Сал – серілер керуені
(аралас сабақ – 45 минут) 29.10.2015 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
Сал-сері дегеніміз кімдер?
Ақан сері туралы не білесің?
Біржан сал туралы айтып бер.
Жаяу Мұса туралы ой толғаймыз.
Укілі Ыбырай жайында не білеміз?
Абай Құнанбаевты қандай қырларынан танимыз?
|
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Серілік құрып, ел аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ауыр тұрмысын жеңілдетуге тырысқан, көңілін әнмен жұбатқан өнер иелері халық арасында аз болмады. Халық оларды бар ықылас-ниетімен қарсы алып, ат үстінен кілемге түсіріп, қонар үйіне дейін көтеріп апарып, құрметтеді.
|
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
|
Салдардың сән-салтанаты ерекше болды. Бас киіміне үкі таққан. Ою-өрнекті, алабажақ киім киген. Қасына өнерпаз жігіттерді жинап, топталып жүретін болған.
Серілер киімді таза, қымбат матадан тіккізген. Арғымақ ат мініп, алғыр құс баптап, жүйрік тазы ұстаған.
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
«Музыка» пәні арқылы сен де оларды танып білдің.
Сал – сері атанған, ел құрметіне бөленген композиторларды суретінен танып, ата.
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
|
Шығармалардың авторын дұрыс тап.
«Балқадиша» ...
«Сәулем-ай»
«Маңмаңгер»
«Гәкку»
«Қараңғы түнде тау қалғып»
«Адасқақ»
«ақ сиса»
«Желсіз түнде жарық ай»
|
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )
|
Сахналық қойылым
Өзіңнің актерлік шеберлігіңді көрсет.
1. Ақан сері «Балқадиша»
2. Жаяу Мұса «Ақ сиса»
3. Ақан сері «Маңмаңгер»
4. Абай «Көзімнің қарасы»
|
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
«Ән- жұмбақ»
Өтілген әндердің әуенін тыңдай отырып, ажырат.
Астана
Маңмаңгер
Сәулем-ай
Балқадиша
Мейірбан ұстаздар
Бақытты балалық шақ
Гәкку
Ақ сиса
Желсіз түнде жарық ай
|
|
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
|
|
Директордың
оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Мырзахметов Б.Т.
|
Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі
Халық аспаптар окестрі
(аралас сабақ – 45 минут) 12.11.2015 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
Сал-сері дегеніміз кімдер?
Ақан сері туралы не білесің?
Біржан сал туралы айтып бер.
Жаяу Мұса туралы ой толғаймыз.
Укілі Ыбырай жайында не білеміз?
Абай Құнанбаевты қандай қырларынан танимыз?
|
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Халық аспаптар оркестрін 1933 жылы Алматыда Ахмет Жұбанов ұйымдастырды. Оның құрамында 11 адам болды. Музыкалық аспаптардан тек домбыралар пайдаланылып, халық күйлері мен әндері орындалды. 1934 жылы ансамбль халық өнерпаздарының Бүкілодақтық І байқауына қатысты. Онда «кеңес», «айжан қыз» сияқты халық күйлері мен «Балқурай», «Қарғаш», т. б. Халық әндерін орындады.
|
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
|
1944 жылы оркестрге Құрманғазы есімі берілді. Қазір ол Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі деп аталады. Оркестррепертуары 3 бөлімнен тұрады. 1 – бөлімде халық композиторларының күйлері, 2 – бөлімде ТМД елдері композиторларының шығармалары, 3 – бөлімде қазақ композиторларының оркестрге арнап жазған музыкалық туындылары бар.
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
Оркестрден қандай аспаптардың үнін естідің?
Музыкадан қандай әсер алдың?
«серпін» деген сөзді қалай түсінесің?
Күй ырғағын қандай түстермен бояр едің
Оркестр дегеніміз не?
Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған кім?
Халық аспаптар оркестріне кімнің есімі берілді?
Оркестрдің орналасу тәртібін сызып көрсет.
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
|
Оркестр түрлі музыкалық аспаптардан құралады. Музыкалық халық аспаптарынан құрылған оркестр – халық аспаптар оркестрі деп аталады. Оркестрді дирижер басқарады.
Халық аспаптар оркестрінің орналасу тәртібі:
Дирижер
Қобыз тобы
Ұрмалы аспаптар тобы
Сырнай тобы
Үрмелі аспаптар тобы
Домбыра тобы
|
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )
|
Ұйқастарды қолданып өлең құрастыр.
--------- бірлесіп
--------- шаттана
---------үндесіп
------------мақтана.
Достарменен бірлесіп
Ойнаймыз біз шаттана
Дауысымыз үндесіп
Ән сламыз мақтана
|
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
Біздің оркестр
Музыкасы: Т.Қоңыратбай сөзі: А.Асылбек
Өтпейді әр кеш құр
Ойнаймыз оркестр
Дауылпаз бастайды
Даңғыра қостайды
Там, та-та-там
Бум, бу-бу-бум, бум
Сыбызғы, ысқырық
Қосылар ысқырып
Домбыра, сырнай да
Күй төгер мұндайда
Дың, ды-ғы-дың
Дың, ды-ғы-дың, дың
Еш аспап қалмасын оркестр сарнасын
Бар аймақ кешкісін
Дауысын естісін
Там, та-та-там»
Та-та-та-та-та-там, там.
1. Әндегі бу-бум, та-там, дың, дығы-дың деген буындар нені білдіріп тұр деп ойлайсың?
2. Ән жолдарындағы аспаптардың барлығын бір мезгілде қосып ойнасақ, не болар еді?
Базарбай Жұманиязов «Серпін»
Орындайтын Құрманғазы атындағы оркестр.
|
|
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
|
|
Директордың
оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Мырзахметов Б.Т.
|
Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.
(аралас сабақ – 45 минут) 19.11.2015 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
Оркестр дегеніміз не?
Ж: Оркестр түрлі музыкалық аспаптардан құралады. Музыкалық халық аспаптарынан құрылған оркестр – халық аспаптар оркестрі деп аталады.
Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған кім?
Ж: Халық аспаптар оркестрін 1933 жылы Алматыда Ахмет Жұбанов ұйымдастырды
Халық аспаптар оркестріне кімнің есімі берілді?
Ж: 1944 жылы оркестрге Құрманғазы есімі берілді. Қазір ол Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі деп аталады.
|
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Оркестрде музыка орындау үшін әртүрлі аспаптар керек. Сондықтан Еуропа аспаптарының үлгісімен қазақтың ұлттық аспаптарының да бірнеше түрі жасалды. Жаңадан жасалған домбыраға: домбыра-прима, домбыра-альт, домбыра-бас, домбыра-контрабас деген музыкалық атаулар берілді. Бұлар түр пішіні ұқсас болғанымен, көлемі жағынан әртүрлі. Аспап үлкен болған сайын оның үні де төмен әрі қою болып шығады. Домбыра аспабының перне саны 19-ға дейін жеткізілді. Бұрынғы қой ішегінің орнына нейлон ішектер тағылды.
|
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
|
Домбыра-прима – 3 ішекті шертпелі аспап. Шанағы, бет тақтайы ағаштан, ішектері темірден жасалады.
Домбыра-бас – 3 ішекті шертпелі аспап. Ішегі металдан, аспап тұтастай ағаштан, пернесі сымтемірден жасалады. Үлкен оркестрде төменгі дыбыстар үшін қолданылады.
Домбыра-контрабас – басы және өкшесі, төменгі табалдырықшасы, жоғарғы және төменгі тиекшелері қатты ағаштан, пернесі сымтемірде, ішектері жоғары сапалы болат сымнан жасалады.
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
Қобыз аспабы да өзгеріске ұшырады. Қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-бас, қобыз-контрабас пйда болды. 2 ішекті қобыз енді 4 ішекті болды. Ал қылдың орнына сым ішектер тағылды.
Қылқобыз – ысқышпен ысып ойналатын аспап. Қылқобыз қатты ағаштан жасалады. Ішегі аттың құйрық қылынан болады. 8-9 ғасырда өмірге келді. Нарқобыз – 2 ішекті, ішегі және ысқышы жылқының қылынан дайындалады. Қатты ағаштан тұтастай шауып жалған көне аспап. Бетінің төменгі жағына тері тартылған, жоғары 2 домалақ шұңқырына және бас ағашына темір сылдырмақтар ілінеді, дауысы жуан.
Прима-қобыз – 4 ішекті, ысқышпен ойналатын аспап. Екі тізеге қосып ойнайды. Ішектері темірден, шанағы, мойны, бет тақтайы ағаштан, ішегі жоғары сапалы металл сымнан жасалады.
Ішекті, қазақтың ұлттық аспабы
Қобыз
2-4 ішекті, ыспалы
Домбыра
2-3 ішекті, шертпелі
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
|
Бұл аспаптарда тек халық әндері мен күйлері ғана емес, енді Еуропа елдерінің шығармаларын да еркін ойнай беретін болды. Халық композиторларының – Құрманғазы, Дәулеткерейң Тәттімбет, Дина т.б. күйлері осы оркестрдің орындауында жаңаша бояумен сахнаға шықты.
Жұмбақты шеш
Боз арғымақ, аузы жоқ
Мұрны жоқ – екі құлақ
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ
«Шу» деп, саусақпенен шертіп қалсаң
Шабады жүйрік әуен тулап-тулап
|
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )
|
Домбыра, қылқобыз, прима-қобыз аспаптарында ойналған шығармаларды тыңда:
Динаның күйі «Әсемқоңыр»
Қорқыттың күйі «Ұшардың ұлуы»
Ықыластың күйі «Жезкиік»
Шығармаларды тыңдай отырып, аспаптардың үнін салыстыр.
Танысқан аспаптардан өзің ұнатқан аспаптың суретін сал.
Өз бетіңмен ізденіп, осы аспаптардың үнін тыңдап көр.
|
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
Әгугай, домбыра
Музыкасы: А.Қоразбаев сөзі: Т.Қажыбаев
Әсем әуен, дала кезіп барады
Ару балқып, жігіт төмен қарады
Селт етерлік сезім кетті сел болып
Домбыраның күй төккенде шанағы
Перне қуған, сүйрік саусақ салалы
Кейде желіп, кейде орғып шабады
Сала құлаш шанағынан сыңсыған
Аққу ұшып, қаздар қайтып барады
Тұлпарлардың дүбір қаққан тұяғы
Көкірекке сырлы сарын құяды
Сыңғырлаған сан мың әуен, япырау
Шанағына қалай ғана сыяды
Әнді суретке қарап айт
Ән суретінің жалғасын өзің сал да, орында
Қалай ойлайсың, аспаптардың дыбыс бояуы неге байланысты өзгерді? Өз ойыңды жеткіз.
|
|
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |