Кино және музыка.
(аралас сабақ – 45 минут) 26.02.2015 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
1.Қуыршақ театрының қандай түрлері бар?
Ж: . Қуыршақ театры түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі театр (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты театр (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін .
2. Қазақстанда алғашқы қуыршақ театры қашан ашылды?
Ж: 1935 жылы Алматы қаласында қазақтың ең алғашқы қуыршақ театры ұйымдастырылды.
3 . «Ортеке» ойыны туралы не білесің?
Ж: Қазақта ертеден келе жатқан «Ортеке» ойыны болған. Ағаштан жонып жасалған киік немесе ат мүсініне сылдырмақтан жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертетін саусаққа іліп, билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай ортеке ойын көрсеткен.
Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз «Кино және музыкаға» арналады.
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?
қалай?нені қашан?не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:
Кино музыкасы – кино өнерінің негізгі бейнелеу құралдарының бірі. Алғашқы кезде дыбыссыз кинода музыка жүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана болды. Дыбысты кино шыққанда фильм музыкасы екі түрге бөлінді: - кадр ішіндегі киномузыка (фильмде көрсетілген музыкалық аспаптың, әншінің, т.б.музыкасы), - кадр сыртындағы киномузыка (фильм ойын тереңдете түсетін, оқиғаны сипаттайтын музыка). Композиторлар, әншілер, музыканттар туралы түсірілген музыкалы фильмдерде музыка маңызды орын алады. Мультипликациялық фильмдер міндетті түрде музыкамен сүйемелденеді.Олардың ішінде кең тарағаны – музыка мен бейненің жарыса қолданылуы.Әуен экрандағы іс-әрекетті нақпа-нақ қайталап отырады. Бұл салада американдылық кинорежиссер Уолт Диснейдің фильмдері елеулі табысқа жетті. Ал Қазақстанда киномузыканың пайда болуы қазақ кино өнерінің тарихымен тығыз байланысты. Алғаш киномузыка жазған композиторлар: Ахмет Жұбанов («Амангелді» фильміне), Латиф Хамиди («Абай әні»), Ғазиза Жұбанова («Ән қанаты»), Нұрғиса Тлендиев («Қыз Жібек», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан»).
|
,Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі?неүшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)
|
Себебін анықта:
1.Не үшін алғашқы дыбыссыз кинода музыка болды?
Ж: Себебі, жүріп жатқан дыбыссыз киноны алғашқыда музыкамен сүйемелдеді.
Неліктен дыбысты кино шыққанда музыка екі түрге бөлінді.?
Ж: Себебі, музыканың кадр ішіндегі және кадр сыртындағы музыка болып
бөлінуі.
Қазақстанда алғаш киноға музыка жазған композиторларды ата.
Ж: А.Жұбанов, Л.Хамиди, Ғ.Жұбанова, Н.Тлендиев
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
|
Кестені толықтырып жаз
|
«ля» нотасы
|
|
екінші мен үшінші
|
|
сызықтың арасына
|
|
жазылады
|
Жұмбақты шешейік.
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны (теледидар)
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
1. Венн диаграммасын толықтыр.
2. Тақырыптың басты идеясы неде? Екі театрға ортақ қасиет: кино және музыка. Айырмашылығы: екі кинодағы кейіпкердің бейнесін ашады, яғни бірінде үлкен жастағы дәрігер бейнесін ашса, екіншісінде жас, оқушы баланың бейнесін көрсетеді.
. Жалғастыр:......................................................................................................................
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:
мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек).
|
Кино және музыка
Кадр ішіндегі киномузыка
Кадр сыртындағы киномузыка
Фильмде көрсетілген музыкалық аспаптың, әншінің, т.б.музыкасы
Фильм ойын тереңдете түсетін, оқиғаны сипаттайтын музыка
|
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
1. Сен қалай ойлайсың, кино музыкасы арқылы кейіпкердің бейнесін ашуға бола ма? Өз ойыңды жеткіз.
2. Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до
А. Қоразбаев «Кеш жарық» әнін қайталайық.___
«ля» нотасын жазып үйрен _________________________________________________________________________
|
Тексерген:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Б.Мырзахметов
|
Эстрада өнері
(аралас сабақ – 45 минут) 01.03.2016 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
1.Кино музыкасы деген не?
Ж: Кино музыкасы – кино өнерінің негізгі бейнелеу құралдарының бірі.
2. кино музыкасы неше түрге бөлінеді ?
Ж: Дыбысты кино шыққанда фильм музыкасы екі түрге бөлінді: - кадр ішіндегі киномузыка (фильмде көрсетілген музыкалық аспаптың, әншінің, т.б.музыкасы), - кадр сыртындағы киномузыка (фильм ойын тереңдете түсетін, оқиғаны сипаттайтын музыка).
3 . Алғаш киноға музыка жазған Қазақстан композиторлары кімдер?
Ж: Алғаш киномузыка жазған композиторлар: Ахмет Жұбанов («Амангелді» фильміне), Латиф Хамиди («Абай әні»), Ғазиза Жұбанова («Ән қанаты»), Нұрғиса Тлендиев («Қыз Жібек», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан»).
Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз «Эстрада өнеріне» арналады.
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?
қалай?нені қашан?не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:
Эстрада француз сөзінен алғанда – қазақша мағынасы «тақтайша үстел». Әр алуан сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әртістердің (әншілер мен бишілер, көркемсөз оқушылар мен акробаттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз әртістің өнер көрсетуіне арналған жеке-соло концерт те болады. Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған сахналық бейнелер ашық та жарқын бояуға толы болады. Эстрада өнерінің қайнар көзі: жонглер (Франция), шпильман (Германия), скоморох (Ресей), даршы, масқарампаз (Орталық Азия), күлдіргіш (Қазақстан) сияқты өнерпаздар. Қазақстанда эстрада өнері 20-ғасырдың ортасында басталды. 60-80 жылдары «Алатау», «Арай», «Гүлдер», «Айгүл», «Дос-Мұқасан», т.б. эстрадалық ансамбльдер құрылды. Композиторлар: Бақытжан Байқадамов, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуов, Базарбай Жұманиязов, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, т.б. оларға арнап ән жазды. 1965 жылы Алматы қаласында эстрада және цирк өнері студиясы (қазір колледж) ашылды.
|
,Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі?неүшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)
|
Себебін анықта:
1.Не үшін эстрада өнерпаздары әртүрлі жанрда болады?
Ж: Себебі, эстрада өнердің қайнар көзі, онда барлық өнер топтастырылған..
Неліктен эстрада сөзін – «тақтайша үстел» дейді?
Ж: Себебі, ол әртүрлі сахналық өнердің бір түрі, әртістердің ойын-сауығынан құрылады..
Қазақстанда эстрада өнері қашан пайда болды?.
Ж: Қазақстанда эстрада өнері 20 – ғасырдың ортасында басталды.
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
|
Кестені толықтырып жаз
|
«си» нотасы
|
|
үшінші
|
|
сызықтың өзіне
|
|
жазылады
|
Жаңылтпаш жаттайық.
Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?
60 – 80 жылдары қазақ эстрадасының өркендеуіне елеулі үлес қосқандар:
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
Ансамбльдер
|
Композиторлар
|
Әншілер
|
Алатау
|
Бақытжан Байқадамов
|
Зейнеп Қойшыбаева
|
Арай
|
Сейдолла Байтереков
|
Нұрғали Нүсіпжанов
|
Гүлдер
|
Әсет Бейсеуов
|
Ескендір Хасанғалиев
|
Айгүл
|
Базарбай Жұманиязов
|
Роза Рымбаева
|
Дос-Мұқасан
|
Шәмші Қалдаяқов
|
Мадина Ералиева
|
|
Алтынбек Қоразбаев
|
Нағима Есқалиева
|
|
|
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:
мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек).
|
Даршы, масқарампаз – Орталық Азия
Эстрада – өнердің шағын түрі
Жонглер - Франция
Шпильман - Германия
Скоморох - Ресей
Күлдіргіш - Қазақстан
|
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
Сен қалай ойлайсың,танымал эстрада топтарын білесің бе?
Өз ойыңды жеткіз.
2. Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до
И.Нүсіпбаевтың «Айналайын ақ мамам» әнін үйренейік.
Бізді өсіріп баптаған, жақсы болсақ шаттанған
«Алтыным» деп мақтаған, Айналайын ақ мамам_!
Түнде сергіп жатпаған, күндіз тыным таппаған
Бізсіз тамақ татпаған, айналайын ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттағам, жүрегімде сақтағам
«Анашым» деп мақтанам, айналайын ақ мамам!__
«си» нотасын жазып үйрен _________________________________________________________________________
|
Тексерген:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
|
Би музыкасы
(аралас сабақ – 45 минут) 12..03.2015 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
1.Эстрада өнері деген не?
Ж: Эстрада француз сөзінен алғанда – қазақша мағынасы «тақтайша үстел». Әр алуан сахналық өнердің бір түрі..
2. эстрада өнеріне қандай өнер түрлері жатады ?
Ж: Эстрада өнері әртістердің (әншілер мен бишілер, көркемсөз оқушылар мен акробаттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз әртістің өнер көрсетуіне арналған жеке-соло концерт те болады
3 . Эстрада өнерін әр елде қалай атайды?
Ж: Эстрада өнерінің қайнар көзі: жонглер (Франция), шпильман (Германия), скоморох (Ресей), даршы, масқарампаз (Орталық Азия), күлдіргіш (Қазақстан) сияқты өнерпаздар.
Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз «Би музыкасына» арналады.
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?
қалай?нені қашан?не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:
Би – әлемде кең тараған, музыка өнерімен байланысты халықтық өнер түрі. Би – әрбір халықтың мәдениеті мен дәстүрі арқылы жеткен халық мұрасы. Ол адамның көңіл-күйін көтеріп, ішкі жан дүниесіне қуаныш сыйлайды. Би музыкасы – биге арналған музыка. Ерте кезде ән, би және дыбыстық сүйемел біртұтас болды. Сол кезде-ақ би музыкасы екі түрге бөлінді:
Халықтық (ұлттық билер);
Кәсіби (сарай музыкасы, салтанатқа арналған, театрландырылған, храмдық)
Кейінгі кезде би музыкасы өркендеп дамыды. Би музыкасы басқа музыканың түрлеріне ықпал етумен қатар, өзі де олармен бірге жетіліп отырды. Қазіргі кезде би музыкасы, әсіресе көпшілік биге арналған эстрадалық әндер музыкасы халық арасында кең таралып отыр. Қазақстанда би өнері мен музыкасы 20-ғасырдығ басынан жақсы дамыды. Қазақтың ұлттық би өнерін қалыптастырып, жоғары деңгейге жеткізген ең алғашқы кәсіби биші Шара Жиенқұлова еді. Кейін Қазақ мемлекеттік ән-би ансамблі, «Гүлдер», «Салтанат» ән-би ансамбльдері құрылып, халықтың сүйікті өнер ұжымдарына айналды.
|
,Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі?неүшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)
|
Себебін анықта:
1.Не үшін би музыкасы түрге бөлінді?
Ж: Себебі, орындалу мәнеріне қарай халықтық және кәсіби болып екі түрге бөлінді. .
Неліктен би музыкасы қуаныш сыйлайды ?
Ж: Себебі, ол адамның көңіл-күйін көтеріп, ішкі жан дүниесіне қуаныш сыйлайды.
Қазақстанда би өнері қашан пайда болды?.
Ж: Қазақстанда би өнері мен музыкасы20 – ғасырдың басынан жақсы дамыды.
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмаларорындалады)
|
Музыка әлемінде ретімен орналасқан дыбыс аралығын октава деп атайды.
Бірінші октава, екінші октава, кіші октава, үлкен октава
|
Теориясы:
«Талдау»
«Салтанат» ән-би ансамблі
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
Қазақ мемлекеттік ән-би ансамблі
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:
мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек).
|
Ұйқасын тап:
Дертке дауа шипалы,
дәруменді күш-қуат
Дәрімен құртпай жүйкеңді,
«Сыр-сұлуы» ән-би ансамблі
«Гүлдер» ансамблі
ауылға бар, іш шұбат.
Алмастан тыным,
Шабады құлын
Жағасында бұлақ
Жайылып жүр лақ
Бидіің қандай түрлерін білесің?
Қазақтың алғашқы биші қызын ата.
Қазақстандағы қазіргі ән-би ансамблдері туралы не білесің?
|
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
Сен қалай ойлайсың, қандай танымал бишілерді білесің ?
Өз ойыңды жеткіз.
2. Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до
Наурыз келді
Муз: Н.Дүкенбаев Сөзі: Қ.Смағұлов
Наурыз келді далама, наурыз келді қалама
Қуанады ата-ана, қунады бала да
Оң болды да жорамыз, төлге толды қорамыз
Айран, қымыз толығып, аққа толды шарамыз
Наурыз болсын әніміз,наурыз болсын сәніміз
Наурызкөже көп ішсек, жасарамыз бәріміз
Өзің ұнатқан әнге немесе музыкаға би қимылдарын ойластыр.
Наурыз мерекесі туралы өлең жолдарын жатта.
Нота дәптеріне октава жазып үйрен.
_________________________________________________________________________
|
Тексерген:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Б.Мырзахметов
|
Достарыңызбен бөлісу: |