Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, №93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар



бет8/11
Дата08.06.2018
өлшемі267,85 Kb.
#41752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ыбырай Сандыбайұлы

(аралас сабақ – 45 минут) 08.10.2015 ж. 3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Біржан сал «Теміртас» әнін кімге арнады?

Ж: Біржан сал Теміртас деген баласына арнады..

  1. Біржанды неге «жынданды» дейді?

Ж: Ру арасында тартыс, көре алмаушылықтың салдары оның отбасына да әсер етті.

Біржан сал туралы түсірілген киноны көрдің бе? Әңгімеле.






ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Ыбырай Сандыбайұлы (1860-1930) – халық композиторы, әнші, ақын. Көкшетау жерінде дүниеге келген. Баскиіміне үкі тағып, жасынан серілік жолға түскен жігіт кейін Үкілі Ыбырай атанады. Ыбырайға ақындық сегіз жасында қоныпты деген аңыз бар. Бұл аңыз бойынша, ыбырай сол кезде түс көреді. Түсінде ауылы шалқар көлдің жағасында екен. Ыбырай сол жағажа асық ойнап жүрсе, көлдің арғы жақ қабағынан біреудің айғай салған дауысы шығады. Жалт қараса, қолына домбыра ұстаған ақ сақалды шал. Ол Ыбырайға: «Шырағым, мынаны саған сыйладым!» - деп домбырасын лақтырып жібергенде Ыбырай қағып алыпты. Қолына домбыра тиген Ыбырай шошып оянып, әндете, өлеңдете түрегеледі.

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)



  1. Неге Ыбырай әннің атын «Гәкку» деп атады?

Себебі, ел қыдырған серілік шақта Кәкима атты қызды ұнатып, оны аққуға теңеп, Кәкимаға арналған ән екенін жасырып, Гәкку деп атайды.

2.Не себепті Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің ариясына «Гәкку» әнін алды

Себебі, ғашықтардың сезімін білдіретін бұл ария, Жібектің бейнесін ашады және бүкіл операның негізгі әуенін құрайды.


  1. Не себепті оны үкілі Ыбырай деп атайды?

Ж: Баскиіміне үкі тағып, жасынан серілік жолға түскен жігіт кейін Үкілі Ыбырай атанады

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,




2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
















Салыстыр: қандай ерекшеліктерін байқадың?
Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку»

Опера орындауында

Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку»

Эстрада орындауында


Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку»

Жеке орындауында



Теориясы:







«Жинақтау»

(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)

Шалқыма
Көкше Үкілі Ыбырай Арарай


Желдірме



Мақал-мәтел жаттайық.

Жеті жұрттың тілін біл Тұлпар дүлдүлдігімен

Жеті түрлі ілім біл Адам білгірлігімен


Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Гәкку

Үкілі Ыбырай

Аралап талай жердің дәмін таттым

Құс салып айдын көлде дабыл қақтым

Айта алмай Гәккуімді ешбір адам

Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым

Гәкку, Гәкку

«Гәкку» әні өмірге қалай келген?


Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Ән орындайық! Дауыс жаттығуын жасау

Бақытты балалық шақ

Муз: Ә.Еспаев сөзі: Ж.Тұрбеков

Жарастықпен жайнатып өмір көркін

Гүл бақшада жайраңдап өскен еркін

Шат-көңілді бақытты ел ұланымыз

Келешекте ұлы істі меңгеретін

Отанымыз әлпештеп анадайын

Құшақтайды аялап сағат сайын

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң

Не керектің біз үшін бәрі дайын

Білім шыңын өрлейміз басып алға

Қиындық жоқ бөгеліс жолымызда

Салтанатпен сап түзеп ән шырқаймыз

Көк туымыз желбіреп қолымызда

«Бақытты балалық шақ» әнін жаттап кел.

Біржан салдың «Теміртас» әнін тыңдау



  • 1. Үкілі Ыбырай туралы әңгімеле.

  • Әннің көңіл-күйін қандай бояумен білдірер едің?.




ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.




Директордың

оқу ісі жөніндегі

орынбасары: Мырзахметов Б.Т.




Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса»

(аралас сабақ – 45 минут) 15.10.2015 ж. 3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)


Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

1. Ыбырай Сандыбайұлы кім?

Ж: Ыбырай Сандыбайұлы (1860-1930) – халық композиторы, әнші, ақын.

2.Ыбырайды неге Үкілі Ыбырай дейді?

Ж: Баскиіміне үкі тағып, жасынан серілік жолға түскен жігіт кейін Үкілі Ыбырай атанады



  1. Ыбырай сандыбайұлының «Гәкку» әні кімге арналған?.

Ж: Ел қыдырған серілік шақта Кәкима атты қызды ұнатып, оны аққуға теңеп, Кәкимаға арналған ән екенін жасырып, Гәкку деп атайды.





ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) – әйгілі әнші-сазгер, ақын. Туған жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы. Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Кейін Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)



  1. Мұса Байжанұлы не себепті «Жаяу Мұса» атанады?

Ж: себебі, сол кезде Баянауылда Шорман деген кісінің де Мұса деген баласы болған, сонда Мұстафа: «Бір елде екі Мұса жүрмейді, сенің атың жаяу Мұса болсын», - деп атын тартып алады.

  1. Неліктен ел ішіндегі ақсүйек, шонжарларға Мұса ұнамады?

Ж: себебі, «жаман Байжанның Мұсасының» мұсылманша да, орысша да сауаттылығы, еркінсіп, бұлғақтап жүргені ұнамады.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,




2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
















Салыстыр: қандай ерекшеліктерін байқадың?
Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку»


Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса»


Үкілі Ыбырайдың «Гәку» әні мен Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әндерін салыстыр. Қандай айырмашылықтарын атай аласың?



Теориясы:







«Жинақтау»

(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)

Ақ сиса Бозторғай


Толғау Жаяу Мұса Хаулау


Арап ұрыға Сүйіндік



Мақал-мәтел жаттайық.

Жеті жұрттың тілін біл Тұлпар дүлдүлдігімен

Жеті түрлі ілім біл Адам білгірлігімен


Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

  1. Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әні не туралы

  2. Халық арасынан шыққан әнші-ақын, сал-серілер нені армандаған, нені аңсаған?

  3. Сал-серілер деп қандай адамдарды атаған?

  4. Күйші, әншілермен немесе халық композиторларымен салыстырғанда сал-серілердің айырмашылығы неден байқалады?

  5. Сал-серілерге еліктей отырып, өлең құрастыр.

...... асқар тау,

.... бақша-бау

... жырлаймыз

... әдемі-ау



Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Ән орындайық! Дауыс жаттығуын жасау

Ақ сиса Жаяу Мұса

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса

Шорманның Мұстафасы атымды алып

Атандым сол себепті Жаяу Мұса
Дариға, іш күйеді зорлығына

Сенеді мал басының молдығына

Қорқамын тағы дүрсе соға ма деп

Сонда да шыдамаймын қорлығына


Жаныма батқандықтан ашынамын

Мен неге жаяумын деп басыламын

Малым жоқ Шорман айдап алатұғын

Қылығын Мұстафаның паш қыламын


Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса

Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса

Аттыдан жаяу жүріп кек аламын

Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса


Паш қылу – жұртқа жариялау

  • 1. Жаяу Мұса туралы әңгімеле.

  • Әннің көңіл-күйін қандай бояумен білдірер едің?.




ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.




Директордың

оқу ісі жөніндегі

орынбасары: Мырзахметов Б.Т.





  1. Неліктен ел ішіндегі ақсүйек, шонжарларға Мұса ұнамады?

  2. Мұса Байжанұлы не себепті «Жаяу Мұса» атанады?

  3. Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әні не туралы

  4. Жаяу Мұсаның қандай әндерін білесің?

  5. Үкілі Ыбырайдың «Гәку» әні мен Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әндерін салыстыр.

Қандай айырмашылықтарын атай аласың

  1. Халық арасынан шыққан әнші-ақын, сал-серілер нені армандаған, нені аңсаған?

  2. Сал-серілер деп қандай адамдарды атаған?

  3. Күйші, әншілермен немесе халық композиторларымен салыстырғанда сал-серілердің айырмашылығы неден байқалады?

  4. Сал-серілерге еліктей отырып, өлең құрастыр.

...... асқар тау,

.... бақша-бау

... жырлаймыз

... әдемі-ау

Неліктен ел ішіндегі ақсүйек, шонжарларға Мұса ұнамады?


  1. Мұса Байжанұлы не себепті «Жаяу Мұса» атанады?

  2. Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әні не туралы

  3. Жаяу Мұсаның қандай әндерін білесің?

  4. Үкілі Ыбырайдың «Гәку» әні мен Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әндерін салыстыр.

Қандай айырмашылықтарын атай аласың

  1. Халық арасынан шыққан әнші-ақын, сал-серілер нені армандаған, нені аңсаған?

  2. Сал-серілер деп қандай адамдарды атаған?

  3. Күйші, әншілермен немесе халық композиторларымен салыстырғанда сал-серілердің айырмашылығы неден байқалады?

  4. Сал-серілерге еліктей отырып, өлең құрастыр.

...... асқар тау,

.... бақша-бау

... жырлаймыз

... әдемі-ау



  1. Неліктен ел ішіндегі ақсүйек, шонжарларға Мұса ұнамады?

  2. Мұса Байжанұлы не себепті «Жаяу Мұса» атанады?

  3. Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әні не туралы

  4. Жаяу Мұсаның қандай әндерін білесің?

  5. Үкілі Ыбырайдың «Гәку» әні мен Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әндерін салыстыр.

Қандай айырмашылықтарын атай аласың

  1. Халық арасынан шыққан әнші-ақын, сал-серілер нені армандаған, нені аңсаған?

  2. Сал-серілер деп қандай адамдарды атаған?

  3. Күйші, әншілермен немесе халық композиторларымен салыстырғанда сал-серілердің айырмашылығы неден байқалады?

  4. Сал-серілерге еліктей отырып, өлең құрастыр.

...... асқар тау,

.... бақша-бау

... жырлаймыз

... әдемі-ау



Абай салған сырлы әндер

(аралас сабақ – 45 минут) 22.10.2015 ж. 3 сынып



(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)


Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

1 Жаяу Мұса кім?

Ж: Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) – әйгілі әнші-сазгер, ақын.

2. Мұса Байжанұлы не себепті «Жаяу Мұса» атанады?

Ж: Мұстафа: «Бір елде екі Мұса жүрмейді, сенің атың жаяу Мұса болсын», - деп атын тартып алады

3.Неліктен ел ішіндегі ақсүйек, шонжарларға Мұса ұнамады?

Ж: себебі, «жаман Байжанның Мұсасының» мұсылманша да, орысша да сауаттылығы, еркінсіп, бұлғақтап жүргені ұнамады.






ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 - 1904) – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай өзінің кейбір өлеңдеріне ән шығарған. Бізге Абайдың 20 шақты сыршыл, ойлы, тамаша әндері белгілі. Абай әндері – Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса тәрізді халық әнші-композиторларының әндеріне ұқсамайтын өзгеше ән. Абай әндерінің өзгешелігі – әуенінде, ырғағында жаңалық мол, мазмұны ашық.

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

Абай – ақын, композитор әрі орындаушы болды. Шығарған сазды да сырлы әндерін өзінің баяу даусымен халыққа жеткізе білді. Түрі жағынан Абайдың музыкасы сан алуан деуге болады.

Драма , Мысқыл , Трагедия, Әдет-ғұрыптық , Жаратылыс

Суретін бейнелейтін түрлі әуендер бар.



Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,




2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
















Салыстыр: қандай ерекшеліктерін байқадың?

Екі әнді де зейін қойып тыңда. Әннің сөзіне, әуеніне көңіл бөл, мазмұны не туралы екенін аңғар. Ұқсастығы мен ерекшелігін салыстыр


Абайдың әндері-


Көзімнің қарасы

«Көзімнің қарасы»


Желсіз түнде жарық ай

«Ақ сиса»



Теориясы:







«Жинақтау»

(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)

Абайдың әндері:

Татьянаның хаты Көзімнің қарасы

Желсіз түнде жарық ай

Айттым сәлем,

Қаламқас Абай Сегізаяқ

Қараңғы түнде тау қалғып Бойы бұлғаң




Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

Ақын

Философ


Абай

Құнанбаев Ағартушы

Композитор

Орындаушы

Аудармашы

Мына геометриялық фигуралардың орнын ауыстырсаң, Абайдың бір әнінің кейіпкерінің аты шығады:
л

қ

аааа

а



а

с

қ

м



Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Ән орындайық! Дауыс жаттығуын жасау

Желсіз түнде жарық ай Абай

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен гүрілдеп(

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді-өзі

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі


  1. «Желсіз түнде жарық ай» әнінің әуенін байыппен, асықпай, нәзік айтуға тырыс, сөзін анық, түсінікті етіп орында.

  2. Әнде суреттелген жарық ай астындағы әдемі, тынық түннің бейнесін сал




  • 1. Қалай ойлайсың, «Көзімнің қарасы» әні сипаты жағынан қандай әндердің қатарына жатады?

  • Әннің көңіл күйін түрлі түсті бояудың қандай түсімен бояр едің?

  • Әннің әуенінен бойыңа қандай мінезді қалыптастырар едің?




ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.




Директордың

оқу ісі жөніндегі

орынбасары: Мырзахметов Б.Т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет