Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, №93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар



бет6/11
Дата08.06.2018
өлшемі267,85 Kb.
#41752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Ақан сері

(аралас сабақ – 45 минут) 8 – 10.09.2015 ж. 3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Сал-серілердің бойында қандай қасиеттер болады?

Ж: Бір өзінің бойында бірнеше қасиет, бірнеше өнер болады.

  1. Ел рухын көтеретін қандай әндерді білесің?

Ж: Ел рухын көтеретін патриоттық, туған ел, Отанға арналған әндер

  1. Мемлекеттік Гимн қай кезде ойналады?

Ж: Тек салтанатты жиындарда, спорттық жарыстарда ойналады

Мемлекеттік Гимнді қалай орындау керек?

Ж: Оң қолды жүрек тұсына қойып, салтанатты, жігерлі, шаттана орындау керек





ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843 - 1913) – белгілі әнші, композитор, ақын. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Оның сымбат-көркіне, сырлы әні мен өткір сөзіне, жүрген жерін думанға айналдыратын өнеріне сүйсінген халық сері атандырды. Көрнекті өнер иесінің сұлу сазды әндерін халқы сүйіп тыңдайды.

Теориясы:_«Түсіну»___(_неге_неліктен_себебі_не_үшін'>Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

Неліктен халық Ақжігітті «Ақан-сері» деп атаған?

Себебі, Ақан өз маңына өнерлі жастарды жинап, барша сән-салтанатымен серілік, салдық ғұмыр кешкен. Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен.




Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,




2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды














Салыстыр

Халық композиторы:

Нота танымайды, музыка сауаты жоқ, бірақ музыка жазады



Кәсіби композитор:

Нота таниды, музыкалық сауаты бар, музыка жазады





Теориясы:







«Жинақтау»

(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)

Кербез сұлу Көкшетау Құлагер


Қараторғай Маңмаңгер


Алай көк Ақан сері Тер қатқан


Көкжендет Балқадиша


Екі торы ат Сырымбет



Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Мақал-мәтелді түсініп оқы.

Атың жақсы болса, ер жігіттің пырағы

Ер қанаты - ат

Ақан серінің әні «Маңмаңгер»

Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда

Байлаған сені сылап қалқатай да

Желесің желмаядай, жануарым

Көрейін қызығыңды осындайда



  1. Ән мазмұнын қалай түсіндің?

  2. Әннің әуенінен қандай әсер алдың?

Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Астана

Музыкасы: Б.Әлімжан Сөзі: Б.Жақып



  1. Сарыарқаның самалы, «Бәйтерегім» жанады

Абылайдың айбыны – қазағымның қамалы.

Үкілеген қазақ жері, бой көтерген жас қала

Әйгілеген қазақ елін, жарқырай бер, Астана!


  1. Есіледі Есілің, әлемге ашқан есігін

Шығар төрім – Астанам, тәуелсіздік – бесігім

Үкілеген қазақ жері, бой көтерген жас қала

Әйгілеген қазақ елін, жарқырай бер, Астана!


  1. Кеше жатқан тың дала, бүгін гүлзар гүл қала

Жанарымда жанасың, нұрлы қала, нұр қала

Үкілеген қазақ жері, бой көтерген жас қала

Әйгілеген қазақ елін, жарқырай бер, Астана!


  • Қазақтың жылқы малына байланысты атауларын үйдегі үлкендердің көмегімен біліп, дәптеріңе жазып кел..




ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.




Директордың

оқу ісі жөніндегі

орынбасары: Мырзахметов Б.Т.




Ақанның әні -«Балқадиша»

(аралас сабақ – 45 минут) 15 – 17.09.2015 ж. 3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Ақан сері кім?

Ж: Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843 - 1913) – белгілі әнші, композитор, ақын.

  1. Ақанның шын аты кім?

Ж: Ақанның шын аты – Ақжігіт

Ендеше Ақанның «Балқадиша» әніне тоқталайық






ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Ақан серінің «Балқадиша» әні – халқымыз сүйіп тыңдайтын танымал ән. Оның шығу тарихы туралы ел аузында мынадай әңгіме бар. Ақанның сал-серілік құрып, ауылдарды аралап жүрген кезі. Бір күні Ақан сері сол кездегі Ыбырай деген аты баршаға мәлім, сыйлы кісінің ауылындағы шілдехана тойының үстінен түседі. Танымал серіге ауыл тұрғындары ілтипат білдіріп, қошемет көрсетеді. Төрде отырған Ақанның жанына: «Сері ағамның жанына отырайыншы», - деп келіп, Ыбырайдың қызы Балқадиша жайғасады. Мұны естіген Ақан жібек мінезді бойжеткенге риза болады. Отырыс барысында әндер орындалып, зерделі әңгімелер айтылады. Балқадишаның Ақан серінің жанына отырғанын ағалары жақтырмайды. Екі жеңгесін кезек-кезек жіберіп, қызды алып шығуын тапсырады. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан сері қолына домбырасын алып, қағып жіберіп, әнге басады. Бұл орындағаны жаңа ән «Балқадиша» еді. Әдемі ән ел арасына тез тарап ктеді.

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

Неліктен халық Ақжігітті «Ақан-сері» деп атаған?

Себебі, Ақан өз маңына өнерлі жастарды жинап, барша сән-салтанатымен серілік, салдық ғұмыр кешкен. Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен.




Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,




2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды













Әндерді салыстыр. Мазмұны жағынан қандай ұқсастық байқадың? Есіңе түсір. «Сәулем-ай» неліктен халық әні аталған?
Қазақтың халық әні «Сәулем-ай»

Ақан серінің әні «Балқадиша»

Салыстыр


Теориясы:







«Жинақтау»

(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)

Кербез сұлу Көкшетау Құлагер


Қараторғай Маңмаңгер


Алай көк Ақан сері Тер қатқан


Көкжендет Балқадиша


Екі торы ат Сырымбет

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Мақал-мәтелді түсініп оқы.

Қыз өссе, елдің көркі

Гүл өссе, жердің көркі
Ақан серінің әні «Балқадиша»


  1. Ән саған несімен ұнады?

  2. Ән мазмұнынан нені ұғуға болады?

Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Сәулем-ай

Қазақтың халық әні



  1. Аяғыма кигенім былғары етік, сәулем-ай

Табанымнан барады ызғар өтіп, сәулем-ай

Жақсы болсаң келерсің судан өтіп, сәулем-ай

Жаман болсаң кетерсің суға батып, сәулем-ай

Сәулем, сәулем, сәулемсің

Басымдағы дәуренсің

Жақсы болсаң, сәулемсің

Жаман болсаң, әуремсің


  1. Ай болмаса әуеде адасады, сәулем-ай

Көтермесе көңілді кір басады, сәулем-ай

Жақсылардың кеудесі алтын сандық, сәулем-ай

Кілт болмаса сандықты кім ашады, сәулем-ай


  • «Сәулем-ай» әнін жаттап кел.




ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.




Директордың

оқу ісі жөніндегі

орынбасары: Мырзахметов Б.Т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет