Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы
Бақытжан Байқадамов
(аралас сабақ – 45 минут) 16. 04.2015 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
Мұқан Төлебаев кім?
Ж: Мұқан Төлебаев (1913-1960) – қазақтың көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі.
Қандай шығармаларымен таныстың?
Ж: М.Төлебаев скрипка мен фортепианоға, симфониялық оркестр мен хорға арнап шығармалар, ән-романстар жазды. Мысалы, «тос мені, тос», «Кестелі орамал», «Көп жүрдім», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Ой» ән-романстары ерекше.
«Біржан - Сара» операсында пайдаланылған қандай әндермен таныстың?
Ж: Біржан бейнесі - «Айтбай», «Адасқақ»
Сара бейнесі – «Гүлдер-ай», «Шұбар ағаш ой жайлау»
|
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Бақытжан Байқадамов (1917-1977) – композитор,Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы мемлекеттік университетін – 1937 ж., Алматы мемлекеттік консерваториясын – 1954 ж. бітірген. 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952-1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары «Почташы», «Су тасушы қыз», «Домбыра», «Алма ағаштар жайнайды», «Кел, достар», «Теміртау жастарының әні», «Айгөлек», «Бөбегім» атты ойнақы әндері мен «Майра», «Тойбастар», «Он алты қыз» сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді. 1969 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті.
|
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
|
Бақытжан Байқадамов Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті. «Жайлауға», «Біз бейбітшілік үшін», т.б. хорға арналған шығармалар мен көлемді поэмалар жазды.
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
Хорлар: «Майра», «Тойбастар», «Он алты қыз»,«Жайлауға», «Біз бейбітшілік үшін», т.б.
Бақытжан Байқадамов
Әндер: «Су тасушы қыз», «Почташы»,«Бөбегім»«Домбыра, «Алма ағаштар жайнайды», «Кел, достар», «Теміртау жастарының әні»,«Айгөлек»,
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
|
Төрттік нота – жартылық нотаның жартысы. Жартылық нотаға ұқсайды, тек дөңгелектің іші боялады. Төрттік нота 1-еуге саналады.
жартылық нота, саналуы 1-еу, 2-еу.
Бос дөңгелектің оң жағына кішкене таяқша салынады. Ол таяқшаны музыка тілінде штиль дейді. «Си» нотасынан бастап, жоғары ноталарға штиль сол жағынан төменге қарап салынады.
Нота дәптеріне ноталарды салып, оларды сана.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
|
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )
|
Жаңылтпашты жаңылмай қайтала.
Ноталар рет-ретімен
Әндетеді шетінен
Әндетейік шетінен
Әр нотаны ретімен
|
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
Су тасушы қыз
Музыкасы: Б.Байқадамов сөзі: Н. Шакенов
Асыққан су тасушы ей, водовозбын
Талайды жолға тастап, басып оздым
Суға емес, қызға әбден шөлдегендей
Жігітім, неге мұнша мойның создың?
Қ\сы:
Еду, еду қашықтан
Мен водовоз асыққан
Мөлдір су бар, достар, ей!
Мөлдір су бар, достар, ей!
Кому надо поскорей.
Сен қалай ойлайсың, Б.Байқадамовтың шығармашылығында қандай жанр түрлері кездеседі?
Бір шумақ әзіл өлең ұйқастыр.
|
|
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
|
|
Директордың
оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Мырзахметов Б.Т.
|
Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы
Кеңес Дүйсекеев
(аралас сабақ – 45 минут) 23. 04.2015 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
Б.Байқадамов туралы не білдің?
Ж: Бақытжан Байқадамов (1917-1977) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы мемлекеттік университетін – 1937 ж., Алматы мемлекеттік консерваториясын – 1954 ж. бітірген. 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952-1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды
Композитордың шығармаларын ата.
Ж: «Почташы», «Су тасушы қыз», «Домбыра», «Алма ағаштар жайнайды», «Кел, достар», «Теміртау жастарының әні», «Айгөлек», «Бөбегім» атты ойнақы әндері бар.
Хорға арналған қандай шығармалары бар?
Ж: «Майра», «Тойбастар», «Он алты қыз», «Жайлауға», «Біз бейбітшілік үшін» сияқты хорға арналған шығармалары бар.
|
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Дүйсекеев Кеңес (1946) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.Алматы консерваториясын бітірген. К.Дүйсекеев 1974-1976 жылдары «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, кейін «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің музыка жетекшісі болып қызмет атқарған. К.Дүйсекеевтің жетекшілігімен «Тамаша», «Халық –талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде», т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. Композитор – 200-ден астам танымал әндердің авторы.
|
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
|
Музыка тыңдау:
К.Дүйсекеевтің «Домбыра туралы баллада» әні
- бұл әнді кім орындайды?
