ӘЛЕМДІ ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН ШАҢҚОБЫЗ
Якут-Саха және Алтай халықтарында комус аспабы кең тараған аспаптардың бірі. Бұл аспапта ойнау дәстүрі ғасырдан ғасырға ұласып келеді. Сол себепті бұл аспапты сібір халықтары барынша меңгеріп алған. Олар табиғат, қоршаған ортаның түрлі дыбысын салып, үлкен шеберлікпен аспапта ойнай біледі. Комус аспабы темірден жасалады.
Алтай халқының комус аспабы.Якут-саха халқының варган аспабы
Қазақ, Қырғыз және Башқұрт халықтары кішкене аспапты шаңқобыз немесе темір қомыз деп атайды. Аспап темірден жасалады. Шаңқобыз аспабының тілшесі қысқа болады. Сол себепті шаңқобыз аспабымен сұлу сазды ән-күйлер мен тез ырғақты билердің әуенін орындауға болады.
Әлем халықтарында бұл аспаптардың бір‑біріне ұқсас жүздеген түрі кездеседі. Осындай көптеген аспаптардың ішінде қырғыз халқының темір қомызы әр түрлі ырғаққа салып әуендетіп орындауымен ерекшеленеді. Қырғыз халқының темір қомызға арналған күрделі ырғақты, көркемдік мазмұны бар көптеген шығармалары сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |