Пәннің мақсаты мен міндеттері және оқу үрдісінде алатын орны Қазіргі мектепте музыкалық білім беру, музыкалық тәрбие беру баланың шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауының дамуына бағытталған. Болашақ музыка мұғалімін дайындау барысында музыкалық көңіл-күйінің, ой сезімінің, көзқарасының үлкен маңызы бар.
«Музыкалық психология және музыкалық білім беру психологиясы» курсы (пәні) музыкалық - педагогикалық факультет студенттерін ақпараттық жолдармен дамыту емес, психологиялық-эмоциялық күй ерекшелігінің музыкалық іс-әрекеті арқылы дамыту. Музыка сабағын нық, нақтылы да психологиялық, физиологиялық негізінде құруға болады.
Пәннің мақсаты: арнайы музыкалық - психологиялық білімін сезіну, музыка табиғатының ерекшеліктерін табу, білу, сана мен өз сана-сезімі, музыкалық тәжірибе және музыка педагогикасындағы осы тәжірибенің ерекшелігін меңгерту.
Пәннің міндеттері:
музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру;
музыкалық іс-әркетіндегі психологиялық эмоция-жігерлік
тысқары ерекшелігін қарау;
- жасқа бөліну, топтардың музыкалық дамуының
психологиялық ерекшелігі.
«Музыкалық психология және музыкалық білім беру
психологиясы» курсын студенттер әр пәндерде алған білімдері мен дағдыларына және өзіндік жұмысында пайдаланады.
Пәнді меңгеру қорытындысында дәлелдеуі, икемденуі қажет:
- адамның музыка туралы ерекше түсінігі, оны психологиялық
физиологиялық тұрғыда қарастыруы;
- музыкалық сапалылығы, ойлауы мен қарым-қатынасының
ерекшелігі;
- музыкалық іс-әрекетінің психикалық эмоция-жігерін тысқары
ерекшелігін сезу;
балалардың жас ерекшеліктеріне қарай музыканы қабылдау дамуының психологиялық ерекшеліктерін білу.