- әнде не туралы айтылады?
- әннің музыкасы саған қалай әсер етті?
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
Кеңес Дүйсекеев
«Тамаша», «Халық –талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде»,
200-ден астам танымал әндердің авторы
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
|
Сегіздік нота – төрттік нотаның жартысы. Белгіленуі төрттік нотаға ұқсайды, дөңгелектің іші боялады, тек штилінде жалауша болады. Сегіздік нота 1 немесе «еу»-ге саналады.
Дыбыс ұзақтықтары былай бөлінеді:
Ноталарды санаймыз.
1-еу, 2-еу , 3-еу, 4-еу
|
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )
|
Мақал-мәтелді түсініп оқы.
Батыр туса – ел ырысы
Жаңбыр жауса – жер ырысы
Жаңбырменен жер көгереді
Алғыспенен ер көгереді
|
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
Жау-жау, жаңбыр
Музыкасы: К. Дүйсекеев Сөзі: Ш.Сариев
Алатаудың бауырына
Атам, әжем ауылына
Ақша бұлттар, ауа берші
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші
Қ\сы:
Бақыт болып жаушы, жаңбыр
Менің әсем қалама
Бақыт болып жаушы жаңбыр
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама, менің байтақ далама – 2 рет
Алматыдай ақ қалама,
Жасыл желек, жас қалама
Ақша бұлттар ауа, берші
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші
К.Дүйсекеевтің әндерін жинақта.
Табиғат құбылыстары туралы жұмбақ жазып кел.
|
|
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
|
|
Директордың
оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Мырзахметов Б.Т.
|
Халқымыздың мақтанышы – әнші-композиторлар
Бабалар мұрасы
(аралас сабақ – 45 минут) 8. 09.2015 ж. 3 сынып
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
Еліміздің басты рәміздерін ата
Ж: Мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік гимн
Гимннің авторларын ата
Ж: сөзі: Ж.Нәжімеденов және Н.Назарбаев, әні: Ш.Қалдаяқов
Халық әні мен халық күйлері деген не?
Ж: Ғасырдан ғасырға халық арасына кең таралған әндер мен күйлер
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Бабалар мұрасы»
|
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Музыка – адамның өмірлік серігі, рухани азығы, өзінің көркемділігімен адам жанын баурап алып, жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізетін өнер. Халық әндері мен күйлері – бабалардан қалған өшпес мұра. Ғасырлар бойы ата-бабамыз өз өміріндегі ұмытылмайтын сәттерді, туған жердің сұлу табиғатын, жануарлар мен құстардың қасиеттерін әсем сазды ән-күймен жеткізе білген. Халық арасында ән-жырды әсерлі айтып, күйді шебер тартқан, өз жанынан түрлі ән-жыр шығаратын өнерлі адамдар көп болған.
|
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
|
Неліктен халық өнерлі адамдарды «сал-сері» деп атаған?
Себебі, олардың бойына барлық өнердің түрі дарыған өнерпаздар.
Не үшін халық оларды қадірлейді?
Себебі, сал-серілер қарапайым халықтың рухын көтереді.
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
|
Сал - серілер
Ақын-жыраулар:
Ақан Сері, Біржан сал,
Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса
Күйші-композиторлар: Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей т.б.
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
|
Сазгер
Әнші Ақын
Күйші Сал-сері Жыршы
Аңшы Палуан
Кербез
|
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )
|
Мақал-мәтелді түсініп оқы.
Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы
Отан үшін күрес – Ерге тиген үлес
Сал-серілердің бойында қандай қасиеттер болады?
Ел рухын көтеретін қандай әндерді білесің?
Мемлекеттік Гимн қай кезде ойналады?
Мемлекеттік Гимнді қалай орындау керек?
|
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
Астана
Музыкасы: Б.Әлімжан Сөзі: Б.Жақып
Сарыарқаның самалы, «Бәйтерегім» жанады
Абылайдың айбыны – қазағымның қамалы.
Үкілеген қазақ жері, бой көтерген жас қала
Әйгілеген қазақ елін, жарқырай бер, Астана!
Есіледі Есілің, әлемге ашқан есігін
Шығар төрім – Астанам, тәуелсіздік – бесігім
Үкілеген қазақ жері, бой көтерген жас қала
Әйгілеген қазақ елін, жарқырай бер, Астана!
Кеше жатқан тың дала, бүгін гүлзар гүл қала
Жанарымда жанасың, нұрлы қала, нұр қала
Үкілеген қазақ жері, бой көтерген жас қала
Әйгілеген қазақ елін, жарқырай бер, Астана!
Өз Отаныңды қалай мақтан етер едің, ойыңды жаз.
|
|
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
|
|
Директордың
оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Мырзахметов Б.Т.
|
Достарыңызбен бөлісу: |