Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, №93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар
Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, № 93 В. Терешкова
атындағы жалпы орта мектеп
музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар (аралас сабақ – 45 минут)
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1.Оркестр дегеніміз не?
Ж: Оркестр түрлі музыкалық аспаптардан тұрады.
Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған кім?
Ж: Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған Ахмет Жұбанов .
Ол қай жылы, қай қалада құрылды, кімнің есімі берілді?
Ж: 1933 ж. Алматыда, Құрманғазының есімі берілді
Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесің?
Ж: Домбыра, қобыз, сазсырнай, сыбызғы, шертер, жетіген т.б. Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз осы Оркестр құрамындағы аспаптарға арналады.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:
Оркестр құрамын үрлемелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес.
Сондықтан оркестр құрамы басқа да аспаптармен толықтырылды.
Қазақтың көне үрмелі сыбызғы аспабы, Еуропаның флейта және гобой аспабымен,
сырнай аспабы кейіннен орыстың баян аспабымен, ең көне ұрмалы дауылпаз аспабы Еуропаның литавра аспабымен ауыстырылды.Қазіргі уақытта оркестр құрамы негізгі бес топтан тұрады.1.Домбыра тобы: домбыра-прима, домбыра-альт, домбыра-бас, домбыра-контрабас. 2. Қобыз тобы: қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-бас, қобыз-контрабас.
3.Үрмелі аспаптар тобы: флейта, гобой. 4.Ұрмалы аспаптар тобы: литавра, барабан, үшбұрыш. 5.Сырнай тобы: баян
:.....Оркестр құрамындағы жетілдірілген бұл аспаптар тобы орындалған шығармаларға жаңаша үн беріп, дыбысы жағынан бірін – бірі толықтырып отырады......................................
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)
Себебін анықта: Не үшін оркестрде гі аспаптарды түрлендірген?
Ж: Себебі, оркестрдің дыбысталуына жаңаша үндестік беріп, әрленеді.
Ұрмалы аспаптарсыз неге оркестрді елестету мүмкін емес?
Ж: Себебі, ол оркестрге ритм, ырғақ беріп дыбысталуға ерекше сән береді.
Домбыра мен қобыз аспаптарын неге түрлендірген?
Ж: Себебі, музыка үні жақсы шығуы үшін.
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
1. Венн диаграммасын толықтыр.
Қазақтың көне аспаптары Ұқсастығы Еуропа халқының аспаптары
2. Тақырыптың басты идеясы неде? Екі халықтың аспаптарына ортақ қасиет: оркестр құрамында бар және ойнау тәсілдері ұқсас, олар – үрмелі, ұрмалы, шертпелі. Айырмашылығы: аспаптың жасалу жолдары мен атаулары, түрлері мен дыбысталуы. Жалғастыр:.................................................................................................................................
Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
Оркестрдің орналасу тәртібін сызып көрсет. Дирижер деген кім? Сырнай тобы
Домбыра тобы
Үрмелі аспаптар тобы Дирижер Қобыз тобы:
Ж: Оркестрді басқаратын адамды дирижер дейміз.
Халық аспаптар оркестрінің негізгі құрамы және орналасу тәртібі Ұрмалы аспаптар тобы
Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )
Біліп ал!:
Оркестрдің түрлері: халық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, жезді үрмелі және ұрмалы аспаптардан тұратын әскери оркестр, ішекті-ыспалы аспаптар оркестрі, джаз оркестрі, эстрадалық оркестр, симфониялық оркестр, т.б.
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады
1. Сен қалай ойлайсың, аспаптардың дыбыс бояуы неге байланысты өзгерді? 2. халық күйі «Ақсақ құлан» тыңдау. Күй мазмұнынан не түсіндің? Өз ойыңды жеткіз.
3. Қандай музыкалық аспаптардың дауысын естідің? Ж: домбыра
4. Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
Кестені толықтырып жаз
Оркестр құрамының тобы
Ондағы аспаптар
Домбыра тобы
Д-прима,д-альт,д-бас,д-контрабас
Қобыз тобы
Қ-прима, қ-альт, қ-бас, қ-контрабас
Үрмелі аспаптар тобы
Флейта, гобой, сыбызғы
Ұрмалы аспаптар тобы
Литавра, барабан, үшбұрыш
Сырнай тобы
баян
:
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек).
Сөзжұмбақты дұрыс тапқанда «ОРКЕСТР» сөзі шығады. б
ы
з
қ о
1.
р
а
ы
б
м
о
д
2.
3.
к
а к
п
р
и
с
3.
л
е
ф
й
т
а
4.
с
ы
б
ы
з
ғ
ы
5.
в
а
т
и
л
а
р
6.
к
т
р
а
б
а
б
а
н
7.
Ысқышпен ойналатын қазақтың ұлттық музыкалық аспабы
Шертіп ойналатын қазақтың ұлттық музыкалық аспабы
Ысқышпен ойналатын Еуропа халықтарының музыкалық аспабы
Орыс халқының үрмелі аспабы
Қазақ халқының қурайдан жасалған үрмелі аспабы
Орыс халқының ұрмалы аспабы
Қазақ халқының ұрмалы аспабы
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
Сен қалай ойлайсың?
Теледидардан «Құрманғазы» атындағы халық аспаптар оркестрінің концертін көргендерің бар ма? Ойынды жалғастыр: ___________________
Эстрадалық – симфониялық музыка(аралас сабақ – 45 минут)
02.02.2016 ж
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1.Джаз музыкасы дегеніміз не?
Ж: Джаз ағылшын сөзі - құрамында үрмелі, ұрмалы, шулы аспаптар және әншісі бар ансамбль немесе оркестр.
Джаз музыкасына қай халықтың музыкасына тән белгілер бар??
Ж: Джаз музыкасындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы – африкалық халықтар музыкасына тән белгілер. .
Джаз музыкасының алғашқы орталығы?
Ж: АҚШ – тың Нью – Орлеан қаласы
Қазақстанда 1969 ж Мемлекеттік радио және теледидар жанынан қандай оркестр құрылды?
Ж: 1969 ж Қазақстанда Эстрадалық – симфониялық джаз оркестрі құрылды . Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз осы Эстрадалық – симфониялық музыкаға арналады.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:
Эстрадалық – симфониялық музыка – эстрадалық – симфониялық оркестрде орындауға арналған музыкалық шығарма. Оған хор, әнші-солистер қатысады. Дегенменаспаптық жағы басым шығармалар да болады. Эстрадалық-симфониялық музыка – жеке аспапқа, жеке дауысқа немесе аспаптар мен оркестрге арналған музыка деп бөлінеді. Симфониялық оркестр – ішекті ыспалы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Симфониялық оркестрдің құрамын дыбыс бояуы әртүрлі 20-дан астам музыка аспаптары – гобой, флейта, кларнет, фагот, валторна, литавра, тромбон, барабан құрайды. Сондай-ақ симфониялық оркестр құрамына арфа, ксилофон мен фортепиано да қосылады.....................
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)
Себебін анықта: Не үшін оркестрде гі аспаптарды түрлендірген?
Ж: Себебі, оркестрдің дыбысталуына жаңаша үндестік беріп, әрленеді.
Ұрмалы аспаптарсыз неге оркестрді елестету мүмкін емес?
Ж: Себебі, ол оркестрге ритм, ырғақ беріп дыбысталуға ерекше сән береді.
Эстрадалық-симфониялық оркестрдің құрамындағы аспаптарды ата.
Ж: Ұрмалы, үрмелі және ішекті ыспалы аспаптар.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)