тойлаушының бірімін.



Асия: Ана тілім – айбыным

Баға жетпес байлығым

Сырын сенен ұғамын

Қуаныш пен қайғыны



Жүргізуші: Әннен әнге келейік,

Кезекті биге берейік,- қане, балалар, ортаға биге шығайық...



«Кішкентай қолтырауындар» биі

Жүргізуші:Рахмет, балалар, билерің қандай тамаша...

Жүргізуші: Балалар, айта қойыңдаршы, біздің ана тіліміз қай тіл?

Жүргізуші: Неміс халқының ана тілі қай тіл?

Б.ж.:қазақ тілі!

Жүргізуші неміс тілі!

Жүргізуші: Орыс халқының ана тілі қай тіл?

Б.ж.: орыс тілі!

Жүргізуші: Ал, татар халқының ана тілі ше тілі ше?

Б.ж.: татар тілі!

Жүргізуші: Ал енді достар, сендерді татар халқының «Горшок сат» ойынын ойнауға шақырамын...

«Горшок сат» ойыны

Жүргізуші: Тарихты жазды даналар

Тілдесті өзіңмен бабалар

Тағдырыңа бүгінгі

Жауапты біздей балалар,-дей келе, балаларымыздың өлең шумақтарын тыңдайық...

Әлия: Қазақ тілім – ана тілім

Тамыры терең баба тілім

Құтты болсын мерекең

Бал татыған бала тілім.

Айзере: «Тілім» деп сені сүйемін

«Күнім» деп сені білемін

Мәртебең осы ғасырда

Биік болсын тілегім.

Еллина: Ақындардың өлеңін

Жүрегіме түйемін

Ана тілін ту етіп

Көтеріпті ұлы елім



Жүргізуші: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем

Ел бетіне қалай түзу қараймын

Ана тілі – егер сені білмесем – деп ақын аталарымыз жырлағандай, кезек өз ана тіліміздегі ойынға да келген сияқты...



Ұлттық ойын

Жүргізуші: Ой, керемет, балалар, сендердің ойындарың қандай көңілді, тамаша!

Жүргізуші: Балалар, ұлттың жаны мен жүрегі, ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ-абыройы да тілге байланысты екендігі баршамызға аян.

«Сүйемін туған тілді – анам тілін,



Бесікте жатқанымда ақ берген білім» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров атамыздың өлеңдетіп айтқан сөзіне сүйене отырып бүгінгі тақырыптық оқуымызды әсем әнмен аяқтайық. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

«Ана тілім» әні




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет