Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, №93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар



бет10/11
Дата08.06.2018
өлшемі267,85 Kb.
#41752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Оркестр құрамындағы аспаптар (аралас сабақ – 45 минут) 26.11.2015 ж..

(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Оркестр дегеніміз не?

Ж: Оркестр түрлі музыкалық аспаптардан тұрады.

  1. Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған кім?

Ж: Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған Ахмет Жұбанов .

  1. Ол қай жылы, қай қалада құрылды, кімнің есімі берілді?

Ж: 1933 ж. Алматыда, Құрманғазының есімі берілді

  1. Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесің?

Ж: Домбыра, қобыз, сазсырнай, сыбызғы, шертер, жетіген т.б.

Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз осы Оркестр құрамындағы аспаптарға арналады.



ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:

Оркестр құрамын үрлемелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес.

Сондықтан оркестр құрамы басқа да аспаптармен толықтырылды.

Қазақтың көне үрмелі сыбызғы аспабы, Еуропаның флейта және гобой аспабымен,

сырнай аспабы кейіннен орыстың баян аспабымен, ең көне ұрмалы дауылпаз аспабы Еуропаның литавра аспабымен ауыстырылды.Қазіргі уақытта оркестр құрамы негізгі бес топтан тұрады.1.Домбыра тобы: домбыра-прима, домбыра-альт, домбыра-бас, домбыра-контрабас. 2. Қобыз тобы: қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-бас, қобыз-контрабас.

3.Үрмелі аспаптар тобы: флейта, гобой. 4.Ұрмалы аспаптар тобы: литавра, барабан, үшбұрыш. 5.Сырнай тобы: баян



:.....Оркестр құрамындағы жетілдірілген бұл аспаптар тобы орындалған шығармаларға жаңаша үн беріп, дыбысы жағынан бірін – бірі толықтырып отырады......................................

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)

Себебін анықта:

  1. Не үшін оркестрде гі аспаптарды түрлендірген?

Ж: Себебі, оркестрдің дыбысталуына жаңаша үндестік беріп, әрленеді.

  1. Ұрмалы аспаптарсыз неге оркестрді елестету мүмкін емес?

Ж: Себебі, ол оркестрге ритм, ырғақ беріп дыбысталуға ерекше сән береді.

  1. Домбыра мен қобыз аспаптарын неге түрлендірген?

Ж: Себебі, музыка үні жақсы шығуы үшін.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды


1. Венн диаграммасын толықтыр.

Қазақтың көне аспаптары Ұқсастығы Еуропа халқының аспаптары


Тақырыптың басты идеясы неде? Екі халықтың аспаптарына ортақ қасиет: оркестр құрамында бар және ойнау тәсілдері ұқсас, олар – үрмелі, ұрмалы, шертпелі. Айырмашылығы: аспаптың жасалу жолдары мен атаулары, түрлері мен дыбысталуы. Жалғастыр:........

...................................................................................






Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)













Оркестрдің орналасу тәртібін сызып көрсет. Дирижер деген кім?
Үрмелі аспаптар тобы

Қобыз тобы:




Сырнай тобы




Домбыра тобы

Ж: Оркестрді басқаратын адамды дирижер дейміз.





Дирижер

Халық аспаптар оркестрінің негізгі құрамы және орналасу тәртібі

Ұрмалы аспаптар тобы





Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Біліп ал!:

Оркестрдің түрлері: халық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, жезді үрмелі және ұрмалы аспаптардан тұратын әскери оркестр, ішекті-ыспалы аспаптар оркестрі, джаз оркестрі, эстрадалық оркестр, симфониялық оркестр, т.б.



Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады

1. Сен қалай ойлайсың, аспаптардың дыбыс бояуы неге байланысты өзгерді?

2. халық күйі «Ақсақ құлан» тыңдау.

Күй мазмұнынан не түсіндің? Өз ойыңды жеткіз.

Қандай музыкалық аспаптардың дауысын естідің? Ж: домбыра

Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до

Н.Тлендиевтің «Біз – Отанның ұланымыз» әнін үйренеміз____

1. Туған жердің бөбегіміз

Туған жердің өлеңіміз

Өмірге еркелеп, көңілді өлкеде

Қараймыз келер күнге туған ел!

Отанның ұланы біз жаңа ел

Жолымыз тұр әні нұр қия бел

Өзіңді жырлаймыз, туған ел


  1. .Біз бақыттың түлегіміз

Біз уақыттың жүрегіміз

Гүлдей боп жайнаймыз, бұлбұл боп сайраймыз

Өлкенің бұлағындай ойнаймыз


  1. . Біз – Отанның ұланымыз

Біз – отанның қыранымыз

Өмірге еркелеп, көңілді өлкеде

Қараймыз келер күнге туған ел!_______________________________________

________________________________________________________________________



ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.







Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)


Кестені толықтырып жаз

Оркестр құрамының тобы

Ондағы аспаптар

Домбыра тобы

Д-прима,д-альт,д-бас,д-контрабас

Қобыз тобы

Қ-прима, қ-альт, қ-бас, қ-контрабас

Үрмелі аспаптар тобы

Флейта, гобой, сыбызғы

Ұрмалы аспаптар тобы

Литавра, барабан, үшбұрыш

Сырнай тобы

баян

Жұмбақты шеш.

Қара табақ айналады

Күй тартады

Ән салады

Думандатып айналаны







ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы:

«Жинақтау»

(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды

жүйеле, анықтама бер,

кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек).

Сөзжұмбақты дұрыс тапқанда «ОРКЕСТР» сөзі шығады.


б

ы

з

қ

о

1.


р

а

ы

б


м

о

д

2.

3.


к

а

к

п

р

и

с

3.


й

т

а

ф

л

е

4.


ы

з

ғ

ы


б

ы

с

5.


в

а



и

л

а

р

т

6.


к



а

б

а

б

а

н

т

р

7.


  1. Ысқышпен ойналатын қазақтың ұлттық музыкалық аспабы

  2. Шертіп ойналатын қазақтың ұлттық музыкалық аспабы

  3. Ысқышпен ойналатын Еуропа халықтарының музыкалық аспабы

  4. Орыс халқының үрмелі аспабы

  5. Қазақ халқының қурайдан жасалған үрмелі аспабы

  6. Орыс халқының ұрмалы аспабы

  7. Қазақ халқының ұрмалы аспабы

Практикасы

«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Сен қалай ойлайсың?

Теледидардан «Құрманғазы» атындағы халық аспаптар оркестрінің концертін көргендерің бар ма? Ойынды жалғастыр: ___________________

____________________________________________________________________________

Өзің ұнатқан музыкалық аспаптың суретін салып кел

Әннің сөзін жатта._________________________________________

____________________________________________________________________________




Оркестрдегі дирижердің міндеті (аралас сабақ – 45 минут) 3.12.2015 ж..

(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Оркестдің түрлерін ата.

Ж: халық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, жезді үрмелі және ұрмалы аспаптардан тұратын әскери оркестр, ішекті-ыспалы аспаптар оркестрі, джаз оркестрі, эстрадалық оркестр, симфониялық оркестр, т.б.

  1. Оркестрдің құрамындағы аспаптар тобын ата.

Ж: домбыра тобы, қобыз тобы, үрмелі аспаптар тобы, ұрмалы аспаптар тобы, сырнай тобы.

  1. Оркестрді басқаратын адамды кім дейміз?

Ж: оркестрді басқаратын адамды – дирижер дейміз.

Ендеше, бүгінгі сабағымызда дирижердің міндетімен танысамыз.



ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:

Біз оркестр құрамына кіретін көптеген аспаптармен таныстық. Осы аспаптардың басын қосып, бір адамдай орындату – дирижердің міндеті. Бір ғана таяқшаның көмегімен бүкіл оркестрді өзіне бағындырған дирижердің атқаратын міндеті былайғы жұртқа жұмбақ десек те болады. Дегенмен таяқшаны сермеп, қол сілтеудің де өзіндік қыры мен сыры бар. Оркестр – ұжым болса, дирижер – оның басшысы. Мәселен, алдында отырған домбырашыларды, ортадағы қобызшыларды, жоғарыда жайғасқан хорды, жанындағы әншіні – дирижер бәрін үйлестіріп, өзіне бағындыра білуі тиіс. Дирижер музыкалық сауаты өте жоғары әрі білімді болуы керек. Нота дегеніміз – тұрған бір жансыз таңба ғана. Ал дирижердің міндеті – осы ноталарға, яғни музыкалық шығармаға жан бітіріп, көркемдеп, окестрмен үндестіріп, тыңдарманның жүрегіне жеткізу.



Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)

Себебін анықта:

  1. Не үшін оркестрге дирижер керек?

Ж: Себебі, оркестрдің бірдей үндесуіне дирижер өте керек.

  1. Неліктен дирижер музыкалық сауатты, білімді болуы шарт?

Ж: Себебі, ол әншіні, хорды, оркестрді өзіне бағындырып, музыкаға жан бітіруі керек және оны көркемдеп үндестіріп тыңдарманның жүрегіне жеткізуі керек.

  1. Таяқша дирижерға не үшін керек?

Ж: Себебі, ритмін көрсету үшін және әр аспаптың қосылатын жерін көрсету үшін.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды



1. Венн диаграммасын толықтыр.

ХҮІІІ ғасыр ХІХ ғасыр


Тақырыптың басты идеясы неде? Әр ғасырда дирижердің әр түрлі дирижерлауы көрсетілген. Жалғастыр:........

...................................................................................






Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)













Оркестрдің орналасу тәртібін сызып көрсет. Дирижер деген кім?
Үрмелі аспаптар тобы

Қобыз тобы:




Сырнай тобы




Домбыра тобы

Ж: Оркестрді басқаратын адамды дирижер дейміз.





Дирижер

Халық аспаптар оркестрінің негізгі құрамы және орналасу тәртібі

Ұрмалы аспаптар тобы





Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Біліп ал!:

Дирижер – француз сөзі, қазақ тілінде «басқару, бағыт беру» деген мағынаны білдіреді.

Жұмбақты шеше:

Таяқшамен жіңішке сермеп қалса

Сахна толған оркестр әнге басар

Сиқыршы да емес ол, емес жонглер

Ендеше кім, білсең айт, ол - дирижер


Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады

1. Сен қалай ойлайсың, дирижердің қабілеті қандай болуы керек?

Халық аспаптар оркестрінің орындауындағы шығармадан үзінді.

Симфониялық оркестрдің орындауындағы шығармадан үзінді.

Тыңдаған шығармалардағы аспаптардың үндерін ажырат. Өз ойыңды жеткіз.

Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до

Н.Тлендиевтің «Біз – Отанның ұланымыз» әнін үйренеміз____

1. Туған жердің бөбегіміз

Туған жердің өлеңіміз

Өмірге еркелеп, көңілді өлкеде

Қараймыз келер күнге туған ел!

Отанның ұланы біз жаңа ел

Жолымыз тұр әні нұр қия бел

Өзіңді жырлаймыз, туған ел


  1. .Біз бақыттың түлегіміз

Біз уақыттың жүрегіміз

Гүлдей боп жайнаймыз, бұлбұл боп сайраймыз

Өлкенің бұлағындай ойнаймыз


  1. . Біз – Отанның ұланымыз

Біз – отанның қыранымыз

Өмірге еркелеп, көңілді өлкеде

Қараймыз келер күнге туған ел_______________________________________________________


ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Қазақтың көне музыкалық аспаптарының жиналуы

(аралас сабақ – 45 минут) 10.12.2015 ж..3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Оркестдің түрлерін ата.

Ж: халық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, жезді үрмелі және ұрмалы аспаптардан тұратын әскери оркестр, ішекті-ыспалы аспаптар оркестрі, джаз оркестрі, эстрадалық оркестр, симфониялық оркестр, т.б.

2. Оркестрді басқарушыны кім деп атайды?

Ж: оркестрді басқарушыны – дирижер деп атайды.

3.Дирижердің қабілеті қандай болуы керек?

Ж: Дирижер музыкалық сауаты өте жоғары әрі білімді болуы керек

Ендеше, бүгінгі сабағымызда көне аспаптарды жинаушы Б.Сарыбаевпен танысамыз.



ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:

Сарыбаев Болат Шамғалиұлы (1927-1984) – көрнекті ғалым, музыка зерттушісі, қазақтың көне ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, ұстаз. Болаттың өнер жолын таңдауына ықпал еткен Құрманғазының шәкірті, ұлы домбырашы Дина Нүрпейісова еді. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде біраз уақыт Сарыбаевтар үйінде тұрады. Болаттың музыкалық қабілетін байқаған Дина Нүрпейісова: «Болатжан балам, мына домбыраны сақтап, ойнап үйрен», - деп өзінің домбырасын сыйға тартады. Содан бастап Болаттың серігі домбыра мен музыка болды. 1950 жылы қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.



Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)

Себебін анықта:

  1. Не үшін Дина Болатқа домбырасын сыйға берді?

Ж: Себебі, Болаттың музыкалық қабілетін байқады.

  1. Неліктен Болат өнер жолын таңдады?

Ж: Себебі, Болаттың өнер жолын таңдауына ықпал еткен Құрманғазының шәкірті, ұлы домбырашы Дина Нүрпейісова болды.

  1. Болат Сарыбаев кім?

Ж: Сарыбаев Болат Шамғалиұлы (1927-1984) – көрнекті ғалым, музыка зерттушісі, қазақтың көне ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, ұстаз

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды


Көп жылдар бойы қазақ халқында тек домбыра мен қобыз аспабы ғана болған деп есептеліп келді. Ал Болат Шамғалиұлы жиырмадан аса қазақтың көне музыкалық аспаптарын тапты. Б.Сарыбаев 250-ден астам музыка аспаптарын жинап, оларды өзінің үйінде сақтады.Ол 1968 жылы ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырған.


Шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, шертер, жетіген, дабыл, даңғыра, дауылпаз т.б.

Мақал – мәтел :

Орағың өткір болса

Қарың талмайды

Отаның берік болса

Жауың алмайды

Ел ағасыз болмас

Су сағасыз болмас

Отан қадіріне жетпеген



Өз қадіріне жетпес

Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)













Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр





Ш

Е

Р

Т

Е

Р










С

А

З

С

Ы

Р

Н

А

Й




Д

А

Ң

Ғ

Ы

Р

А




Т

А

С

Т

А

У

Ы

Қ




О



















С

Ы

Б

Ы

З

Ғ

Ы







Д

А

Б

Ы

Л

Д

А

У

Ы

Л

П

А

З




  1. Қазақтың үш ішекті шертпелі аспабы

  2. Саздан жасалған үрлемелі аспап

  3. Ұрмалы аспап

  4. Үрлемелі аспап

  5. Ұзын түтікті үрмелі аспап, қамыстан жасалған

  6. Ұрмалы аспап, хабаршы

  7. Ұрмалы аспап




Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Халық күйі «Бозінген»

Орындайтын «Мұрагер» фольклорлық ансамблі.



  1. Ансамбль неге фольклорлық деп аталады?

  2. Күйді тыңдай отырып, көне аспаптарды ата.

  3. Күйде естілген аспап үндерін қандай түспен бояр едің?

  4. Ансамбль қалай аталады?

  5. Жетекшісі кім?

  6. Ансамбль құрамында қандай аспаптар бар?

  7. Ансамбльдің репертуарларында қандай шығармалар бар?

Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугебағытталып қойылады

1. Сен қалай ойлайсың, фольклорлық ансамбльде қандай аспаптар болады?

. Өз ойыңды жеткіз.

Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до

Н.Алғашбаев «Егемен ел - Қазақстан» әнін үйренеміз____

1. Ата-бабам арман еткен

Егеменді қазақ жерім

Қуанышың көптен күткен

Құтты болсын, дарқан елім

Сен дегенде, қазақстан

Жүректен от лаулап ұшқан

Гүлдей жайнап, құлпыра бер

Егемен ел – Қазақстан

Бүгін міне, таныды әлем

Қазағымның кім екенін

Мақтанышпен мен өзіңді

Ән етемін, жыр етемін



ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Тексерліді: Б.Мырзахметов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет