Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, №93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар


«Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі



бет11/11
Дата08.06.2018
өлшемі267,85 Kb.
#41752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі.

(аралас сабақ – 45 минут) 18.12.2015 ж..3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Ансамбль қалай аталады?

Ж: «Мұрагер» фольклорлық ансамблі

  1. Жетекшісі кім?

Ж: жетекшісі Б.Сарыбаев

  1. Ансамбль құрамында қандай аспаптар бар?

Ж: ансамбль құрамында : шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, шертер, жетіген, дабыл, даңғыра, дауылпаз, т.б. аспаптар бар.

  1. Ансамбльдің репертуарларында қандай шығармалар бар?

Ж: Қазақтың халық күйлері мен халық композиторларының күйлері бар.

Ендеше, бүгінгі сабағымыз «Отырар сазы» фольк.этног. оркестрі.



ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:

«Отырар сазы» Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Нұрғиса Тілендиев болды. Басында шағын ансамбль ретінде ұйымдастырып, 1982 жылы оркестр санатына көтерген. Қазірде Н.Тлендиев атындағы Қазақтың академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптар оркестрі деп аталады. Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа, қазақтың жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, т.б. музыкалық аспаптары бар. Оркестр фольклорлық туындылармен қатар аңыз, шежіре, күйлер сипатында жазылған Қазақстан композиторларының шығармаларын, кинофильмдер музыкасын да орындайды. Оркестр құрамында 65 өнерпаз қызмет етеді.



Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)

Себебін анықта:

  1. Не үшін Н.Тілендиев «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырды?

Ж: Себебі, қазақтың көне музыкалық аспаптарын қайта жаңғырту мақсатында.

  1. Неліктен оны фольклорлы-этнографиялық оркестр деп атайды?

Ж: Себебі, Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа, қазақтың жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, т.б. музыкалық аспаптары бар.

  1. Нұрғиса Тлендиев кім?

Ж: «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Нұрғиса Тілендиев болды

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды


Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) – дарынды композитор, дирижер және күйші. Туып өскен жері – Алматы облысының Іле ауданы.
Оркестрдің репертуарындағы
халық күйлері – «Кеңес», «Сары өзен», «Сал күрең»,

Халық композиторларының шығармалары
Тәттімбеттің «Қосбасар», «Саржайлау», «Сылқылдақ»,

«Ерденнің күйі»,

Ықыластың «Қамбар батыры»,

М.Төлебаевтың «Еске алуы»,

Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Көш керуен»,

К.Күмісбековтың «Қорқыт күйі», «Фараби сазы» және т.б. бар.




Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)













Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр





Ш

Е

Р

Т

Е

Р










С

А

З

С

Ы

Р

Н

А

Й




Д

А

Ң

Ғ

Ы

Р

А




Т

А

С

Т

А

У

Ы

Қ




О



















С

Ы

Б

Ы

З

Ғ

Ы







Д

А

Б

Ы

Л

Д

А

У

Ы

Л

П

А

З




  1. Қазақтың үш ішекті шертпелі аспабы

  2. Саздан жасалған үрлемелі аспап

  3. Ұрмалы аспап

  4. Үрлемелі аспап

  5. Ұзын түтікті үрмелі аспап, қамыстан жасалған

  6. Ұрмалы аспап, хабаршы

  7. Ұрмалы аспап




Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Н.Тілендиев «Ата толғауы», «Көш керуен»

Орындайтын «Отырар сазы» оркестрі

Н.Тілендиевтің әні «Саржайлау»

Жаңылтпаш жаттайық

Бізге жүр, жыр жырлайық

Сізбен бірге бір жырлайық

Баста, бірге жырлайық!


  1. «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрін құрған кім?

  2. Композитордың шығармаларын ата.

  3. Тыңдаған және орындаған әндерде ұқсастық бар ма, салыстыр.

Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады

1. Сен қалай ойлайсың, фольклорлық ансамбльде қандай аспаптар болады?

. Өз ойыңды жеткіз.

Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до

Кел жайлауға

Музыка Ә.Телғозиев сөзі Д.Жанботаев



  1. Келдік, міне, жайлауға, Жайлау жақсы ойнауға

Ағып жатыр балбұлақ, Аршалы сай, қойнауда

Жайлау, жайлау, жасыл тау, Жасыл тауда осынау

Жорға мініп ойналық, Қонаққа кел, досым-ау


  1. Аққуындай даланың, Ақ боз үйі ағаның

Көрген кезде әжемді, Қуанып бір қаламын

  1. Менің атам қырдағы, Бейне батыр жырдағы

Келіп жүр деп жайлауға, Жорға тайын сыйлады

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Тексерілді:



Көне аспаптардың жаңғыруы

(аралас сабақ – 45 минут) 24.12.2015 ж..3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрін құрған кім?

Ж: «Отырар сазы» Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Нұрғиса Тілендиев болды.

  1. Композитордың шығармаларын ата.

Ж: Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Көш керуен», «Аңсау», «Саржайлау» әні

  1. Н.Тілендиев кім?

Ж: Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) – дарынды композитор, дирижер және күйші. Туып өскен жері – Алматы облысының Іле ауданы.

Ендеше, бүгінгі сабағымыз – көне аспаптарға арналады.



ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:

Осы уақытқа дейін қазақтың көне аспаптары музыкалық аспап болып саналмаған. Мысалы, сазсырнай мен үскірікті балалардың ойыншығы ретінде қолданса, асатаяқ бақсылардың құралы болған. Дауылпазды жауға қарсы шапқанда және аңшылық кезінде аң-құстарды үркіту үшін қолданса, дабылмен адамдар бір-біріне хабар беріп отырған. Ал жетіген аспабы мүлде сақталмай, бізге тек бұл аспап туралы аңыз-әңгімелер ғана жеткен. Бүгінде фольклорлық ансамбльде бұл аспаптар музыкалық аспап ретінде жаңаша үнге ие болып, барлығы да өз орнын тапты. Көне музыкалық аспаптар өңделіп, жетілдіріліп, жаңаша түрлері жасап шығарылды.



Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)

Себебін анықта:

  1. Не үшін Н.Тілендиев «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырды?

Ж: Себебі, қазақтың көне музыкалық аспаптарын қайта жаңғырту мақсатында.

  1. Неліктен оны фольклорлы-этнографиялық оркестр деп атайды?

Ж: Себебі, Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа, қазақтың жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, т.б. музыкалық аспаптары бар.

  1. Нұрғиса Тлендиев кім?

Ж: «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Нұрғиса Тілендиев болды

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды


Есіңе сақта!
Ішекті – шертпелі: домбыра, шертер, жетіген

Ішекті – ыспалы: қобыз.

Үрмелі: сазсырнай, сыбызғы, үскірік, тастауық, т.б.

Ұрмалы: дауылпаз, дабыл, асатаяқ, қоңырау, т.б.

Тілшікті: шаңқобыз.
Жеке орындаудағы аспаптардың үндерін тыңдап, ажырата білу.

Ән-жұмбақ.

Жұмбақты әуеніне қосылып орында.

Шана зырғып желетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?



Ән-жұмбақтың музыкасын, сөзін жазған кім? Қалай аталады? Анықта.



Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)













Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр





Ш

Е

Р

Т

Е

Р










С

А

З

С

Ы

Р

Н

А

Й




Д

А

Ң

Ғ

Ы

Р

А




Т

А

С

Т

А

У

Ы

Қ




О



















С

Ы

Б

Ы

З

Ғ

Ы







Д

А

Б

Ы

Л

Д

А

У

Ы

Л

П

А

З




  1. Қазақтың үш ішекті шертпелі аспабы

  2. Саздан жасалған үрлемелі аспап

  3. Ұрмалы аспап

  4. Үрлемелі аспап

  5. Ұзын түтікті үрмелі аспап, қамыстан жасалған

  6. Ұрмалы аспап, хабаршы

  7. Ұрмалы аспап




Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Фольклорлық ансамбльдердің дамып жаңғыруына «Сазген» және «Мұрагер» ансамбльдері көп еңбек сіңірді. Қазіргі таңда фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер көбеюде. Соның нәтижесінде көне күйлеріміз бен әндеріміз өткен мен бүгінді жалғастырып, жаңарып, жасарып келеді.

  1. Қандай аспап түрлерімен таныстың?

  2. Бұл аспап түрлері қандай музыкалық ұжымда көп орындалады деп ойлайсың?

  3. Суреттегі аспаптарды орындалу түрлеріне қарай топтастыр.

Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады

1. Сен қалай ойлайсың, фольклорлық ансамбльде қандай аспаптар болады?

. Өз ойыңды жеткіз.

Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до

Қыс қызығы

Музыка И.Нүсіпбаев сөзі Е.Өтетілеуұлы



  1. Аппақ көше, бар дала

Аппақ ойлар, қыраттар

Ақ шатырлы қар қала

Ақ жамылып тұр бақтар

Шаңғы, шана сайла

Конькиіңді байла

Думандатып ойна

Қыс қызығын тойла


  1. Аулада ойнап, шулайды

Қар лақтырып балалар

Сырғанақта зулайды

Шаңғышылар, шаналар


  1. Мұзайдынд қызық көп

Конькишілер жүзді енді

Айқыш-ұйқыш сызық боп

Түсіп жатыр іздері


ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Тексерілді:

Бүгінгі заман музыкасы

Жаңа заманның жаңаша әуені

(аралас сабақ – 45 минут) 14.01.2016 ж..3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

20-ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда жаңа музыка түрі дүниеге келе бастады. Қазақстанның даму барысында музыканың көптармақты түрлері қалыптасты. Олар: еуропалық орындаушылық және композиторлык шығармашылықтың жаңа дәстүрі, әлемдік музыка (рок. эстрада, джаз, т.б.).

Елімізде эстрада л ық музыка пай да болды.

Эстрадалык музыка - тыңдауға жеңіл, бір ырғақта болып, мазмұны жағынан әртүрлі тақырыпты қамтиды.

Мысалы: Отан,табиғат, махаббат, патриоттық, лирикалық, т.б. Жаңа әнді немесе музыканы халықтың жүрегіне жеткізіп, ел арасына тарататын әнші-орындаушылар болды.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:

Жыл сайын республикамызда халықаралықмузыка фестивалі, жас орындаушылар фестивалі ұйымдастырылады.

Балаларға арналған жас таланттар конкурстары өтіп тұрады.

Қазіргі таңда республикалық «Айгөлек» өнерпаздар конкурсы елімізде кеңінен танымал.

Музыка өткенді, бүгін мен болашақты жалғастырушы болып отыр.



Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)

Себебін анықта:

  1. Не үшін қазақстанның даму барысында музыканың көптармақты түрлері қалыптасты?

Ж: Себебі, еуропалық орындаушылық және композиторлык шығармашылықтың жаңа дәстүрі, әлемдік музыка (рок. эстрада, джаз, т.б.).

Елімізде эстрада л ық музыка пайда болды.

  1. Неліктен эстрадалық музыка тыңдауға жңіл болды?

Ж: Себебі, ол бір ырғақты болып, мазмұны жағынан әртүрлі тақырыпты қамтығандықтан тыңдауға жеңіл болады.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды



Скрипка кілті — музыка тілінің кілті. Ол - соль кілті деп те аталады.

Скрипка кілтінің орналасатын «үйі» - музыка сызықтары. Музыкада оны бес сызықдейді. Сызықтөменнен жоғарыға қарай саналады

Скрипка кілті төменнен санағанда екінші сызық музыка сызықтарының сол жағында, жолдың басында орналасады.
Жұмбақты шешейік.

Құлып аузын ашатын да, жабатын да құралмын

Бірақ қазір бұл жерде мен, музыка әлемін ашамын

(скрипка кілті)

«қ»-дан бастап аяқтасаң, бес әріпті думанмын

«Қ» орнына «С» қойсаң, нүктелерді қосамын

(қызық-сызық)
Музыканың жеті дыбысы: ДО, РЕ, МИ, ФА, СОЛЬ, ЛЯ, СИ, ДО.

Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)












Роза Бағланова,



Ермек Серкебаев,
танымал әншілер


Бибігүл Төлегенова,

Әлібек Дінішев,

Роза Рымбаева,

Мақпал Жүнісова


Айман Мұсаходжаева,
белгілі аспапта орындаушылар


Жәния Әубәкірова,

Гауһар Мырзабекова,

Марат Бисенғалиев,

Қаршыға Ахмедияров,

Айгүл Үлкенбаева
үлкен сахнада өнер көрсетті.




Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

  1. Жаңа заман музыкасы туралы өз ойыңды білдір.

  2. Дәптеріңе үлгі бойынша скрипка кілтін салып үйрен.

  3. Ертегіні өз сөзіңмен әңгімелеп бер.

  4. Тірек сөздер: жігіт, сақина, сиқырлы сандық, сұлу қыз, жол, үңгір.

  5. Музыканың 7 дыбысы туралы аңыз әңгімені айтып бер.

Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады

1. Сен қалай ойлайсың, жаңа заман әуені саған ұнайды ма?

. Өз ойыңды жеткіз.

Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до

Айгөлек

Музыка Б.Байқадамов Сөзі Н.Баймұхамедов

Көлдей шалқып жас өмір Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап Асып жатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол Кемеліне толар ма?

Айгөлек-ау, Айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп

Ақыл сөздің ұстасы Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан Шебер болар ұрпақпыз

Тұла бойы толған бір Өнер болар ұрпақпыз.

Үйге: 48-51


ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Тексерілді:



Үрмелі аспаптар оркестрі

(аралас сабақ – 45 минут) 19.01.2016 ж..3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Жыл сайын республикамызда қандай байқаулар өтіп тұрады?

Ж: республикамызда халықаралық музыка фестивалі, жас орындаушылар фестивалі ұйымдастырылады.

  1. Балаларға арналған қандай байқауды білесің?

Ж: Қазіргі таңда республикалық «Айгөлек» өнерпаздар конкурсы елімізде кеңінен танымал.

  1. Еуропалық орындаушылық, жаңа дәстүр, әлемдік қандай музыка түрін білесің?

Ж: әлемдік музыка - рок. эстрада, джаз, т.б. Елімізде эстрадалық музыка пайда болды.

Ендеше, бүгінгі сабағымыз , Үрмелі аспаптар оркестрі

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:

Үрмелі музыкалық аспаптар аспаптар оркестрі – ағаштан немесе жезден жасалған үрмелі және соқпалы музыка аспаптарында орындаушылар ұжымы. Үрмелі музыкалық аспаптар оркестрі әр жағдайда – концерт залдарында, ашық далада, марштарда пайдаланылады. Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық, спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы жанынан үрмелі аспаптар оркестрі құрылып, оның көркемдік жағын Қ.ахметов басқарды.

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)

Себебін анықта:

  1. Не үшін қазақстанның даму барысында музыканың көптармақты түрлері қалыптасты?

Ж: Себебі, еуропалық орындаушылық және композиторлык шығармашылықтың жаңа дәстүрі әлемдік музыка қалыптасты.

  1. Неліктен эстрадалық музыка тыңдауға жеңіл болды?

Ж: Себебі, ол бір ырғақты болып, мазмұны жағынан әртүрлі тақырыпты қамтығандықтан тыңдауға жеңіл болады.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды




Дыбыстың жазылу белгісі музыкада нота деп аталады.

Жеті нотаның жеті түрлі дыбысына қарай аттарын біліп ал: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Музыка дыбыстарын жазатын арнайы дәптерді – нота дәптері дейді.

Жеті нотаның әрқайсысының орналасатын өз орны бар.

«До» нотасы – музыканың ең бірінші нотасы. Ол төменгі қосымша сызықта жазылады.

Музыкада бес сызықтан басқа қосымша сызықтар бар. Олар бес сызықтың астында

және үстінде орналасады.


Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)













20-ғасырда үрмелі музыкалық аспаптар оркестрінің 3 түрі (кіші, орташа, үлкен) қалыптасты. Кейбір үлгілі әскери оркестрде және мемлекеттік үрмелі музыкалық аспаптар оркестрі құрамында 80-100 орындаушыға дейін болады.
Үрмелі аспаптар оркестрі құрамы

Ағаштан жасалған аспаптар

Жезден жасалған аспаптар

Флейта, гобой, кларнет, фагот, саксафон

Валторна, труба, тромбон, корнет, баритон, бас және контрабас, туба





Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

  1. Ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспаптарды ата.

  2. Жезден жасалған қандай үрмелі аспаптарды білесің?

  3. Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер айт.

  4. Мақал-мәтелдің мағынасын аш.

Болат қайнауда шынығады

Батыр майданда шынығады



Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады

1. Сен қалай ойлайсың, үрмелі аспаптар оркестрінің әуені саған ұнайды ма?

. Өз ойыңды жеткіз.

Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до

Солдат болам мен ертең

Музыка К.Дүйсекеев Сөзі Ш.Сариев

Гүлдей жайнап, күндей жайнап

Мен ер жетіп толамын

Әжем айтқан, дәу жігіт боп

Ағалардай боламын

Бір, екі, үш! Бойға жинап күш

Шынығамын таңертең

Ағалардай Отанға

Солдат болам мен ертең

Мөлдір таңым, мөлдір жаным

Мен ер жетіп толамын

Атам айтқан, дәу жігіт боп

Ағалардай боламын

Үйге: 52-54


ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Тексерілді:




Джаз оркестрі

(аралас сабақ – 45 минут) 26.01.2016 ж..3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспаптарды ата.

Ж: Флейта, гобой, кларнет, фагот, саксафон

  1. Жезден жасалған қандай үрмелі аспаптарды білесің?

Ж: Валторна, труба, тромбон, корнет, баритон, бас және контрабас, туба

  1. Үрмелі аспаптар оркестрі қашан құрылды?

Ж: 1990 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы жанынан үрмелі аспаптар оркестрі құрылып, оның көркемдік жағын Қ.Ахметов басқарды.

Бүгін сабағымыз – Джаз оркестріне арналады.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:

Джаз ағылшын сөзі «jazz»- құрамында үрмелі, ұрмалы шулы аспаптар және әншісі бар ансамбль немесе оркестр. 19-20 ғасырлар шегінде еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі зәңгілердің (негр( тұрмыс-салт билерімен, еңбек және лирикалық әндерімен астасып жатады. Джаз музыкасындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы – африкалық халықтар музыкасына тән белгілер.

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)

Себебін анықта:

  1. Не үшін африкалық джаз музыкасы ырғақты сан рет қайталайды?

Ж: Себебі, негізгі әуеннің сан рет қайталануы оларға тән белгілер.

  1. Неліктен джаз еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болды?

Ж: Себебі, Джаз музыкасының түп негізі зәңгілердің (негр( тұрмыс-салт билерімен, еңбек және лирикалық әндерімен астасып жатады

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды

Джаз музыкасының алғашқы орталығы – АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласы, Мұнда 1910-15 жылдары зәңгілердің үрмелі аспаптар оркестрі ұйымдасып, орындаушылық өнердің өзгеше мәнері қалыптасты.


Үрмелі, ұрмалы, шулы аспаптар

оркестр


Джаз

Оркестрі


Әншісі бар

Үрмелі аспаптар

Оркестрі


Әншісі жоқ



Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)













Қазақстанда 1969 жылы Мемлекеттік радио және теледидар жанынан эстрадалық-симфониялық джаз оркестрі құрылды. Кейіннен джаздық «Бумеранг» тобы пайда болды.
Халықтық негіз бен дәстүрдің байланысын сақтауға ұмтылады.

Қазіргі джаз музыкасы екі бағытта өрістеуде.

Жарнамалық жеңіл музыка

Жаңа көркемдік бейнелеу құралдары

Классика

Қазіргі заман музыкасы





Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

«Ре» нотасы бірінші сызықтың астына жазылады.

Жұмбақты шеш.

Бес жолмен жүреді

Бар әуенді біледі

Браун Джеймс «Би джаз» . орындайтын «Капуччино бэнд» (алматылық топ).

Джаз музыкасы дегеніміз не№

Джаз оркестрінің құрамында қандай аспаптар бар№

Қазақстанда джаз музыкасын орындайтын топтардың атауларын анықта.



Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады

1. Сен қалай ойлайсың, джаз оркестрінің әуені саған ұнайды ма?

Өз ойыңды жеткіз.

Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до



Мектеп полькасы

Музыка И.Нүсіпбаев Сөзі Т.Молдағалиев

Біз - бейбіт ел ұланы

Өнер-білім – ұраны

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады

Біз – батыр ел жастары

Бақыт алға бастады

Тербетіліп алтын дән

Теңіздейін толқыған

Даламызда тасқындап

Еңбек күйі шалқыған

Күш-қайраты қаулаған

Келешекке арналған

Алтын айдың төрінде

Көгілдір ту қадаған.



Үйге: 55-56

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Тексерілді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет