Мақсаты: 1.Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихына шолу.
2.Балаларды ата-бабаларының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде.
Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу.
3.Рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақтадан «Қазақ елі» слайд, көрме, қазақ хандарының портреттері, 3 бидің қанатты сөздері.
Рольді сомдайтындар: Есен-бұға (Санжар), Уәзір(Мади), Керей(Рамазан), Жәнібек(Асылжан), үлкен Абыз ақсақал(Алиби), Абылайхан(Рамазан), Төле би(Санжар), Қазыбек би(Алихан), Әйтеке би(Мардан)