1.7 Мінез - психологиялық категория. Мінез типологиялары Ертеден мамандардың байқағаны, тек бірыңғай музыканттар ғана эмоционалды қарым-қатынас жағынан өздерін жарқын көрсете білген. Басқаларында кәсіби жетістіктері анықталып, интелектуалдық бастау алады. Ал келесіде өзіне міндеттелген іс-әрекеттер қасиеті еркінен сезіледі. Мінез классификациясы жөнінде ғалымдардың көркемдік-шығармашылық әрекетіндегі түрлері жайында айтады.
Француз ғалымы А.Фулье шығармашылық адамдарды үш түрге бөлген: «сезімтал», «интелектуалды» және «еркін».
Лазурскийдың пікірінше, мінез түрлері адамның қызығушылығы кәсіби әрекетінде, білім мен дағдыларының, көзқарасы мен әлемді сезіну кезіндегі бағытында пайда болады. Осы кезде адамның «психо-әлеуметтік кешені» анық байқалады.
Сондықтан, психологиялық үрдісі (сезімталдық, интелектуалдық, еріктік) тұлғаның сапалы болуы, сапалығының сәулеленуі үрдісі мен жағдайының қалпы бола тұрып, құбылмалы әрекет ету. Осының бәрі адам мінезінің негізі және базалық категориясы.
Өнер адамдарының ойлау түрлерін көрсете отыра, Б.С.Мейлаха келесі көрсеткіштерді анықтайды:
а) «көркем - аналитикалық түрі» (аналитикалық компонентіне сүйену);
ә) «субъекті - экспрессивті түрі» (сезімтал мен эмоционалды болуы аналитикалық тенденцияға қарағанда анық бейнелейді).
б) «рационалды түрі» (еркіндік түрімен ұқсастығы)